Эссе Менің тәрбиеге көзқарасым

Менің тәрбиеге көзқарасым... Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби Біздің мамандығымыздың өзі —...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің тәрбиеге көзқарасым...

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби

Біздің мамандығымыздың өзі - Алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет ету. Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен отбасынан, сосын мектептен алатыны сөзсіз.

Ендеше, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту - біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті.

Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді - тәрбие беруде халық педагогикасының мән - маңызы күн өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың (наркомания, жезөкшелік, тастанды балалар, қатыгездік т. б.) орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу жолдары ол ұлттық тәрбиеге бет бұру. Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын - ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда "Ақылдыға ерсең адаспайсың" деген тәмсіл бар. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.

Баланы дұрыс тәрбиелеу- тек әке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Бала-біздің болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер, ел ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тәрбиелеу бәріміздің абзал борышымыз. Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді .Тәртіп баланың дұрыс және терісті,өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын т.с.с сана-сезімдерін қуаттандырады.

Қай халықтың баласы болсын оның бір - бірінен айырмашылығы жоқ. Ал баланы ешбір ұлт жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге,

қысқасы барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт - дәстүрлердің, әдет - ғұрыптың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі - өнегелер. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік - адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі - ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол тырысатын алғашқы білім ордасы - мектеп. Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім - адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский: «Оқушыларға жан - жақты тәрбие беру үшін оны жан - жақты зерттеп білу керек»- деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу - тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді. Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім - тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, әдістемелік - шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым - қатынастарын, түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білік - дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби - педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім - тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыра алады.

Мен, сынып жетекші, алдымда отырған жас жеткіншектерден ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуім керек.

Ойымды қорыта келе, Джон Локк ағылшын философының «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе» атты еңбегінде адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскер, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз адамды» тәрбиелеу.



© 2010-2022