Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі ана образы

"Описание материала: бұл ашық сабақ мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде беріледі. сабақ жаңа технологиялар негізінде құрастырылған. Оқушының қызығу қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар бар. Ана образын табуда оқушыға түрлі мүмкіндіктер беріледі. Ана қашанда қасиетті, ұлы ұғым. Сонымен сабақ барысында оқушының танымдық қасиеттерін дамытуға болады. Оқушыны сұраққа нақты жауап беруіне дағдыландырады. Сабақтың мақсаты оқушыны ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелейді. Ғабитшығармалары арқылы оқу...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Қасымова Г.Қ.

Сынып: 11 «А»

Күні: 05.02.14 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі ана тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ғабит Мүсіреповтің аналар образын бейнелеуді меңгерту. Шығарманы оқи отырып талдау шеберліктерін шыңдау. Дамытушылық: Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге, ойын анық еркін айта білуге үйрету. Тәрбиелік: Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті

ТОҚ: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын айту.

2. Сабақта Мүсіреповтің аналар образын бейнелеуді меңгертуіміз керек. Шығарманы оқи отырып мазмұнын түсініп, әңгімелеіміз керек. керек.

3. «Ана тақырыбы» атты сабағымды ана туралы айтылған сөздерден бастағым келеді. Ән тындату.

ІІ. Сабақтың эпиграфымен таныстыру

Ана деген - асқар тау таусылмайтын,
Ана деген - айдын көл тартылмайтын,
Ақындардың жыры ол таусылмайтын.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі - көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің өмірбаянына қысқаша шолу жасайық.

Кластер «Ғабит Мүсірепов әлемі»

ІV. Өткенді қайталау кезеңі

Мұғалім: Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы

М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғабит Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол

М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана>>, «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

Тақтада «Аналар галереясы»

Тапсырма: ана тақырыбында жазылған әңгімелерді мына кезеңдерге бөлу

1916 жылға дейін

1916 жылғы

Ұлы Отан соғысы кезінде

Ұлы Отан соғысынан кейін


Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырмалар:

1. Әр топқа бір параққа басылған үш әңгіменің үзіндісі беріледі. Олар соны оқып мынадай тапсырмаларды орындайды.

- Бұл қай шығармадан алынған үзінді?

- Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кім?

- Әңгіменің қысқаша сюжетін мазмұндап айт.

Шығарманың аты

Кейіпкерлері

Қысқаша сюжеті

1 топ: Ананың арашасы (Буркало); 2 топ: Ашынған ана (Кочура);

3 топ: Ақлима (Дусенбай)

V. Жаңа сабақ

Ғабиттің ана тақырыбына жазған ең алғашқы шығармасы «Ананың анасы».

1)Сұрақтар бойынша әңгіменің мазмұнын сұрау. (слайд)


1. 2. Шығармадағы басты кейіпкерлер бейнесін ашу.
а) Ана бейнесі суреттелетін тұсты таптырып, оқыту.
Ана - Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
ә) Жалпақ - керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.


2). Талдау жұмыстары.

  1. Сонымен, әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы, оның бір-бірімен байланысты құрылған оқиғалардан тұратындығын білдік. Ендеше әңгімені құрылысына қарай талдайық.
    Шығарма құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
    Композиция - Экспозиция
    Шиеленіс - завязка
    Шарықтау шегі - развязка
    Шешімі - деген бөлшектерден тұрады.

    Экспозиция ------ Әйтілестің әңгімесі
    Байланыс --------- Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, Қалың жылқы. Тұрақты қыз.
    Шиеленіс -------- Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ана
    Шарықтау шегі -------- Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.
    Шешімі ---------- Ана мен қызына бостандық берілуі


    2. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып айт.
    Әңгімені 3 бөлікке бөліп, әр топқа үзінді беріледі.

Тұрақты тіркестерді, теңеу, метафора жерлерін тауып айту


VІ. Қорытынды
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызды Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын жүргіздік. Әңгімеде кейіпкерлер бейнесін ашып шығарманың тілдік ерекшеліктерін, жазушы қолданған айшықты сөздерді тауып талдадық.
- «Ананың анасы» Ғ. Мүсіреповтың ана тақырыбына арналған шығармашылығының бірі ғана. Бірі дейтініміз, Ғ. Мүсірепов аса қайратты, қуатты әйел тұлғасы «Ашынған ана», «Ер ана» , «Ананың арашасы», «Ақлима» сынды әңгімелерін де шебер суреттейді.
- Әлем сөз өнерінде үлкен орын алатын ананың атақты бейнесі жазушы шығармаларында ел рухының асқақтығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді.

Ананың жүрегі қандай? (батыл, еңбекқор, қамқоршы, ақылшы, үлгілі, ержүрек, жұмсақ, батыр)

VІ. Рефлексия

2. Ананың жүрегі қандай сезімдерге толы? Кластер «Ананың жүрегі»

VІІ. Қорытынды. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма

1. Эссе «Ана - ең ардақты ат»


© 2010-2022