Патриот

Омарова Ботакөз Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернатының тәрбиешісі Тәрбие сағатының тақырыбы:«Қазақстанды кім сүйсе,- сол патриот» Тәрбие сағатының мақсаты:а)Оқушыларғаеліміздің қысқаша тарихы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға дегенұлтты қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. ә)Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу,тұғанелін,жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу.б)Оқушылардың ой-өрісін дамытып,білім деңгейін көтеру,ш...
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Омарова Ботакөз

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы

3 мектеп-интернатының тәрбиешісі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстанды кім сүйсе,- сол патриот»

Тәрбие сағатының мақсаты: а) Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлтты қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді

адамдар керек екенін түсіндіру.

ә)Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу,тұғанелін,жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін

білгізу.

б)Оқушылардың ой-өрісін дамытып,білім деңгейін көтеру,шығармашылық ізденісін қалыптастыру,

белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасатуға үйрету,патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.

Пайдаланылған материалдар: сұрақтар, қанатты сөздер,Қазақстан

Республикасының Әнұраны,Елтаңбасы, Туы, интерактивті тақта.

Барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі

Әнұран

Сергіту сәті

2Негізгі бөлім

Оқушылардың патриот жөніндегі ойы

Саяхатқа шығу кезеңі Қазақстан.

Қорытынды.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар

Ән(Көк тудың- желбірегені )

Елбасының «Жас Отан » партиясының жастар құрылтайының 2 съездінде сөйлеген сөзі. (оқушының пікірі) Тақырыбы: Болашақ: Біздің сыныбымызға келген

қадамдарыңыз сәтті болсын.

Естілгенде көк аспанның астында

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Шарықташы Әнұраным шарықта,

Оны айтуға ей жасұлан, жалықпа.

Хор: «Әнұран»

2-жүргізуші: Тәуелсіз ел болғанымызға 22 жыл толса да, патриоттық тәрбие беру мәселесі ең өзекті. Себебі,патриоттық тұрғыда тәрбие беру бір күннің, бір жылдың аясында жүзеге асырылар шаруа емес. Бұл-мемлекет тарапынан үздіксіз жүргізілетін ауқымды саясат.

1-жүргізуші: Сергіту сәті: Қара жорға биі.

2-жүргізуші: Парасат парқы-патриотизм «Патриоттық- ұлы ұғым»-Астанадағы №64 мектеп-лицейде оқушыларға дәріс оқыған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Биылдан бастап мектептерге( Қазақ елі) деген пән енгізіледі. Соның бірінші сабағын мен өткізіп отырмын. Бұл патриоттыққа тәрбиелейтін пән»-деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев ол сабақты мектеп оқушыларына арнап өткізді.Сондықтан да

баланың бойына сыятындай,ойына құйылатындай қарпайым сөздермен өрбітті

әңгімесін. Елбасының даналық сөзіне берсек. Кезек оқушыларда:

Патриот

Патриот

***Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан

***Отанды сүю- өркениеттіліктің белгісі

*** Отаныңа деген сезім мен мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.

*** Отан үшін жаныңды да, қаныңды да аяу деген болмауы тиіс.

***Отаны жоқ адам - тамырсыз, тұрлаусыз қаңбақ сияқты.

*** Отанды сүю- суығына шыдап, ыстығына күю.

*** Нағыз адам Отанының даңқын шығарады, риза болған Отаны өз ұлының атын

шығарады.

***Жастарға айтар ақылым: бақытты өмірді басқа жерден іздемеңдер.

***Патриот болу- өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп,

қоғамға қызмет ету.

1-жүргізуші: «Саяхатқа шығу кезеңі.»

Келген қонақтарға сұрақ қою.

2- жүргізуші: Ән (Көк тудың желбірегені)

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз( Болашақ Қазақстан) жобасы.

Елбасымыздың Жас Отан жастар құрылтайының 2 съездінде жастармен кездескен

болатын. Бейнеролик қөрсету.

Оқушылар өз ойларын айтады.

2- жүргізуші: Әрқайсысымыздың да, бәріміз бірдей еліміздің болашағы үшін

жауаптымыз. Біздің міндетіміз - сапалы білім алып, өз ісіміздің нағыз маманы

болу, Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру,еңбек ету!

Қорытынды:

1-жүргізуші: Туған жерді сүю- парыз.

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу- парыз.

Күзетіне тұру -парыз.

Пайдамыз тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5»тік болсын бағамыз.

Білімнен бақыт табамыз.

2- жүргізуші: Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің ұрпақтары.

«Тәуелсіз елдің ұлы- өжет, қызы-қайратты,халқы-қаһарман осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр.Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпін ала келді.

© 2010-2022