«Ақ жарқын – жан анам» ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ жарқын - жан анам»

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Аналар төрден орын алады.

Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі. / музыка сәл ғана естіліп тұрады/
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана» деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ақ жарқын - жан анам» атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.
/музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді/

1 - жүргізуші Алмаз: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.


2 - жүргізуші Аружан: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1 - жүргізуші Алмаз: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

2 - жүргізуші Аружан: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші Алмаз: Иә, дұрыс айтасың Аружан. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын жан ол - анамыз.

1 - жүргізуші Алмаз : Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1 - оқушы: Х.Аружан
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

2 - оқушы Қ.Аружан
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,

Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың


3 - оқушы Бауыржан
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!

4 - оқушы: Данияр
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

5- оқушы: Мұрат
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.


6 - оқушы: Диана
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


7 - оқушы: Анар
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

8 оқушы Даяна

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ
Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпа

2 - жүргізуші Аружан:

Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті биші ұлдарға береміз. Би: Орындайтын ұлдар тобы.

2 - жүргізуші Аружан:Ал, енді қызықты көріністерді тамашалайық.
Көрініс «Дүниеде не қымбат?» (Бекжан мен Анар)

Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.


2 - жүргізуші Аружан:

Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнасақ.

Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/
Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/

Үшінші ойын: шардың ішіндегі сұрақтарға жауап беру

1 - жүргізуші: Алмаз

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы - қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе қыздардың орындауында «Перзент парызы» әні қабыл алыңыздар.

2- Жүргізуші Аружан: Келесі кезекті күйге береміз. "ақ сыйса" күйін орындайдын Алмаз.

1 - жүргізуші Алмаз: флешмоб билейтін 6 сынып оқушылары.

2- Жүргізуші Аружан: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынап тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.












2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
1 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, - деп, ендігі кезекте «Апатайым - анашым» әні, қабыл алыңыздар!

Хор «Апатайым - анашым»
8 - оқушы:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.

2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!







Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

Өлең айтып бере аласыз ба?

Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

Осы мерекеде қызынызға, маманызға қандай сыйлық жасадыңыз?









© 2010-2022