Коучинг Дарынды және талантты балаларды қалай анықтаймыз?

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды қалай анықтаймыз?

Мақсаты: Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау

Негізгі идеясы Дарынды және талантты балалар ұғымдарын ажырату, олармен жұмыс жасау ерекшеліктерін айқындау.

Күтілетін нәтиже: Оқу процесінде балаларды бақылау арқылы олардың дарындылықтарын айқындай біледі, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгереді

Дереккөздер интернет ресурстар

Коучинг барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

«Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіреді. Коуч қатысушыларға пазлдар ұсынып, оларды жинап топ құруларын сұрайды.

Қатысушыларға сұрақ қояды: -Сіздің ойыңызша, бүгін біз қандай тақырыпқа әңгіме қозғаймыз? Бүгінгі біздің кездесуіміздің тақырыбы «Дарынды және талантты балаларды қалай анықтаймыз?» Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын»\

Топтастыру.

«Дарынды», «талантты», «қабілетті» деген сөздерді пазлдан жинап үш топқа бөлінеді.

/Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер құрып, қорғайды./

1-топ: Дарынды және талантты баланың бейнесі.
2-топ: Дарынды және талантты баланы анықтау
3-топ: Дарынды және талантты баланың мінез - құлқындағы ерекшеліктер.

Тақырыпты өрбіту мақсатындағы презентация: /15 мин/ Презентация Power Point «Дарынды және талантты балаларды қалай анықтаймыз?» (Слайдпен жұмыс)

Сергіту сәті:

/логикалық сұрақтарға жауап беру/

1.Үйде бір қыз отыр. Егер Қыз түрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр?

2.Кенгуру жолбарыстан неге қорқпайды?

3.Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 Бала алмаларды тең бөліп алды.Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін?

4.Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі?

Дарындылық жайлы түсініктеме беру:/слайд/

Оқушылардың қабілет ерекшеліктері: а)Интеликтуалды, табиғи дарындылық,
в) Шығармашылық дарындылық, с)Лидерлік дарындылық
8- Слайд
Оқушылардың қабілетінің ерекшеліктері:
1. Лидерлік дарындылық.
2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық;
3. Шығармашылық дарындылық;

9- Слайд

Интеллектуалды,табиғи дарындылық:
1. Исаак Ньютон барлық құрбыларынан төмен оқыған,математикадан басқа пәндердің барлығынан дерлік үлгермеген.Досымен төбелестен кейін,бірнеше айдан соң сыныптағы бірінші бала болды.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.
2. Сергей Королев тек үшпен оқыған.Ал оның басқаруымен баллистикалық ракеталар,бірінші спутниктер мен «Восток» және «Восход» космостық карабльдерін жасаған.
4. Дмитрий Менделеев орташа оқыған,математика мен физика пәндерін жақсы білген.Орыстың ұлы оқымыстысы атанып, 1859 жылы химиялық элементтердің Периодтық жүйесін ашқан.
10- Слайд
Шығармашылық дарындылық:
2. Александр Пушкин Лицейде арифметика сабақтарында үлгермей жылайтын болған, үлгерімі төмен болған.
3. Людвиг ван Бетховен қатемн жазған, бөлу мен көбейтуді дұрыс білмеген.Әлемге танымал ұлы композитор болды.

5- Слайд
Лидерлік дарындылық :
1.Наполеон Бонапарт математикадан басқа пәндердің барлығынан нашар оқыған.Францияның императоры болды.
2. Борис Ельцин жетінші сыныпқа дейін жақсы оқып, одан кейін тәртібінің нашарлығынан мектептен шығарылған.Ресейдің тұңғыш Президенті болды.

3. Владимир Путин мектепте жүргенде барлық баладан жақсы төбелесетін болған.Неміс тілін оқуда қиналған.Ресей Президенті.

«Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Даралап оқыту;
2. Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
3. Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
4. Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
5. Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Бейнеролик көрсету, талдау.

/SDU video/

РЕФЛЕКСИЯ.
1.Бүгінгі семинар сізге түсінікті болды ма? --
2.Не жақсы өтті? -------------------------- ----
3.Не жақсы өтпеді? -----------------------------
4.Нені өзгерткіңіз келеді?--------------------
5.Сізге не ерекше қызық болды?-----------
6. Сізге ең пайдалысы не болды?----------

Қорытынды:

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз жадында сақтауы қажет.


© 2010-2022