Планирование на тему Наурыз шапағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз шапағаты

Жүргізуші: Армысыздар,құрметті барша халық.
Қартқа құрмет сыйлайық, жасқа шабыт
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, келіңдер бас қосалық.

Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, тойлайық Наурыздың шапағатын

Ғылымның ұстаздардай бар қанаты,

Көпшілік деп соғады мархабаты.

Құт әкелсін жыл басы ұлы күнім,

Келді міне «Наурыздың шапағаты»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын насихаттау аясында , Жеңістің 70 жылдығы, мемлекеттігіміздің 550 жылдығы, Халықтар ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында өткізілгелі отырған Х аудандық «Наурыз шапағаты» фестиваліне келіп тұрған «№228 Ш. Бәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркемөнерпаздар коллективінің шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу - маржан шашайық.
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
Халық әні «Балапан қаз» орындайтын Бейсенбаева Гүлизат

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

Би: Қара жорға. Мамішева Жанат

...Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,

Жанымды орай берсе ұлы уайым.

Кеудемде күннің нұры толғандай боп,

Жырлаймын алты алаштың Абылайын.

Жүргізуші: Елінің еңсесін көтерген, қазақ қоғамын дамытқан, талай - талай дастандардың бас кейіпкеріне айналған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы тарихи тұлға.

Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр Түркістанға қашып келіп, Төле бидің қолына келеді.

1-көрініс: Жас баланы жетелеген қарт. Бала 12-13 жаста. Қарт сахна төрінде тізерлеп отырып қалады.

Бала: Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сүйейін.

Қарт: Жоқ, балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама, жүре бер, бірақ тыңдап ал. Сенің атаң - Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған. Әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеунің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап, өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Ал, қош бол.

Бала: Жоқ ата, мен сені тастамаймын! (Қартты көтеріп алып шыгып кетеді).

Жүргізуші: XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазаққа қарсы Еділ бойындағы қалмақтар да ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылдан басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталады.

ІІ көрініс: Төрде Төле би, қасында 1-2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ-сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.

Бала: Асалаумағалейкум, биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би сынай қарап: Қай баласың, аты-жөнің,

Барма еді әке-шешең, аға, інің?

Адам болсаң - хан текті, құста - сұңқар,

Байқасам, келіседі соған түрің.

Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, Төремісің, Қарамысың,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?

Бала: Атым да, жөнім де жоқ бір баламын,

Дәм айдап тентіреген бейшарамын.

Әке-шешем, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.

Төле риза болып: Ендеше, "Сабалақ" болсын сенің атың,

Сөзің пысық, жауабың берген батыл.

Қой жайсын, байқармыз одан әрі,

Сынақтан өтіп жатса мұның затын.

Сабалақтың мойына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.

Төле би: Артынан бақыландар баланың бұл,

Келбеті ақсұңқарға ұқсап ол тұр.

Түбінде сыннан өтіп білінер бұл,

Тұқымы екендігі асыл тектің.

Жүргізуші: Сөйтіп Әбілмансұр Төле бидің қойын, жылқысын бақты, түйешісі болды. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңеді. Осы жеңістен соң "Абылай" аталады.

ІІІ көрініс: Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр.

Әбілмәмбет: Шырағым неге шаптың Абылайлап?

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап,

Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?

Жөнінді бастан аяқ айтшы жайлап.

Сабалақ: Жан аға, қазақ-қалмақ ерегесі,

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай - атам, мен оның немересі.

Шын атым - Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, әкем аты - Уәли хан,

Дариға-ай, кез кеткен соң шығады ойдан.

Әбілмәмбет: Қарағым, анықсың ба Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенің түрінде тұр.

(Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі.)

Әбілмәмбет: Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жаратыпты артық жан ғып.

Мен дағы қартайып ем, еріншектен,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.

(Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.)

Жүргізуші: Тегеуріні темірдей, кірген жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жібергендей кілең әулетті, ержүрек, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқас сала, хан Абылай халқын бірлікке, елдікке шақыра отырып, жаудан қазақ жерін азат етті.

Көрші жатқан Қытаймен жақыңдасып, Ресеймен келісімді сақтау керектігін тапсырған, Абылайға аян беріп отырған әдеттен тыс әруаққа деген сенім қазақ халқында бұрын-сонды болмаған өжеттік дарытты. Ол 1770 жылы қырғыздарды ойсырата жеңді. Абылай хан Ташкентпен және Ходжетпен соғысып, Жизаққа дейін алумен тыңды. Ол ұзын саны 71-ге жететін ұл-қызына Орта жүз, Ұлы жүз руларын тапсырды. Өзі әулет басы ретінде өмір сүру үшін Түркістанда қалады.

ІҮ көрініс: (Төрде басын ұстаған Абылай хан отыр, жанында Бұқар жырау.)

Бұқар жырау: Уа, Абылай, төрт құбылаң сай, 70-ке тарта ұл-қызың бар, еліңді жаудан азат еттің, енді арманың не? Тыншитын кезің болды емес пе?

Абылай хан: Иә, иә, мені тыншытатындай не хал бар енді? Қазақтың арқасын тамға, аузын нанға жеткізгем жоқ. Елімнің бірлігін сақтар тірлікке жеткізбедім. Елімді екі бірдей айдаһардың ортасында қалдырып барамын.

Бұқар жырау: Уа Абылай, хан ием,

Асқар таудай алып ең.

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең,

Өзіңді-өзің танып ең,

Намыс отын жағып ең.

Уа Абылай, хан ием,

Қорғаным ең, бағым ең..., - деп орнынан тұрьш шығып кетеді.

Абылай орнынан тұрып: Уа, халқым, бірлігіңді сақта, жеріңді сақта, елдігіңді сақта, менің айтар өсиетім осы, - деп шығып кетеді.

.

Жүргізуші: Абылай 1781 жылы мамырда 80 жасында дүниеден қайтты. Одан 30 ұлы қалды.

Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз.

Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Ән: Алтай Айыптың сөзіне жазылған Батырхан Махановтың әні: Шиелі вальсі

Жүргізуші: Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын,
Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның.
Ұлын, ерін іздеген жоқтауменен
Тыңдау қиын аналардың зарлы мұңын

Көрініс: Әлияның Сапураға хаты

Жүргізуші: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Би: Катюша

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй - деген.

Ән: Рамазан Таймановтың әні: Қазақ қызы. Маханбетова Гүлназ

Жүргізуші: Достық, достық жасасыншы мәңгілік

Достықты жүрейік тек ән қылып

Татулық пен достық біздің Отанды

Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Би: Достық биі

Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының әні: Көк тудың желбірегені



© 2010-2022