Сабақ жоспары қазақ әдебиеті Үздік әдебиетші (5 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нусипова Мадира

Сыныбы: 5-сынып

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті (зияткерлік ойын түріндегі сыныптан тыс сайыс сабақ)

Тақырыбы: Үздік әдебиетші

Мақсаты:

-Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық ізденістерін, ой алғырлығын жетілдіру.

Сабақ түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Көрнекілік: қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

- Сыныптан әдебиетке бейім 6 оқушы іріктелініп алынады;

- Ол оқушылар таныстырылады;

- Оқушыларға сабақ шарты таныстырылады.

1-кезең- Бәйге.

2-кезең- Көкпар.

3-кезең- Тіл-өнер.

4-кезең- 9 жұмбақ.

5-кезең- «Өлең - сөздің патшасы...»

Негізгі бөлім.

1-кезең- Бәйге.

Бәйгеге шауып бүгін мен,

Білімімді көрсетем.

Интерактивті тақтада көрсетілген сұраққа алдындағы тетікті басу арқылы жылдам жауап беру қажет. Бір дұрыс жауап бір ұпай.

Бәйгенің сұрақтары:

1. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? (шамамен 5651)

2. Әдеби тілдің неше формасы бар? (ауызша және жазбаша)

3. Сөздің тура мағынасы деген не? (Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы)

4. Сөздің көп мағыналылығы деген не? (Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы)

5. Омонимдер дегеніміз не? (Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді)

6. Синонимдер дегеніміз не? (Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы)

7. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? (Халықтың ауызша шығарған шығармасы)

8. Тұрмыс-салт жырларын ата. (Бесік жыры, тұсаукесер жыры, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау,т.б.)

9. Әдебиетті «асыл сөз» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

10.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай? (Мақалда ой тиянақты болады. Мақалдың танымдық та, тәрбиелік мәні зор. Мәтелде көбінесе айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады)

11. Ертегінің қандай түрлері бар? (Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер)

12. Аңыз әңгіме дегеніміз не? (Тарихта болған адамдардың айтқан сөздері, істеген игі әрекеттері біреуден- біреуге айтыла-айтыла аңызға айналып кеткен)

2-кезең- Көкпар.

Ұяшықтағы суреттер бойынша мақал- мәтел құрастырып айту.

3-кезең- Тіл-өнер.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл».

Бұл кезеңде мақалдың ішінде бір сөз жасырылады, сол сөзді ағылшын, орыс тілдеріне аудару.

1. Бірлікті ел бұзылмас.

Ел: орысша-страна,

Ағылшынша- country

2. Ашу- дұшпан, ақыл- дос.

Ақыл: орысша-ума,

Ағылшынша- cleverness

3. Хан- қарақшы, халық- сарапшы.

Халық: орысша-народ,

Ағылшынша- people.

4. Татулық- табылмас бақыт.

Бақыт: орысша-счастье,

Ағылшынша- happiness.

5. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Білім: орысша- знание,

Ағылшынша- kholedge.

6. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Сөз: орысша-слова,

Ағылшынша- word.

4-кезең- 9 жұмбақ.

1. Сол жақтағы 30.

Халық ауыз әдебиеті түрлерін ата.

(Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, батырлар жырлары, ғашықтық жырлар, айтыс өлеңдер, аңыз әңгімелер).

2. Ортадағы 30.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмеген момыным деп... Өлеңді ары қарай жалғастыр.

(Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыға баспаған қорқағым деп...).

3. Оң жақтағы 30.

Еңбек туралы мақал- мәтел айт.

(Еңбек түбі-береке.

Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.)

4. Сол жақтағы 40.

«Ер Төстік» ертегісі қандай ертегіге жатады?

(Қиял-ғажайып ертегі)

5. Ортадағы 40.

«Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін ата.

(Жаман, Хан, қырық уәзір, Меңді сұлу,т.б.)

6. Оң жақтағы 40.

«Наурыз батасын» жатқа айт.

7. Сол жақтағы 50.

Төрт түлік иелерін ата.

(Түйе иесі- Ойсылқара, Жылқы иесі- Қамбарата, Сиыр иесі- Зеңгі баба, Қой иесі- Шопаната, Ешкі иесі- Шекшеката).

8. Ортадағы 50.

«Тұсаукесер» жырын айт.

9. Оң жақтағы 50.

«Ақсақ құлан, Жошы хан» әңгімесінің мазмұнын айт.

5-кезең- «Өлең - сөздің патшасы...»

Сөз тіркестерін қатыстырып, екі шумақ өлең құрастыру.

Туған жер, өзен-көл, қымбатсың сен, сүйем сені.

Қорытындылау.

Ұпайы көп оқушы «Үздік әдебиетші» атанады.

Оқушылар, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзің аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.


© 2010-2022