Буклет на тему День Президента

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Буклет на тему День Президента

7 «А» сынып

Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданы-на қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Буклет на тему День ПрезидентаБуклет на тему День Президента

Қызмет жолы


1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960-69 жж. - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

  • 1969-73 жж. - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  • 1973-77 жж. - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

  • 1977-79 жж. - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

  • 1979-84 жж. - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1984-89 жж. - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

  • 1989-91 жж. - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

  • 1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

  • 1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

  • 2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

  • 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Буклет на тему День Президента

Ғылыми еңбектері

Кітаптары

Буклет на тему День Президента

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Тарих толқынында» (А., 1997),

  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

  • «Қазақстан жолы» (А., 2012).

  • «Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).

  • «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).

Буклет на тему День Президента

Өлеңдері

Дәйексөздері

  • "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде."

  • "Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз."

  • "Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек."

  • "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін."

  • "Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек."

  • Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

  • Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады.

  • Ендігі жерде біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің туған жеріміз біреу - ол жалпақ қазақ даласы.

  • Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз.

  • Кіммен дос болу, кіммен жақындасу, кімнен өзіңді алысырақ ұстау - ұлтты сақтаудың кепілі.

  • Тәуелсіздіктің қайта оралғаны - біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.

Нұрсұлтан Назарбаев атында

Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Буклет на тему День Президента

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Шанхай конференциясында.

Буклет на тему День Президента

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин





Буклет на тему День Президента

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Лула Да Силва



Буклет на тему День Президента

Шанхай ұйым басшылары



Буклет на тему День Президента

Ядролық қаруға қарсы саммиті






Буклет на тему День Президента

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Дмитрий Медведев



Буклет на тему День Президента

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Джордж Буш

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті


  • Қазақстан менеджмент институты


  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті


  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті


  • Ұлттық мемлекеттік заң университеті


  • Назарбаев Университетi

Буклет на тему День Президента

Назарбаев Зияткерлік мектептері

Буклет на тему День ПрезидентаБуклет на тему День ПрезидентаБуклет на тему День Президента


  • бірқатар лицейлер мен колледждер


  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Буклет на тему День Президента



Буклет на тему День Президента




  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Буклет на тему День Президента

Буклет на тему День Президента

© 2010-2022