- Преподавателю
- Классному руководителю
- Ашық сабақ. Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Ашық сабақ. Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Раздел | Классному руководителю |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Оралбаева Н.Н. |
Дата | 29.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Пән аты:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын төрт түлік туралы мәтінмен таныстыру. Үй жануарларының пайдасын ұғындыру;
2. Алған білімдерін одан әрі арттыра отырып, тіл байлықтарын, ойлау, қорытынды жасау қабілеттерін одан әрі жетілдіру;
3. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты болып саналатын төрт түлік туралы жырларды оқи отырып, төрт түліктің пайдасын түсініп, оларды сүюге,оларға қамқор болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сипаттау, әңгімелеу, көрнекіліктік, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер,слайд,сызбалар,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Балаларды сабаққа дайындау;
Топқа бөлу,топқа ат қою,топ басшыларын сайлау
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Өрмекші торы арқылы «Түйе» жырын жатқа сұрап өту, сыбаларын тексеріп бағалау;
Ойын «Сұрақтар жауыны»
3. Жаңа сабақ:
Ойлан,жұптас,талқыла
Төрт түліктің кеңесі.
а) Мәтінді оқушыларға іштей оқыту;
ә) Рөлге бөліп оқыту; (мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айтқызу)
Мәтін бойынша әр топ постер сызып ,оны қорғау
4.Сәйкестендіру
Қандай мал ,қай жерге бітетіні туралы
1топ жердің атауын атау
2 топ төрт түліктің атын орысша,ағылшынша атау
5.Сергіту сәті
6. Дәптермен жұмыс: Кестені толтыру (әр топтың жылдам әрі мағыналы толтырғанын бағалау)
Берілген сөздер
Мәтіндегі осы сөдердің мәні
-
Тұрмысы төмен
-
Еңбекқор
-
Батыл, өжет
-
Шаруақор, бай
...Қоры үзілген
Шаруа
Найза ұстаған
Зор
7.Ұжымдық жұмыс: Мәтінді сахналау
8.Екі ойлау қалпағы
Төрт түлік туралы
1 топ пайдасы бар дәлелдеу
2 топ пайдасы жоқ дәлелдеу
9.Қорытынды
Сиыр-ақтық
Қой- мырзалық
Түйе- байлық
Жылқы- сәндік
Ешкі -жеңілдік
Мағынасын ашу,сұрақтарға жауап беру
10.Кері байланыс
Қосу,алу,қызықты стратегиясы бойынша сабаққа топ басшылары кері байланыс жасайды
11.Үй тапсырмасы
Мәтінді оқу
6-тапсырма( 60-бет)
12.Бағалау
Топ басшылары бағалау
-
Мына мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер:
1-тапсырма: «Ойқозғау» (сұрақтарға жауап алу)
-
Мына мақалдың ұйқасын тап, қай жырда айтылды: «Мал өсірсең ... өсір, Өнімі ... ... ...»
-
Бұл қай жануардың даусы? Оны сипатта (үнтаспадан сиырдың даусын естірту)
-
Жағы қалақтай, Мойны садақтай... Әрі қарай жалғастыр. Бұл қай жырдан үзінді?
-
Оқулықпен жұмыс: Үнтаспадан мәтінді тыңдату (дауыс ырғағын келтіру) талдау жасау:
-
Бұл мәтіннен не түсіндіңдер?
-
Мал қандай адамға бітеді?
-
Мал өзіне қалай қарағанды ұнатады?
-
Оқу түрлері:
а) Мәтінді оқушыларға іштей оқыту;
ә) Рөлге бөліп оқыту; (мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айтқызу)
6. Ұжымдық жұмыс: Мәтінді сахналату
8. Сергіту сәті: Үнтаспадан «Төлдер әні» музыкасына ән айту
8. Бекіту: әр топ үй жануарларының аты жазылған карточка алады. Сол бойынша мына тапсырмаларға дайындалып, өздерінің топтық жұмыстарын қорғайды
І топ: Аталған түлікке арнап бір шумақ өлең құра, оның пайдасы туралы әңгімеле
ІІ топ: Аталған түлікке арнап мақал-мәтелдер айт. Оның терісінен қандай бұйымдар дайындалады?
ІІІ топ: Аталған түлікке арнап жұмбақ құрастыр. Оның жүнінен не дайындайды?
- Енді мына суретке зер салайық Қай түлік қай жерге жайылғанды ұнатады?
(жылжымалы суреттер арқылы түліктерді өз жеріне орналастыру)
9. Қорытынды: «Сыйға-сый» жағдаяттарын сахналату:
А) «Мен саған, сен маған» - адам мен түлік арасындағы сұхбат
Б) Тірек сөздер арқылы түліктерді сөйлету: арық-семіз, еңбекшіл, жалқау, алып күш иесі, мықты, серік.
В) «Сүйектер сыры» малдың сүйегінен не істеуге болады?
- Малдың сүйегіне дейін пайдалы. «Ақсүйек», «асық» ойыны, «Мойын» (жас ана), «Жауырын» (ауа райы) -- - Сонымен малдар қандай адамды жақсы көреді екен? Мәтіннен жалпы не түсіндіңдер?
- «Мал баққанға бітеді» деген мақалдың осы мәтінге қандай қатысы бар?
-«Даналық ағашы» ойыны: малдардың пайдасы, олар туралы мақал-жұмбақтар жазып ілу
10. Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап келу, төлдердің суретін салу;
11. Бағалау: әр топтың жинаған шөп түрлеріне қарап бағалау