Сын тұрғысында ойлау технологиясының тиімді жолдары баяндама

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезе...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама тақырыбы:

« Сын тұрғысында ойлау технологияның тиімді жолдары»

Темирбаева Жибек Кабдуллаевна.

Павлодар қаласының № 39 инновациялық

үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы орта білім беру мектебі

мемлекеттік мекеме

Қазақ тілі пәні

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет» деген.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу - тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдісі - тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты - ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.

І. Сын тұрғысынан ойлау

  1. Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);

  2. Ақпарат - сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы болып табылады;

  3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін мәселеден басталады.

Жобаның негізі - оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім - бағыттаушы. Бастауыш сынып оқушылары үшін маңызы:

- сұрақ қоя білуге;

- пікірлесуге;

- тең құқылы диалог жүргізуге;

- белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.

Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді - мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмекеседі.Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс - тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндй әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын таптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйініне еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, мән - мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығын арттырады, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы -әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теориаларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап.екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.Біздің елімізде «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау жобасының»ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын. Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес.Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым.Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:
1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі -бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып,кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,тобында талқылайды.Яғни,айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашыла-ды.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.
2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өзін жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында - «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
3.Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі.Күнделікті сабақ барысында оқ-ушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс.Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы - ойды қайта түй-іп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады.Әр түрлі шығармашы-лықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жете-лейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диог-раммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады. Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады.Мысалы: Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпқа деген жауапкершілігі артады. Яғни топ бірнеше топтарға бөлініп,1,2,3,4-кесанау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 жеке «жұмыс»тобын құрай-ды.Оқуға ұсынылатын тапсырманың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 логикалық бөлікке бөлінеді, мәтіннің 1-бөлігін 1-лер,2-бөлігін2 санын алғандар,3,4 топтарға оқуға тапсырма беріледі. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,өйткені сол бөлікті топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсіну әр оқушының талабына байланысты екенін түсіндіру қажет.Соңында ұжым мүшелері мәтін мазмұнын ортаға салулары керек.Осылайша оқушылар бір-бірін оқыту арқылы ойлауға үйретеді. Сонымен қатар бұл әдіс мазмұнды жоғарғы табыспен меңгерту,оқығанды есте сақтау үшін тиімді оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, сонымен қатар мұғалімді түсінудұрыс көзқарас береді.Мұғалім сабақта оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Сол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.Бұл жобаның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті, №8-9-2009ж.

2.Қазахский язык и литература в русской школе, №1-2-2011г.

3.Қазақ тілі мен әдебиеті, №3-1995ж.

4.Казахский язык и литература в русской школе , №2-2012г.



© 2010-2022