Ұяда не көрсең. .. дөңгелек үстел

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты   Оқушылар мен  ата-аналарға арналған  дөңгелек үстел   Тақырыбы:             «Ұяда не көрсең...» Мақсаты:                     отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталу; оқушыларды ата-ана мен  ұстаздарды құрметтеп, ардақтауға тәрбиелеу; отбасындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету; оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.   Өту ба...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім)

есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернаты


Оқушылар мен ата-аналарға арналған дөңгелек үстел


Тақырыбы: «Ұяда не көрсең...»

Мақсаты: отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталу; оқушыларды ата-ана мен ұстаздарды құрметтеп, ардақтауға тәрбиелеу; отбасындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету; оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу.

  2. Кіріспе.

Құрметті қонақтар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі әңгімеміз жанұядағы тәрбие тақырыбына болғандықтан, ата-аналарды да қатыстыруды жөн көрдік.


  1. Дөңгелек үстел басына жиналғандар өздерін таныстырып өтеді.

  2. Тренинг «Қошеметтеу» Оқушылар мен ата-аналар бір-біріне есімдерінің бас әрпіне сәйкес әріптен басталатын жақсы сөз айтады. (Ақсәуле - ақылды, Мұхтар - мейірімді,т.б.)


  1. Пікірсайыс алаңына кірмес бұрын, алдымен оқушыларға не туралы әңгіме болатынын ұғындыру үшін, тақырыпқа назар аударайық. Тақырып халқымыздың отбасы туралы даналық сөздерінен алынған: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

1. «Ұя» сөзінің мағынасын оқушыларға түсіндіру

а) «Ойқозғау»

б) Ақсәуле мен Айзаттың, Альмираның, Нұржанның отбасы туралы әңгімесін тыңдау. (экраннан суреттерін көрсету

в) Тақырыпқа байланысты ата-аналардың пікірін тыңдау, қорытындылау:

Отбасындағы тәрбие


Ұяда не көрсең... дөңгелек үстел

Дана халқымыз ерекше көңіл бөлген бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздерді еске түсіріп көрейік.


  1. Әке тұрып ұлы сөйлемес, шеше тұрып қызы сөйлемес.

  2. Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет

  3. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

  4. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

  5. Бала тәрбиесі бесіктен.

  6. Отан отбасынан басталады

г) «Ой жарыс». Отбасында ең алдымен мінез қалыптасады. Ал мінез өзгере ме? Пікірталас. Ата-аналар мен оқушылар екі топқа бөлініп, бірі «мінез өзгереді» деген пікірді, екіншісі «мінез өзгермейді» деген пікірді қорғайды.

  1. «Сіз қалай тәрбиелейсіз?» Отбасында тәрбиенің түрлі әдістерін қолдануға болады. Солардың ішіндегі бізге ең жақыны - ертегі айту. Балаға түрлі ертегілер айту арқылы біз оны жақсылыққа тәрбиелейміз. Қазір барлығымыз балалық шаққа саяхат жасап қайтайық.

1. Қуыршақ театры «Шалқан» ертегісі.

Ертегінің тәрбиелік мәні неде? Ата-аналар мен оқушылардың пікірін тыңдау.


  1. Әнді жалғастырып көріңіз:

Жазда атамның аулына...

(Бұл әннің қандай тәрбиелік мәні бар?)

3. Халқымыздың «тәрбие - бесіктен» деген сөзін ескеретін болсақ, баланың санасына асыл қасиеттерді сіңіру бесік жырынан басталатынын барлығымыз да білеміз. Бесік жырын айтып көріңіздерші.

  1. «Әр нәрсенің де шешімі бар» оқушылар мен ата-аналарға түрлі жағдаяттар жазылған тапсырмалар беріледі. Ол жағдаяттарды сол жерде көрініс арқылы көрсетеді..

  1. «Әке, мен бүгін бір баламен төбелесіп қалдым.»

  2. «Апа, маған ұялы телефон әперем деп едіңіз ғой, уәдеңізде неге тұрмайсыз?»

  3. «Мама, қойыңызшы, сізбен сөйлесетін көңіл-күйім жоқ».

  4. «Әке, жиналысқа неге келмедіңіз?»

  5. «Апа, мен байқамай үйдегі қымбат ыдысты сындырып алдым»


  1. Қорытынды. «Ойсандық» Әр оқушы, әр ата-ана, әрбір қатысушы өз пікірлерін параққа жазып сандыққа салады.


  1. Бүгінгі айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келсек, тәрбие көзі - отбасы екеніне тағы да көз жеткіздік. Қыз бойжетіп ұядан ұшқанда, ұл ержетіп қияға қонғанда жанұядан көрген жақсы дәстүрлер мен өнегені сақтап қалса, ол - ата-ана еңбегінің жемісі. Бала отбасы дәстүрлерін сақтай отырып, әкеден ерліктің, еңбектің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін үйренеді, ал анадан сұлулықтың, парасаттылықтың, мейірімділіктің, ісмерліктің, қайырымдылықтың өнегесін бойына сіңіреді. Осындай ізгі қасиеттерді дарытатын әкелер мен аналар аман болсын дей отырып, Нұржан мен Альмира «Әкешім, Анашым» әнін тарту етеді.


  1. Аяқтау. Ұлы дана Абай атамыздың сөзімен: Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Бала тәрбиесіне көңіл бөле білсек, жақсы нәтижелерге жеткіземіз деп сенемін.


  1. Оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіру.






© 2010-2022