«Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аңдатпа

Жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Сонымен қатар жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.

Аннотация

Основная цель - соединить знания по истории и воспитанию человека о том, кем он является и каковы корни его происхождения. Из светлых страниц истории наших предков можно взять события и те действия, которые дают достойный пример в воспитании патриотизма у защитников Родины. Я думаю, что в 21 веке на сегодняшний день каждый гражданин Казахстана, который считает себя представителем нашего суверенного государства, должен знать историю свою и своего народа.

An Abstract

The main aim is to be able to combine historical knowledge of who are they and bringing-up. Our ancestors have events and experience from history and clear examples of patriotism that we can use in our life today. I think, that each person of 21st century, who consider himself as real citizen of Republic of Kazakhstan must know their history. The President of our country N.A.Nazarbayev said: "Each citizen of independent Kazakhstan should search our history and answer the questions: Who we was? Who we are? And who we will be?". That means, that the history of our country and nation is not worse than others. That means, that each person should seek to be dignified successor of country and land, that our ancestors leaved for us.













Кіріспе

Өзектілігі: «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысына Қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу,жасалу,жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.Сол құбылыстардың бірі - «ң» дыбысының дұрыс айтылу,жазылу,қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Мақсаты

Жобамыздың негізгі мақсаты - Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру,меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.

Міндеттері:

- фонетика жүйесін зерттеу;

-«ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;

- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;

Зерттеудің әдістері:

Жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.

Болжам:

Менің тақырыбым оқушылардың қазақтың төл дыбыстарына әсіресе, «ң» дыбысын дұрыс айта, жаза білу қабілетерін арттыру.

Зертеу нысаны. Бұл жоба Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

«ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

Жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектептің Қазақ тілі оқулықтарында пароним және каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ізденісіміз барысында Қазақ тіл біліміндегі пароним және каламбур құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс Қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді.

Нәтиже: Бұл жазған ғылыми зерттеу жұмысым оқушыларға және ұстаздарға арналады. Қазақтың төл дыбыстарының бірі «ң» дыбысын дұрыс айта, жаза білуге насихаттау.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.













Негізгі бөлім

Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және «ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдік:

1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;

Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде Қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында,қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі,сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.

Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі,тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

ІІ ТАРАУ. «ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.

Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол сияқты Қазақ тіл білімінің саласында да зерттеуді қажет ететін тұстары жеткілікті дегенге ешкім де дау айта алмас. Сол құбылыстардың бірі -ң дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді.

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы Қазақ тілінде сөз басында кездеспейді (алайда,1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығында ң әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз жайт), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сән қой (сәңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді).

Тілдің тірегі―сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын―көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен балаларға арналған ертегілерден біраз мысалдар келтірсек. Мәселен, «ң» дыбысы сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады.»( «Ер Төстік» ертегісінен) ; «Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті.» («Сыбызғы сыры» ертегісінен) ; «Бұрын, бұрын, бұрында Қаң-бақ шал деген шал болыпты.» («Қаңбақ шал» ертегісінен ). Екінші және үшінші буында да кездеседі: «Та-ңер-тең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер,-дейді.» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен) немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал ша-ңы-раққа қараса, ша-ңырақ-тың күлдіруішінде керулі тұрған кер бие-нің төстігі көзіне түседі» ( «Ер Төстік» ертегісінен).

Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі - осы «ң».

Қазақ баласы «іңгәлап» туады, өмірге іңкәр болады, ыңылдап әндете бастайды, дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кәсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады. Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.

«ң» дыбысын дұрыс айтылуы мен емлесін үйренерде біз бірқатар фонетикалық жаттығулар жасадық. Төменде мен өз тәжірибемде қолданған жаттығуларды ұсынамын:

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

1-ЖАТТЫҒУ

Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.

аң - даң - жаң - заң - ұң - қаң- лаң - маң - оң - паң - раң - саң - таң - шаң - ең - бең - жең - зең - кең - лең - мең - пең - рең - сең - тең - шең - мың - тың

2-ЖАТТЫҒУ

Жоғарыда берілген сөздерді диктофонға жазып ал да, сол сөздерді жатқа жаз.

3-ЖАТТЫҒУ

Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.

Аң-заң-лаң-маң-оң-паң-таң-шаң-ең-жең-кең-мең-рең-сең-тең-көң-өң -мың-тың.

4-ЖАТТЫҒУ

Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.

Аңға - даңғаза - жаңа - жаңбыр - заңдар - ұңғы - қаңғыбас - лаңкес - маңдай оңқай - паңданба - саңырауқұлақ - таңданба - шаңырақ - еңіреме - жеңесің- зеңбірек - кеңірек - леңгір - меңіреу - реңк - сеңгір - теңбіл - шеңбер - маңай- тыңдарман - мыңдаған - шыңға - оңға - тоңба - мұңайма - сыңай-кеңейт.

Фонетикалық жаттығулар арқылы айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз етуге болады. Біз үшін фонетикалық жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймай, сонымен қатар әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрену үшін тиімді болды.







ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.

Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, Қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.

Қорыта келгенде , «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты ғылыми жобада «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдері, фонетикалық жаттығулар мен балаларға арналған Қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді.

Зерттеу жұмысы бойынша мектебімізде бастауыш буында (1-4)сыныптарда 80 пайыз «ң» дыбысын айта алатын болса, 20 пайызы айтады, бірақ жазу барысында ажырата алмайды. Ал орта буындар (5-9) сыныптарда 90 пайыз айта алады, 10 пайызы жазу барысында ажырата алмайтын болса, жоғарғы буында (10-11) сыныптарда тура осы орта буындай пайызды құрап тұр. Болашақта мектебімізде барлық оқушылар «ң» дыбысын дұрыс айта, жаза біледі деген пікірдемін.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Терентьев М. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская».-Книга І, СПб., 1875.

2. Радлов В.В. «Фонетика северных тюрксих языков» (Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы). Неміс тілінде жазылған. - Лейпциг, 1882.

3. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітап: Фонетика казахского языка. - Алматы, 1969. - 27-42 б.

4. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).

5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж

6.Қазақ ертегілері

7.Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова Әліппе, Алматы, «Атамұра», 2008 .-74 б

8. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз







Қарағанды облысы Шет ауданы

«Батық жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің

9-қазақ сыныбының оқушысы

Оросхан Гүлнурдың

«Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы»

тақырыбындағы шығармашылық жұмысына

Сын-пікір

Жалпы білім беретін мектеп баланы үлкен өмірге жетелейді. Осыған орай мектептерде оқушыны шығармашылыққа баулып, жоба жазғызу арқылы бәсекеге қабілетті тұлға даярлауға жол ашады.

Қазақ тілі пәні бойынша Оросхан Гүлнур «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты ғылыми тақырыбы өте тартымды.

Қазақтың төл дыбыстары өзі жеке -дара бір тақырып десе де артық емес. Осы дыбыстарды ажырата білуге, оның қолданысы туралы ережелерді дұрыс пайдалана білу керек.

«Ң» дыбысын меңгертуге, дұрыс айтылуына, жазылуына -емле жазу үшін шығарған нәрсе, жазу-тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса «ң» дыбысына байланысты тілді емлеге , емлені тілге ыңғайлау керек екендігі туралы айтылған.

Оқушы тіл білімінің Фонетика саласын қарастыра отырып, қазақтың төл дыбыстарына ерекше назар аударып, қазіргі кездегі бірден-бір айтылуына да, жазылуына да мән берілмей келе жатқан «ң» дыбысын әртүрлі жаттығулар орындата отырып, дәлелдеген.

Оқушы көп ізденіп тілді шұбарлауға кедергі келтірмейтіндей, дыбыстың айтылуымен жазылуына баса назар аударған . Бұл шығармашылық жұмыстың алғашқы бастамасы болғандықтан, келесі кезекте шығармашылық жұмыс жайлы білім дәрежесін ұсына беремін.

Жетекшісі: ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Галамхан Санаргуль

МАЗМҰНЫ

Аңдатпа__________________________________________________1

Кіріспе________________________________________________2-3

Негізгі бөлім______________________________________________4

І ТАРАУ. Қазақ тілінің тарихи даму жолы_____________________4

ІІ ТАРАУ. «Ң»дыбысының қолданысы________________ 4-7

Қорытынды_____________________________________________8

Пайдаланылған әдебиеттер___________________________ 9

Сын-пікір_________________________________________________10

© 2010-2022