Тақырыбы: «Ата-ананың мектептегі алатын орны» ата-аналар жиналысы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес»арнаулы лицейі» КММ




Тақырыбы: « Ата-ананың мектептегі алатын орны»

8 «Ә» сынып

Сынып кураторы: Д.Е:Камидолданова























Талдықорған қаласы

Мақсаты:

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

1. Ата-ананың атқаратын міндеті

2. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбер, ой қозғау, диалогтік әдіс,

Көрнекілігі: слайд, түрлі түсті шарлар, ситуациялық сұрақтар

Тәрбие сағатының барысы:

Күн тәртібінде:

2014-2015 оқу жылындағы сыныптың жеткен жетістіктерімен таныстыру.

2015-2016 оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру.

2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жоспарымен таныстыру.

«Ата-ананың мектептегі алатын орны » баяндама.

Ой қозғау. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналарға 8-сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне байланысты ұсыныстар беру.

Әр түрлі ұйымдастырушылық мәселелер.

І. Шаттық шеңбер: «Жақсы тілек-ақ пейілдің шуағы»

Топқа бөлу. «Көңілді түстер» 2 топқа бөлінеді (суық, жылы)

Ой қозғау . 4 түрлі түсті шарлар ұсынылады. (шарды жару арқылы 2 топ өзіне тиесіл сұраққа жауап қайтарады)


  1. Балалар теріс әрекеттері үшін мұғалім мен ата-аналардың жазалау түрі

  2. Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-аналар арасында қандай байланыс болуы керек

  3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

  4. Баланың мамандық таңдауындағы ата-ананың рөлі

Жинақтау

«Тек қана ата-аналар мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Сынып жетекшісінің баяндамасы

- Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі

14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11. «Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Халық даналығында:

«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,

15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;

ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: сіз әкеммен (анаммен) қалай таныстыңыз? Мамандықты қалай таңдадыңыз? Мектепте сіз қызбен (жігітпен) дос болдыңыз ба? ..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге мектеп сынып жетекшісінен «Сіздің балаңыз сабақ оқымайды» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы сыныптағы ата - аналардан да «Біздің балаға да сабақ оқытқызбайды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Кураторы сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?


Жинақтау.

Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;

-Баланы жақсы көретіндігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

Баланың оқуына, тәрбиеленуіне , баланың белсенділігінің артуына тек лицей тәрбиесі мен оқуының арасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.

Мұғалім - сіздің отбасыңыздың досы.

Әр түрлі мәселелер.

Лицейшілік іс-шараларға сыныптың қатысуы:

  • «Лицей жұлдыздары» (спартакиадасы)

  • Пән апталықтарына белсенді қатысуы

  • Олимпиадаларға қатысуы

  • Қашықтық пән олмпиадаларына қатысуы

  • КҒА , «Дарын» ғылыми жобаларға қатысу

  • «Ақбота», Кенгуру, Пони, Бульдог т.б.

Қорытынды


Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!

Келесі жүздескенше сау болыңыздар !!!

© 2010-2022