Тәрбие сағат Біздің Елбасы

1-желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1-желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады.1991жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды.Назарбаев 2010жылы 15-маусымнан бастап заңды түрде Елбасы мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығымен еңбекқорлығының арқасында жетті. Ме...
Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Біздің Елбасы.

Тәрбие сағат мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып-өскен жері,өмір жолы,қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру.Елбасының ұстанымын,өмір жолын үлгі етіп,балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге,батылдық,азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтадан слайдттар көрсету,шарлар,кітаптары.

Барысы:

Құрметті оқушылар,ұстаздар! 1-желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні.Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1-желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады.1991жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды.Назарбаев 2010жылы 15-маусымнан бастап заңды түрде Елбасы мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығымен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты,толыққанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат,қабілетімді,білім,білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын...-деген еді Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған бір сөзінде.

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сияқты талантты тұлғаның халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу,оны сезінбеу мүмкін емес.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады « Біздің Елбасы» деп аталады.

1-жүргізуші: Біздің Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі -машақатты да,мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық.

2-жүргізуші: Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін,ынтымақты,тұтастық,бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналылығына мән берген,ар мен намысты биік ұстаған,әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері,тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1-желтоқсан-Президент күніне орай өткізіліп отырған «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жаиялаймын!

1-жүргізуші: Әлем таныған,дарынды тұлға,іскер-саясатшы,Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп,атын шығарады. Ел экономикасын түзеп,болашаққа көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан,Елағамыз,Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-оқушы. Алена.

Н.Ә.Назарбаев 6-шілде 1940жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.Оған ата-анасы Нұрсұлтан деп ат қойды.Әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.Оның аты Нұрсұлтан болсын.Әжесі немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты-құрмет тұтты.

2-оқушы. Арай.

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украйнаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы.Қызғалдақ.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы ,теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

4-оқушы.Данагүл.

1991жылы 1-желтоқсан республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә. Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып өз басшысын сайлады.

2-Жүргізуші:Көркем сөз: « Қазақты көкке көтерген» оқитын: Қызғалдақ

5-оқушы.Нұрберді.

1991жылыдың 16желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет деп жариялады.

1-жүргізуші: Жас қазақ! оқитын: Қымбат

6-оқушы. Ақмоншақ.

Астана ҚР-ның саяси әкімшілік және мәдени орталығы .Елбасы- Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем,жас,көрікті қалаға айналды.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек,айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: Аға жан. Орындайтын Дана.

7-оқушы.Елдос.

2006жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.Егемен елім әнұраны жаңарды,Менің Қазақстаным жер жүзіне таралды.

Әнұран айтылады.

8-оқушы. Ұлмекен.

Нұрсұлтан Назарбаев -экономика ғылымының докторы,Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының,Халықаралық инженерлік академиясының ,Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академисының академигі.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры,Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі,М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.Бұл атақтардың барлығы-Елбасымызды басқа елдерде де еңбегі үшін бағалағаны.<<Жыл адамы>.> деп те аталған.

1-жүргізуші: «Халқының басын құраған» оқитын Ұлмекен

9-оқушы. Әдемі.

Жұбайы -Сара Алпысқызы Назарбаева.1941жылы 12-ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген.Білімімі жоғары мамандығы, инженер- экономист. Президенттің үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

10-оқушы. Жазира .

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!

1-жүргізуші: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өзі міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін,үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді.ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы. (Экранда- слайд) Ұлы достықта. Онда Қ. Р-ның Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшыларымен түскен суреттері орын алған.

2-жүргізуші:Көркем сөз: «Елбасына» оқитын Алена

Ән: «Елім менің» сөзі :Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов.

1-жүргізуші :Мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы көркем фильмді талай рет көрдім.Ол өте қызықты.Сол фильмнен балалық шағы туралы білдім.Киноның режиссері -Рүстем Жарасқанұлы Әбдраш. Әнші-актер Нұржан Әлімжан Нұрсұлтанның жастық шағын сомдайды.

2-жүргізуші :Қазақстан-бақытты ел,Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға елдің тұтқасы.Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

1-жүргізуші: «Түйіндеме» оқитын: Ақмоншақ

2-жүргізуші : Құрметті ұтаздар осымен «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталы көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!



© 2010-2022