Брошюра: Ғылым жолы бастауыштан басталады

Құрастырылған жинақта бастауыш сынып мұғалімдеріне өз жұмыс тәжірибемізден ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарына арналған әзірлемелер бар. Осы әзірлемелер математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқудан оқытудың инновациялық технологиясымен құрылған сабақ жоспарлары және сыныптан тыс жұмыстар өткізу барысында қолдануға арналады. Қазіргі заманда талабына сай балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен ауызша, жазбаша шығармашылық жаңашылдыққа  ұмтылу , ізденіс дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсыну-...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

ММ «Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі»



"Ғылым жолы бастауыштан басталады!"

/бастауыш сыныптар үшін/

(оқытудың инновациялық технологиясымен

құрылған сабақ жоспарлары)





Мәдениет

2014

Құрастырған : Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері:

Калиякбарова Ақбөпе Мұхамедьяқызы ( 2 категория),

Тлеуова Айгүл Серікқызы (2 категория).

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылды.

Рецензент: Кожевникова Е.Е.ММ «Сандықтау Білім бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіскері».


Құрастырылған жинақта бастауыш сынып мұғалімдеріне өз жұмыс тәжірибемізден ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарына арналған әзірлемелер бар. Осы әзірлемелер математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқудан оқытудың инновациялық технологиясымен құрылған сабақ жоспарлары және сыныптан тыс жұмыстар өткізу барысында қолдануға арналады.







Мазмұны

1. Өткенді пысықтау (4сынып) 5

2. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту (2 сынып) 8

3. Білімдерін тексеру (1 сынып) 12

4. Сын есім (2 сынып) 15

5. Абайдың қара сөздері (4 сынып) 18

6. Қош сүйікті Әліппем! 21

7. Жарыспа, жарысқан соң қалыспа 26

8. Менің қанатты достарым. 29

9. Қош бол, алғашқы баспалдағым! 32

10. Әліппе -білім бастауы! 38

11. Жақсылық ету-үлгі көрсету 44

12. Кел, балалар, оқылық! 48

13. Ана - біздің күніміз! 50

14. Бастауышым-Балбұлағым. 56

15 Пайдаланылған әдебиеттер 62





Кіріспе

Жана кезендегі білім берудің өзекті мәселені жас ұрпаққа адамгершілік рухани тәрбие беру.

Тәрбие - көп өлшемді процесс. Оның көп бөлігі әлеуметтік қалыптасуда, әр адамның өзін-өзі реттеуіне байланысты.

Қазіргі заманда талабына сай балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен ауызша, жазбаша шығармашылық жаңашылдыққа ұмтылу , ізденіс дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсыну-әрбір педагогтің міндеті.

Оқуға деген қызығушылық -өткізілген әрбір тақырып қызықты болғанда ғана артпақ. Сабақты талдау, жинақтау, түйінін ашу баланың « өзім жасасам - ұмытпаймын, өзім оқысам - түсінемін» -деген дәрежеге жеткізу педагог міндеті болмақ.

Жинақта берілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс -шаралар оқушыны әдеттегідей пәндік білім ,білік, оқу қызметтін қалыптастыру негізінде оны жеке тұлға тұрғысында тәрбиелеу мақсаты қойылып, соның негізі ретінде оқушының дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделінеді.







"Оқыту - тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады"

К.Д.Ушинский.

3-слайд.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. 4-сынып

4-слайд.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық тапсырмалар түрлерін ажырата білуін, ойлау қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

5-слайд.

2. Психологиялық дайындық

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Еліме тыныштық тілеймін!

2. Күніміз жарық болсын!

3. Аспанымыз ашық болсын!

4. Деніміз сау болсын!

5. Нанымыз көп болсын!

6. Көк туымыз биік болсын!

6-слайд.

Сабағымызды мынандай өлеңмен бастаймыз:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан.

7-слайд.

Математикалық диктант:

-1000 санының жартысы нешеге тең? (500)

-100000 санының жартысы нешеге тең? (5000)

-560-ты 2есе арттыр. (1120)

-230 бен 3 сандарының көбейтіндісін тап. (690)

-250 мен 2сандарының бөліндісін тап. (125)

-422-ні 2 есе кеміт. (211)

8-слайд.

3. Негізгі бөлім:

-Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Ертегіміздің аты «Мақта қыз бен мысық».

Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болыпты. Мақта қыз үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық келмейді. «Келмесең, келме»,-деп мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысық келіп «Неге шақырдың?»-деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. «Айтпасаң, айтпа мен қатығыңды төгіп тастаймын», -дейді мысық. Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Апа құйрығымды берші?» -дейді. «Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін»,-дейді Мақта қыз. Ал, балалар, енді біз мысыққа көмектесейік. Мақта қыз құйрығын беру үшін осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.

9-слайд.

1. Сиырдың тапсырмасы:

Көбейтуді түсіндіре отырып орында.

345*34= 11730 2347*21=49287

983*31= 30473 1903*51=97053

458*95= 46075 1000*98=98000

10-слайд.

2. Ағаштың тапсырмасы:

Бөлінгішті тап.

4853... :80=60(53қалд.)

254 .. :32=7(30қалд.)

1465... :50=29(15қалд.)

295... :33=8(31қалд.)

256 ...: 22=11(14қалд.)

11-слайд.

3. Қыздардың тапсырмасы:

Нысан

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

Тасбақа

3м/мин

? 6мин

18м

Түйе

16км/сағ

3сағ

? 48км

Ұлу

? 5м/сағ

7сағ

35м

12-слайд.

4. Дүкеншінің тапсырмасы:

Қысқа дайындау үшін 140кг картоп және одан 7 есе кем сәбіз сатып алынды. Сәбізге қарағанда қанша килограмм картоп артық дайындалды?

Шешуі:

1) 140:7=20(кг)-сәбіз

2) 140-20=120(кг)-картоп артық.

13-слайд.

5. Тауықтың тапсырмасы:

Екі қаладан бір уақытта автобус және автокөлік бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Автокөліктің жылдамдығы 70км/сағ, ал автобустың жылдамдығы 60км/сағ. Егер екі қаланың арасы 260км болса, онда олар неше сағаттан кейін кездеседі?

Шешуі:

1) 70+60=130(км/сағ)-жақындау жылдамдығы.

2) 260:130=2(сағ)-жолдағы уақыт.

Өрнек түрінде: 260:(70+60)=2(сағ)

14-слайд.

6. Тышқанның тапсырмасы:

Бір топ бала өзеннен,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әркімге 3 балық.

Сынайыншы мен сені

Бала саны қанша еді?

15:3=5бала

Он бір түйе, бес жылқы

Екі сиыр, бір ешкі

Екі қоян, үш тілкі

Сонда неше болады?

24

Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Омарға

Сонда қалмақ неше алма?

5*5-1=24

15-слайд.

Мақта қыз айтады: «Жарайсыңдар балалар! Сендер мысықтың құйрығын қайтарып алуына үлкен көмек көрсеттіңдер».

16-слайд.

5. Қорытынды бөлім: Балалар, Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып, мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды. Мысық та сендерге өте риза.

17-слайд.

6. Ұйге тапсырма:

7. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. (Екі таңбалы сандарды қосу және азайту) 2-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ертегі ойын сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, оқулық, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, есептер шығару.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Еліме тыныштық тілеймін!

2. Күніміз жарық болсын!

3. Аспанымыз ашық болсын!

4. Деніміз сау болсын!

5. Нанымыз көп болсын!

6. Көк туымыз биік болсын!

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

- Балалар, сабақта бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық.

3. Үй жұмысын тексеру: № 5

Болғаны - 20 көгершін және 30 торғай

Ұшып кеткені - 10 құс

Қалғаны - ? құс

Шешуі: 1) 20+30=50 (құс)-барлығы

2) 50-10=40 (құс) -қалды

Өрнек: (20+30)-10=40 (құс)

Жауабы: бұтақта 40 құс қалды.

№ 6 Салыстыр:

54+3+1 > 50+9-4 47+2-6 > 47-3+2

12-9+8 < 11-8+9 100-50+8< 40+20+7

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Шешімін тауып көріңдер!

4. Математикалық диктант

Есептің мәнін табу.

64+5= 69 55+2=57 56+2=58

42+5= 47 64+2=68 85-2=83

78-2= 76 47-6=41 94+5=99

99-4= 95 33+3=36 25-2=23

Берілген санға қандай өрнек келеді.

25+10 14+34 60-6

35 54 66

12+15 40+14 60+6

5. Дәптермен жұмыс:

Желтоқсанның 19-ы

Сынып жұмысы.

Кел, тыңдайық ертегі,

Естіген жанды елтеді.

Талай ғажап оқиға,

Қызық сырын шертеді.

6. "Қызыл телпек" ертегісі.

Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.

Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды "Қызыл телпек" деп атап кетіпті.

Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, - деді.

Қызыл телпек:

-Жарайды, анашым, апарып берейін, - деп бәліш пен май салынған себетті алады.

Анасының тапсырмасы: Слайд 9

1. Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?

2. Тиімді тәсілмен есепте.

60+5+10 4+2+70+10 9+60+30

8+40+10 30+3+7 3+3+70+10

Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.

Орманның тапсырмасы: Слайд 11

3. Есепте:

16-4= (60+5)+2= 16+40= (60+5)+20=

45+3= (70+4)-3= 45+30= (70+4)-30=

23+5= (90+9)-8= 23+50 = (90+9)-80=

4. Берілген әрбір кесіндіден 3 см қысқа кесінді сыз:

Сергіту сәті:

Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,

7


Барлық істі атқарған.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр

шыға келеді:

-Қызыл телпек, сен қайда барасың?

-Мен әжемнің үйіне барамын.

-Ал әжең қайда тұрады?

-Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда тұрады.

Кел, екеуміз жарысайық, әжеңнің үйіне дейін кім бірінші жетеді? Ол үшін мынадай тапсырманы орында:

Қасқырдың тапсырмасы: Слайд 14

27 бала қар қамалын тұрғызды. Алдымен 7 қыз бала, содан кейін 10 ұл бала үйлеріне кетті. Неше бала қалды?

Талдау.

-Есеп кім туралы? (балалар туралы)

-Барлығы неше бала қамалын тұрғызды? (27 бала)

-Алдымен неше қыз бала үйлеріне кетті? (7 қыз бала)

-Содан кейін неше ұл бала үйлеріне кетті? (10 ұл бала)

Есеп бізден нені сұрайды? (Неше бала қалды)

-" 27бала" нені білдіреді? (Барлығын)

-"7қыз бала"мен "10 ұл бала" нені білдіреді? (Кеткенін)

-Сұрақ белгісі нені білдіреді? (Қалғанын)

Беруі:

Барлығы - 27 бала.

Кетті - 7 қыз бала және 10 ұл бала.

Қалды -? бала.

Шешуі:

1). 7+10=17 (б). - кетті

2). 27-17=10 (б). -қалды

Өрнек: 27-(7+10)=10 (б). -қалды.

Жауабы: 10 бала қалды.

Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай барады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:

-Айналайын қызым, тұтқанаң жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, - дейді дауыстап.

Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады. Біраздан соң есікті Қызыл телпек қағады. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:

-Есіктің ашылуы үшін менің тапсырмамды орында.

Әжесінің тапсырмасы: Слайд 18

Баласы әкесінен: "Әке, сіз неше жастасыз?" - деп сұрады. Әкесі: "Егер ең үлкен екі таңбалы саннан екі алтылықпен жазылған санды кемітіп, ең кіші екі таңбалы санды қосып, үшті азайтсаң, менің жасымды білетін боласың", - деп жауап берді. Әкесі неше жаста?

99-66+10-3=40 (жаста)

Қызыл телпек әжесінің тапсырмасын орындап болғаннан кейін, есік ашылады. Қыз үйге кіргенше, қасқырқызыды қызыл телпегімен бірге жұта салады.

9

Байғус қыз айғайлап та үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді.

-Балалар, отыншыға көмектесу үшін, берілген тапсырмасын орындайық.

Отыншының тапсырмасы: Слайд 22

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

Жауабы: 1) -9

2) -8

3) -6

Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді.

Қорытындылау:

-Жақсы балалар, біз бүгін "Қызыл телпек" ертегісіне саяхат жасадық және бүкіл тапсырмаларды орындап, Қызыл телпек пен әжесін қасқырдан құтқардық.

-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай жұмыстың түрлерін орындадық?

-Қосу мен азайту амалын тез, қатесіз, шапшаң орындау үшін нені жақсы білуіміз керек?

-Кестелік қосу мен азайтуды.

Үйге тапсырма№ 5, № 7, 113 бет

.Бағалау. Оқушылар күнделігімен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Білімдерін тексеру 1 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есеп, өрнек қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тақтаны және дәптерді ұқыпты пайдалануға баулу.

Сабақ түрі: Білімді пысықтау.

Көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, оқулық.

Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, ән күй.

Күткен нәтиже: Өз беттерімен жұмыс істеуге машықтандыру. Тапқырлыққа, ойлануға, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық


Не үшін?

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!


3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Екі топқа бөлініп ойын түрінде жұмыс жүргізіледі.

1топ: "Алғырлар"

Ұраны: "Алға қарай самғаймыз, екілікті алмаймыз"

2топ: "Тапқырлар"

Ұраны: "Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады"

Бұл жарыстың ережесі бар. Біз сол ережелерді сақтауымыз керек.

1. Шуламай тек қана қол көтереміз.

2. Әр топ өз адамдарына көмектесуге болады.

Әр сұраққа мен сендердің алдарындағы тұрған қалташаларына құлпынай салып отырамын. Сабақ соңында әр топтың жинап алған құлпынайын санаймыз, кімде көп болады сол топ жеңімпаз деп аталынады.

Бүгін бізге қонаққа Карлсон келді. Ол седерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз бе?

-Карлсон мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?

Ол үшін карлсонға лабиринттен өту керек. Осы лабиринтті өту үшін карлсон 5 тапсырма орындау тиіс, біз сол тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-тапсырма. Кім тез?

Есепте:

7+3 9-9 8-6

8-2 9-7 9-4

10-6 2+8 2+7

3+6 7+0 3+5

6-0 3+3 0+9

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Сөз есеп:

Концертке 7 әнші қатысты, ал бишілердің олардан 2-еуі артық болды. Концертке неше биші қатысты?

Әншілер-7

Бишілер-?, 2-еуі артық

7+2

Жауабы: 9 биші қатысты.

3-тапсырма. Салыстыр.

6*4+5 7-7*7-7

8*5+2 3+6*6+3

10*8+7 6+0*0+5

Сергіту сәті. "Шырша"

4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

Есепте:

5-тапсырма. Ой қозғау.

"Алғырлар" "Тапқырлар"

1. Алма бағы жайнаған, 1.Көлден ұшты 7 қаз,

Қызыл алма айналып. Қайтып қонды екі қаз,

Алдым үзіп 5-еуін Қонбады оның нешеуі?

Тағы да алдым 2-еуін Қане, кім тез шешеді.

Алдым сонда нешеуін?

Қорытынды.

Ойлауға

Көп білуге

Үйрендік Шыдамдылыққа

Тапқырлыққа

Көп оқуға

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталадыБрошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

Әр топтың құлпынайларын санап, жеңімпазды анықтаймыз. Әр топқа грамота беріледі.

Үйге тапсырма: 34 бет, 5 есеп

Бағалау. Оқушылардың күнделігімен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Сын есім 2 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есім туралы берілген білімді кеңейту, сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын толықтыру, сауатты жазуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі:

Әдіс-тәсілдер:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Орнымыздан тұрып сәлемдесіп алайық.

-Балалар бүгін наурыз айының нешесі? Қай күн?

-Қазір қай жыл мезгілі? (Көктем)

-Көктем айларын атайық.

-Наурыз айында қандай мерекелер бар? (8-наурыз, 22-наурыз)

2. Қызығушылығын ояту.

Қазақ тілін оқудағы мақсатымыз-білім алу.

Міндетіміз -еңбектену.

Еңбектену арқылы "5"-ке қолды жеткізу.

-Біздің мемелекеттік тілміз қандай тіл? (Қазақ тілі)

-Егеменді елдің ұрпақтары қандай болу керек? (Білімді, алғыр)

-Олай болса, бүгін сабақта барлықтарыңа сәттілік тілеймін.

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді, ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым қазақ тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу. Қай? сұрағына жауап беріп тұрған сын есімді тауып, астын сызу.

-Сын есім дегеніміз не?

Сын есім дегеніміз-заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін, түр-түсін білдіретін сөз табы. Қандай, қай деген сұрақтарға жауап береді.

-Мынау не?

-Алма.

-Пішіні қандай?

-Дөңгелек.

-Түсі қандай?

-Қызыл.

-Иісі қандай?

-Жұпар.

Дәмі қандай?

-Тәтті, піскен.

4. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сұрақ бойынша қоянды сипатта.

-Қоян қайда жүреді?

-Қоянның түсі қандай?

-Қоянның құлағы қандай?

-Қоянның терісі қандай?

-Ол неден қорқады?

Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

5. Дәптермен жұмыс.

Тақтадағы бүгінгі күнді жазамыз.

Наурыздың он төрті

Сынып жұмысы.

Көркем жазу (тақтаға қарап, дәптерлеріне жазады).

Оқулықтағы 2-жаттығуны орындау. Тіркескен екі сөзді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.

Арша ағаштың бір түріне жатады. Ол таулы жерде өседі. Бойы аласа болады. Оның өзіне тән хош иісі бар. Аршаның емдік қасиеті бар.

Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

6. Сергіту сәті.

Бала, бала,балақай

Қане сенің алақай.

Саусақтары әйбәт,

Былай, былай ойнат.

7.Дидактикалық тапсырма.

Сызық арқылы сын есімді өзіне қатысты зат есіммен тіркестіріп жазу.

Қызыл аю

Жасыл үй

Сары алма

Ұзын жапырақ

Қоңыр пияз

Биік доп

Ала қауын

Ащы сызғыш

8. Оқулықпен жұмыс.

4-жаттығу. Әр зат есімге сын есім жаз.

... ... ...

... оқушы ... бөлме ... мал

... ... ...

Әр оқушы жеке тапсырма орындайды.

Сын есімнен зат есім жасау:

1-оқушы.

Тереңтолғаныс ой

су сезім

көл құдық

2-оқушы.

Зат есімнен сын есім жасау.

жемісті

ағашжуан жапырақты

биік жалғыз

пайдалы

3-оқушы.

Зат есімнен сын есім жасау.

сүйкімді

ынталы жігерлі

бала

кенже ақылды

әдепті

9.Қорытынды.

Венн диаграммасы бойынша сын есім мен зат есімді салыстыру

Сөз табы

Сөйлем құрастырып сұрақ қойылады

Қандай? Қай?

Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін білдіреді

Зат есім

Кім? Не?

Заттың атын

білдіреді


10. Үйге тапсырма: 177 бет, 5-жаттығу.Бағалау, мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері 4 сынып

Мақсаты : Білімділік

Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздерді , нақыл сөздерді танып -білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дамытушылық :

Оқушылар қара сөздерді жатқа айту арқылы сөзді қоры молаяды, дүниетанымы артады, өз ойларынан нақыл сөзер, олең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті артады.

Тәрбиелік мақсаты:

Қара сөздерде кездесетін үлгі аларлық сөздердің мағанасын түсіне отырып, оқушылар жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білімді игеру .

Сабақта қолданылған технология: СТО

Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау , баяндау , сұрақ- жауап, ой жаңғырту , кластер ,ассоциация, болжау , аквариум, инсерт кестесі.

Сабақта қолданылған көрнекіліктер, техникалық құралдар:

үнтаспа ,интерактивті тақта, Нақыл сөздер , Абай Құнанбаев портреті, шағын кітап көрмесі.

Сабақ барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі : Психологиялық кідіріс.

«Біз ұйымшыл топпыз»

а/ Әр топ спикерін тағайындау.

ә/ Топтың сабаққа дайындығы.

І .Қызығушылықты ояту:

Ойын «Аққала ойыны » / оқушылар әр түрлі қозғалыста жүріп аққала бейнесін құрауға қажетті суреттерді қиыстырып музыка тоқтаған сәтте тұра қалады./

Аққа жасаған балалар орындарына топ құрап отырады.

Инсерт кестесін тарату.

Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

- Авторы кім?

- Оқушылар « Абай Құнанбаев» деп жауап береді.

2. Оқушылар ойы : / интерактивті тақта бойынша жұмыс жүргізу./


Зере

Ибрагим Құнанбаев

Ұлжан

Әсемпаз болма

күзАбай

Құнанбаев

қыс

Жазғытұры

Ұлы ақын

Ғылым таппай мақтанба



1. Үнтаспадан тыңдау .

«Әдептілік ,ар -ұят адамдықтың белгісі.»

Талапбек: Ассалаумағалейкум, ата !

Зерделі : Сәлеметсіз бе , ата!

Атасы: Армысыңдар балалар! Өркендерің өссін «Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені» дегендей , сәлемдесуді ұмытпағандарың мені қатты қуантады.

Бұл жолы айтар әңгімем де адамдық , имандылық , ізеттілік , білімділік жайында . Құлақ салынды , қарақаттарым!

ІІ . Мағынаны ажырату.

  1. «Әдептілік ар -ұят - адамдықтың белгісі , Тұрпай мінез тағы жат надандықтың белгісі.» дегендей ......

Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен:

Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол, бірінші надандық , екінші еріншектік . Үшінші залымдық.

а/ Абайдың қара сөзін магнитофоннан тыңдалады.

ә/ Үш топтан үш оқушы мәнерлеп оқу.

б/ Қара сөздегі нақыл сөздерді жазып есте сақта.

/Интерактивті тақтамен жұмыс:/ Жақсыдан үйрен

Адам

Білімді

Талапты

Терең ойлы

Қайырымды

Ізденгіш

Адал

Еңбекқор

Парасатты

Инабатты

Ұятсыз

Білімсіз.

Қанағатсыз

Залым

МақтаншақАдам

Рақымсыз

Надан

Хайуан

Залым

Күншіл

Ой толғау .

1. Абайдың он жетінші қара сөзіне талдау .

Үш топқа жеке мәтіннің сөздерін бөліп беріп , аялдамамен оқыту әдісі арқылы қара сөзді талқылау .

  1. топ Ақыл

  2. топ Қайрат

  3. топ Жүрек

а/ Мәтіннің бірінші бөліктерін тарату

б/ оқушы ойын тыңдау болжам жасауларына назар аудару.

в/ Мәтіннің екінші бөлігін тарату.

г/ Болжамдарын салыстыру.

д/ Қорытынды пікірлерін тыңдау

  1. Адамның бойындағы жақсы -жаман қасиетерді салыстыра отырып нақыл сөздер, шағын өлең , ЭССе құрастыру .

1. топ . Нақыл сөз, мақал - мәтел

3. топ . Шағын өлең .

4. топ . ЭССЕ


  1. Инцерт кестесін толтыруды аяқтау

Қорытындылау .

Бағалау . Спикерлер бағасы . Топтық бағалау

Үй тапсырмасы.

"Оқыту - тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады"

К.Д.Ушинский.

Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем.

Мақсаты: Оқушыларды ой өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасау. Алған білімдерін тиянақтау, өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тареңдете түсу, оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету.

Барысы: 1. Кіріспе сөз.

Құрметті, ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып үйренуге, оқи аламын деген ұмтылысқа шақыратын - Әліппе оқулығы. Міне, бүгін біз барлық ғалымның анасы, болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.

Әліппені бітірдіңдер, шәкірттерім,

Ары қарай өсе берсін білімдерің.12жыл білім алып ұстаздардан,

Көгерте бер ұрпақтарым, қазақ елін.

Әліппе: (жүгіріп ортаға шығады)

-Достарым, достарым, қайдасыңдар? Бүгін Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінде мереке, мереке.

(Достары жүгіріп шығады)

Тапқышбек: Қандай мереке?

Әліппе: -Кешегі 1-сыныпқа келген оқушылар міне бүгін Әліппемен, яғни менімен қоштасады. Соған мен сендерді шақырамын.

(Бәрі бірдей: Барайық! Барайық!)

Дымбілмес: Мен бармаймын. (Бәрі кетіп қалады)

Дымбілмес: Жоқ, барайын, көрейін, олар не біледі дейсің?

Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана,

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Тапқышбек: Өтті-ау оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппеміз қоштаспақ.

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған,

Құтты болсын тойларың!

Оқушылар ортаға шығып өздерін таныстырады.

Алмаз деген баламын,

Есепті мен шағамын.

Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Аселя боламын.

Жасмин қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.

Әліппе туралы тақпақтар айтылады.

1-оқушы: «Әліппем» менің «Әліппем»,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңге сәуле жарықпен.

2-оқушы: «Әліппем» менің «Әліппем»,

«А» деген бастап әріппен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба алып мен.

3-оқушы: Осылай алға аттандым,

Әр әріпті жаттадым.

Жаттаған сайын әріпті,

Сөз құрап жаза бастадым.

Оқушылар: Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті, Әліппе!

Ол сүйікті, Әліппе!

Мақта қыз бен мысығы ортаға шығады.

Мысық: Әліппе не үшін керек? Не үшін оқу керек?

Мақта қыз: Оны балалардан сұрайық. Балалар, айтыңдаршы, оқу не үшін керек?

Балалар: Білімді болу үшін.

Мысық: Балалар, ал қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Балалар: 42 әріп.

Мақта қыз: Ал, балалар сендер сөздерді буынға бөлуге үйреніңдер ме?

Балалар: Иә, үйрендік.

Мақта қыз: Ендіше мен сендерді тексерейін, сөздерді буынға бөліңдер.

(мектеп, оқушы, мұғалім, бесік, тіл, сөз, айран).

Мысық: жақсы балалар, өте тамаша.

Мысық: Ал әріптерден сөз құрастыра ала ма?

Мақта қыз: Оны да балалар айтсын. (Екеуі кетіп қалады)

Алфавиттегі әріптер туралы тақпақтар жатқа айтылады.

1-оқушы: Алфавиттің А тұрады басында.

Әрқашан да Ә тұрады қасында.

Байқадың ба? Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші:

2-оқушы: А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,

Б деген ол-балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

3-оқушы: Алшақ кетпей...

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында

.

Көрініс. Жыртық кітап жылады.

Жалқаубек: Мен сабақты жақсы оқимын, мен сабақтан кешікпеймін, мен сияқты ешкім оқымайтын шығар?

Автор: Әр беті сатпақ-сатпақ,

Сірескен шимай шатпақ,

Алба-жұлма жыртық кітап,

Өзіне қарап, жадап, жұтап,

Ашу қысып, ызаланып,

Иесіне бұрылып, ызаланып,

Кітап: -Ей, оқушы балам!

Қарашы өзің маған.

Жап-жаңа сүйкімді кітап едім,

Білім бұлағы саған-дедім,

Бірінші тоқсанға жетпей,

Азырақ сыйлап құрмет етпей,

Белшеден кірге батырдың,

Қолға алғысыз болып жатырмын.

Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың,

Беттеріме білеудей қолыңды сүрттің.

Қаламыңмен тесіп, түртіп,

Шұрқ тесігімді шығардың,

Бұл қорлыққа қалай шыдармын?

Жалқаубек: Сонымен маған не демексің?

Автор: Саған қызмет еткеннен басқа ниеті жоқ.

Кітап: Ойланшы өзің балам,

Не жазығым бар саған? - деп ызалы кітап жылады, ал Жалқаубек болса, оның сөзін құлағына асқан жоқ (Жалқаубек шығып кетеді).

Әліппе: Жоқ балапандар, сендер бұл Жалқаубек сияқты, болған жоқсыңдар.

Рахмет! Мені таза ұстадыңдар.

Рахмет! Құрметті шәкірттер.

Әліппе:

  • Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық.

  • Математика:

  • Математика-ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды,есептеуді үйретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме?

(Санамақ айтқызу. Математикалық есептер шығарту. Математика сабағында үйренген сергіту сәтін жасау.)

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны,

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Біз енді Әліппемен қоштасамыз.

Жолына гүлмен қос жыр шашамыз

Білімнің бұлағымен сусындаған,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Әліппе: Рахмет балалар! Дұрыс айтасыңдар, енді көп кітаппен достасасыңдар.

Меңгердіңдер мені де,

Болмадыңдар босқа тер,

Ана тілі әпкем бар,

Сендерді жетектеп әкетер

Менің сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды мендей сүйіп, мендей құрметтеңдер, өнерлерің өрге жүзсін, мені ешқашан ұмытпаңдар. Қош сау болыңдар!

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреткен,

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің!

Ән. «Әліппе»

Отырған қонақтармен жұмбақ сайысын өткізу.

«Көкөністер» мен «Жапырақтар» екі команда болып бөлініп отырады. Дұрыс жауап берген командасынның себеттеріне жапырақ немесе көкөністер ілінеді. Кімнің себеттері толық болса сол жеңімпаз болады.

Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер)

Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. (хат)

Мен-қалам, ақ қалам.

Жазған сайын жоқ болам. (бор)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

Күнде оған қараймын, Қара шашты тараймын. (айна)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады. (пияз)

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (мұз)

Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады. (жел)

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен. (су)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады. (қар)

Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді. (әліпби)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (телефон)

Көрініс: «Аю мен түлкі»

Мұғалім: Балалар, әліппемен қоштастық. Енді қандай оқулықты оқитын боламыз.

Оқушылар: «Ана тілі»

Олай болса, ортаға «Ана тілін» шақырайық.

Ана тілі: Армысыңдар, жас достар! Менің атым-«Ана тілі». Енді мені оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Оқушылар: Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз,

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Оқушылармен ребус шешу.

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбеітін еңбекқор, мықты болсын! -дегім келеді.

(Ертеңгілік мұғалімдердің, мектеп басшыларының, ата-аналардың құттықтау сөзімен аяқталады.)

Сабақтың тақырыбы: «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа»

Сабақтың мақсаты: 1Білімділік: мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың ой-белсенділігін, таным ізденімпаздық қасиеттерін арттыру.

3.Адамгершілік: адамгершілікке, парасаттылыққа, сыпайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдалық-зерделік жарыс сабағы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу. «Жасұлан» және «Өркен».

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, біз тәрбие сағатымызды әрі қарай жарыс ретінде өткіземіз. Бүгінгі жарыс сабағы алты кезеңнен тұрады. Берілген тапсырмаларға дұрыс, нақты жауап беріп, жоғарғы ұпай алған топ жарыс сабағының жеңімпазы атанады.

Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Еліме тыныштық тілеймін!

2. Күніміз жарық болсын!

3. Аспанымыз ашық болсын!

4. Деніміз сау болсын!

5. Нанымыз көп болсын!

6. Көк туымыз биік болсын!

1-кезең. Таныстыру.

1-топ: Біздің топ: «Жасұлан»

Біздің ұранымыз: «Тал бар жерде-өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2-топ: Біздің топ: «Өркен»

Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді- қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

2- кезең. «Адам зат»

«Жасұлан» тобына

  1. Атаңның аты кім?

  2. Мұғаліміңнің аты кім?

  3. Мектеп директоры кім?

  4. Астанамыз қай қала?

  5. Жазуды немен жазасың?

  6. Біздің Елбасымыз кім?

  7. Қай ауылда тұрасың?

  8. Қандай түсті жақсы көресің?

«Өркен» тобына

  1. Анаңның аты кім?

  2. Сүйіп тыңдайтын әншіңнің аты кім?

  3. Ауыл әкімі кім?

  4. Саған қай қала ұнайды?

  5. Қандай кітапты көп оқисың?

  6. Өлеңді кім жазады?

  7. Қай ауданда тұрасың?

  8. Қандай тағамды ұнатасың?

3-кезең. «Кім жылдам?»

Шарты: «Тәуелсіздік» сөзі беріледі. Екі топ белгіленген уақыт ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек. (Жауабы: ел, сіз, тез, кісі, тіс, тік, келді, сәуле, тесік, т.б.)

Поэзия минуты.

Оқушылар:

Ана тілім-ұраным,

Ана тілім-құралым.

Ана тілі болмаса-

Болмас еді жыр-әнім.

Ана тілім- елдігім,

Ана тілім-ерлігім.

Ана тілі-болмаса-

Бүтінделмес кемдігім.

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,

Туған тілім - анам тілі - өз тілім.

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алындар.

Сөйлеп жүрген күнде мен,

Керемет қой қазақ тіл деген

Кенелтемін білімге,

Небір ойлар тілімде.

4-кезең. «Мақал-мәтел» сайысы.

1. Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі - сөз.

2. Көңіл - гүл,

Тіл - бұлбұл.

3. Аяққа, қолға кісен салуға болады,

Ал, тілге кісен салуға болмайды.

4. Өнер алды - қызыл тіл.

5. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

6. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл,

Ең қатты да тіл, ең жұмсақ та тіл.

7. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

8. Тіл қылыштан өткір.

9. Батырдың сөзі мың теңгелік.

10. Басқа бәле тілден.

11. Ауыз құлып сандықты,

Тіс ашпаса, тіл ашар.

5-кезең. Ойын «Қай буынды жоғалттым?»

«Жасұлан» тобына - ..ла, ма..на, ке..., мек..., ..рет, мем..кет.

«Өркен» тобына - дос..., ..зақ, де..лыс, жол..рыс, пар.. , тәуел...дік.

(дала, машина, кеме, мектеп, сурет, достық, қазақ, демалыс, жолбарыс, парта, мемлекет, тәуелсіздік).

6-кезең. «Адасқан әріптер».

«Жасұлан» тобына р қ а - қар; а т а н с а - астана; к е м т е п -мектеп; л і т -тіл.

«Өркен» тобына қ т ы с а б -бастық; з к ү - күз; п ы с ы н -сынып; й қ о -қой.

Көрініс: «Не тәтті?»

Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан қарсы бір бала шықты.

-Ассалаумағалейкум, ата!

-Уағалейкумассалам, балам!

-Күйілі-қуаттымыз!

-Қудайға шүкір, балам, аман-сау жүріп жатырмыз.

-Енді балам мен саған бір сұрақ қойып берейін.

-Дүниеде не тәтті, балам?

-Бал тәтті.

-Ал жұмсақтан не жұмсақ?

-Мамық жұмсақ.

Бүл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:

-Осы сұрақтарыңызға мен жауап көрейін, рұқсат етіңіз

-Ал айта ғойшы. Балам не жұмсақ?

-Ананың қолы жұмсақ.

-Не тәтті?

-Баланың тілі тәтті.

Жұмбақ сайысы.

1.Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп,

Қамалып жатыр. (тіс)

2.Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер)

3.Еш тесікке тұрмайды

Ол жақта жер құрғайды. (су)

4.Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады. (жел)

5.Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп,

Қамалып жатыр. (тіс)

6.Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер)

7.Еш тесікке тұрмайды

Ол жақта жер құрғайды. (су)

8.Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады. (жел)

9.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қарындаш)

10.-Оймен, кәне, өсейік,

Ойлы жұмбақ шешейік:

Оқысаң, аласың,-

Оқымасаң, наласың,-

Қатапыңнан қаласың.

Ол, не, күнім? (білім)

11.Емес ол кітап, дәптер де,

Жүреді бірақ та портфельде.

Көрсетіп ондағы бағаңды,

Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)

Қорытындылау.

Мұғалім: Ал, балалар, біз жарысымыздың соңына жеттік. Әділ қазылар алқасынан бүгінгі сабаққа екі топтың бағасын естиміз. Жоғары ұпай алған топ бүгінгі жарысымыздың жеңімпазы атанады. Енді сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Сабақтың тақырыбы: Менің қанатты достарым

Сабақтың мақсаты: оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. құстардың түрлерімен, ұяларымен таныстыру, мағлумат беру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын кеңейту. Құстарға қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: құстардың суреті, интерактивті тақта.

1. Негізгі бөлім.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-көктемде күн жылынып, жер көгереді, ағаштар бүршік атып, айнала жасыл желекке оранады. Құстар ұшып келеді.

-Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?

-Жыл құстары.

-Жыл құстарын атаңдар. Тырна, қаз, үйрек, қарлығаш, қараторғай.

Слайд 2.

-Қыстайтын құстарды ата? Құрт, суықторғай, алақарға, шымшық, тоқылдақ.

-Құстардың көктемгі тіршілігінің ең басты ерекшелігі неде?

Слайд 3-9

-Ұрпақ қамы: ұя жасау, жұмыртқа салу, балапан шығару.

Көктем мезгілі құстардың жылы жақтан ұшып келетін кезі, бұларды «жыл құсы» деп атайды. Жыл құстары күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта оралады.

Балалар, бүгінгі сабағымызда құстар туралы көп білетін боламыз.

2. Ой тастау.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Мамық жүнінен жастық жасаса, жұмыртқа, етін жейді. Құстар зиянды жәндіктерді жеп орманды, егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге таратып та адамға көп қызмет етеді.Қазақ халқы құстарды ерекше қастерлеген.

-Құстарға тән ортақ қасиеті қандай?

-Барлығы да ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды.

-Ал айырмашылықтары неде?

-Тұмсықтары әртүрлі, дене пішіндері әртүрлі, құйрығы әртүрлі, түсі, дыбысы әртүрлі, жұмыртқалары әртүрлі.

3. Қазақстан құстары туралы әңгімелеу, таныстыру.

Слайд 10-19

4. Сергіту сәті.

Слайд 20

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

5. Венн диаграмасы.

Слайд 21-22

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

-Құстар қандай түрлерге бөлінеді?

Ұй құстары: Жабайы құстар:

Тауық, үйрек, Аққу, тырна, бүркіт,

қаз, күркетауық. қырғауыл, шымшық, дуадақ.

6. Жұмбақтар.

Слайд 23-27

Тынымсыз тоқ-тоқ етеді,

Ағаш құртын жоқ етеді. (тоқылдақ)

Сұлу, өзі аппақ,

Сыңарымен көрікті-ақ. (аққу)

Бейбіт өмірді қалайды,

Хат тасуды жөн санайды. (көгершін)

Тудан оны көреміз,

Қыран екеніне сенеміз. (бүркіт)

Адамды дос санайды,

Ұясын үйге қалайды. (қарлығаш)

7. Қызықты әңгімелер.

1.Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрлері бар.

2.Тіршілік ететін ортасына байланысты құстар жер бетімен жүруге, суда жүзуге, ағашқа өрмелеуге де бейімделген.

3.Шапшаң ұшатын құстардан сұр қарлығаш сағатына-170-310км, бүркіт-150км, қаршыға-89км, қарлығаш-110, көгершін-62км ұша алады.

4.Құстардың ішінде ұзақ жасайтындары да бар. Тоты-140, бүркіт-120, қарға-100, қаз-80, аққу-300-400 жыл жасайды.

5. Бразилияда дауысы 2км жерден естілетін торғай тіршілік етеді.

Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлдарды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіріп, сұңқарды қолына қондырған.

8. Викторина.Слайд 28

  • Құстың негізгі мекені? (Ұя)

  • Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

  • Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

  • Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

  • Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)

Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген түрі? (Құстар)

9.Қорытынды: Ситуациялық сұрақ.

-Құстар болмай қалса не болады?

-Ормандар, далалар үнсіз қалады. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптайды. Бақтар мен бақшалар жемістерін бермейді.

10. Ой топтастыру.

-Ал ондай болмас үшін біз не істеуміз керек?

Қыстап қалатын құстарға ұя салып, жем шашып тұру керек. Құс ұясын бұзуға, балапанды өлтіруге болмайды.

-Балалар, құстар біздің қанатты достарымыз болып саналады, олардың санын жоғалтпай күтуіміз керек.

Тақырыбы: "Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!"

Мақсаты: білім негізі - бастауышты оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстаздарымен қоштасу рәсімін жасау. Оқушылардың тілдерін дамыту, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

Туған жерін, ауылын, мектебін, Отанын, тілін құрметтеп, мақтан тұтуға баулу. Инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отарсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныптан білім алып, аяқтап, жоғары сыныпқа өткелі отыр. «Талаптыға нұр жаусын!» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер!

Слайд 1

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар! Оқушылар, қадірменді аналар мен әкелер!

2-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-оқушы:

Шашу, шашу, шашайық.

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

«Біз қандай едік?» интерактивті тақтадан көрініс.

Слайд 2-11

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

2-оқушы:

Өсті міне, бойымыз,

Өсті міне, ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз!

Той құтты болсын, халайық!

3-оқушы:

Балғын бала - бастауым,

Сәтті қадам бастадым.

Біліп көрдім оқуды

4 жылды артқа тастадым.

4-оқушы:

Мен үйрендім білімді,

Төктім бар ой, терімді.

Ұқтым, күліп, ойнадым,

Көтеріп әр сәт көңілімді.

«Біз не үйрендік?»

Интерактивті тақтадан әр пән бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.

Слайд 12-14

Брошюра:Ғылым жолы бастауыштан басталады

«Мектебім» әні орындалады.

(видеофильм)

Өздерің оқыған 8 пәнге сипаттама берейік

Слайд 15-23

Қазақ тілі:

Екшейді сөз асылын тіл сабағы,

Түзейді талдап тұрып мін-шаланы.

Көкейге себілгендей інжу-маржан,

Кернейді жарқыраған нұр-сананы.

Бейнелеу өнері:

Құлшынтады бізді сурет сабағы,

Тебірентіп ой-қиялды, сананы.

Елестетіп көк тіреген тауларды,

Малы өрген ауыл мен сай-саланы.

Қыл қаламмен езіп тұрып бояуды,

Сызамыз да шексіз байтақ даланы.

Сонан кейін таңдап зәулім үйлерді,

Әдейлеп аралаймыз қаланы.

Математика:

Әуелі жүзге шейін жаттап алғын,

сонан соң ережелі шартқа бағын.

Екіге бірді қосып молайттағы,

Бесті бұзбай екіні шақтап алғын.

Үшті үшке көбейтіп есем де,

Сегізді төртке бөліп, бапқа барғым.

Тәсілін төрт амалдың игергенің-

-Есеңді бермеу жолын сақтағаның.

Еңбек:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Дүниетану:

Бұл сабақта елестейді сағым шың,

Алыс-жақын Жер бедерін танисың,

Асқар асып, мұхиттарды кешкендей,

Сезінесің көлдің көркін тау иісін.

Құрылықтың құпиясын білесің.

Бар ма өзіңнің оған қосар үлесің?

Жақсылық пен жамандықты айырып.

Адамдармен бірге өмір сүресің.

Дене тәрбиесі:

Күнде ертемен тұрамын да,

Жуынам тау бұлағына.

Әрлі-берлі жүгіремін,

Дене жазып бүгілемін.

Сосын үйге келемін мен,

Тигендей-ақ төбем күнге.

Көңілім шалқып, мерейім асып,

Мектебіме шығам жолға.

Мендегі әдет күнде осы,

Жаттығу бұл адам досы.

Ана тілі:

Ең бірінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Музыка:

Көңілді көтереді ән сабағы,

Мұғалім өзі үйретіп ән салады.

Шырқасаң жаңа әнді көкке өрлете,

Тыңдаған үлкен-кіші тамсанады.

Талабы талпындырған өнерпаздар,

Жетеді мұратына жанса бағы.

«Қамажай биі» орындалады.

5-оқушы:

Әлі есімде мектепке алғаш келгенім,

Оң қолыңмен «Әліппені» бергенің.

Санай ашып «Әліппенің» әр парағын,

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.

1-оқушы: Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

2-оқушы: Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.

Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді - міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін-бәрін осы мектеп беретін ұстаздардан үйрендік.

Біз не үйрендік?

3-оқушы: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды. Халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйрендік.

Біз не үйрендік?

1-оқушы: Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны.

Бізді болашаққа не бастайды?

2-оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата-ананың ақылы. Болашаққа деген сенім.

Біз кім боламыз?

3-оқушы: Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

4-оқушы: Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, көк күмбезін шарлаған ғарышкер де, ақ халатты абзал жан дәрігер, мал баққан шопан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

«Дос болайық бәріміз» әні орындалады.

Пән мұғалімдеріне арнау.

1-оқушы:

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің, мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Слайд 23

2-оқушы:

Ақылды бол, адал бол,

Білімді сен адам бол,

Деп оқытқан ұстазым,

Айгүл апай аман бол!

Слайд 24 3-оқушы:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Слайд 25. 4-оқушы:

Ақбөпе апай өнерлі,

Әсем әннің шебері.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Слайд 26. 5-оқушы:

Ақыл, сана берген білім тереңін,

Алғысы көп мектебіне өреннің.

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,

Шәкірттері көрсетеді өнерін.

Слайд 27. 6-оқушы:

Нұр шуағын түсірген,

Бала жанын түсінген.

Шеберлігін сыйлаған,

Айжан апай сыйлы адам

Слайд 28. 7-оқушы:

Ардақты Құралай апай асқақтаңыз,

Жастық шақта біліммен жалындаңыз.

Қадамыңыз әрқашан құтты болсын,

Ыстық сәлем біздерден қабылдаңыз.

8-оқушы:

Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Біз басшыға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық!

1-оқушы: Біз 4 жыл ішінде тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілдерді де үйрендік. Ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіліміз, ол-орыс тілі.

2-оқушы: Слышишь песенку ручья?

Это - Родина твоя.

Слышишь голос соловья?

Это - Родина твоя.

Школа, где твои друзья,

Это - Родина твоя.

3-оқушы:

Мы еще раз вспомним звонок веселый,

Что прозвенел нам в первый раз?

Когда вошли с цветами в школу,

В самый лучший класс.

1-оқушы: Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1-сынып оқушылары да келіп отыр. Біз бүлдіршіндерге бастауыш сыныптың кілтін ұсынамыз.

2-оқушы: Бүгінгі қоңырау үні біз үшін ерекше. Ол біздің бастауыш сыныппен қоштасып, сәби шақтан өмірдің келесі баспалдағына-оқу, білім ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні. (Қоңырау соғу)

3-оқушы: Ұстаз...Алғашқы ұстаз. Жан дүниенді тебірентер, балалық шағыңды еске түсірер. Мәңгілік ұмытылмас ұлы тұлға.

Әсіресе біз үшін алғашқы ұстазымыздың орны бөлек. Бүгінгі мерекемен қатар, бастауыш мектебімізбен, онда 4 жыл бойы сабақ берген ұстаздарымызбен де қоштаспақпыз.

4-оқушы: Ата-ана ісінен бала көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу - әр баланың парызы. Сондықтан, 4 жыл бойы оқығанда ата-ананың еңбегі де мол.

5-оқушы:

Бар білгенін аямаған,

Өз гүліндей аялаған.

Мың рахмет ұстаздарға,

Қамқор әкем, аяулы анам.

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен,

Ұстаз үмітін ақтаймыз,- деп (бәрі хормен)

«Серт береміз шын жүректен!»

Слайд 29 Мұғалім:

  • Бастауыш сынып білімі - бұл бар білімнің іргетасы, тірегі. Айтатыным дендерің сау болып, алған білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Қадамдарың құтты болсын. Тәуелсіз еліміздің тірегі болып өсіңдер дей отырып мына өлең жолдарын өздеріне арнаймын.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғандар.

Білім жолы сара жол.

Ізденіңдер талмандар.

«Қош бол, бастауыш» әні орындалады. (видеофильм)

Әр оқушыға арналған өлең жолдарын оқу, сыйлық тапсыру.

Тақырыбы: Әліппе-білім бастауы

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін бекіту, білік дағдыларын тиянақтау.

2. Жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.

3. Ұқыптылыққа, адамгершілікке, достарын тыңдай білуге, өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, шарлар.

Сабақтың түрі: ертеңгілік сабағы

Барысы:

Музыка ойналып тұрады.

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, бұрынғы өткен заманда дін мусылман аманда, қазақы елдің төрінде, Мәдениет шаһарын халқына қалаулы, еліне елеулі, ақылды хан билепті. Осы Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінде "Әліппе-білім бастауы" атты тойды тамашалауға хан да келіпті.

Хан уәзірлеріне бұйрық береді:

-Бүгінгі той иелерін шақыртыңдар!

Уәзір: (ширатылған қағаздан оқиды).

Уа, халайық, халайық. Хан жарлығына құлақ салайық. Сән салтанатты бастауға бірінші сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық.

(қоңырау соғылады).

Оқушылар кіріп, сапқа тұрады.

Хан:1. Біз қандай елде тұрамыз?

2. Қазақстан Республикасының президенті кім?

3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

4. 1-ші желтоқсан күні қандай мереке?

5. Егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, қанеки, балалар, Отанымыз Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші?

Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.

Уәзір: - Хан ием, біз бүгінгі "Әліппе - білім бастауы" кешін сізге есеп беру сабағы ретінде, ертегі бойынша өткізгелі отырмыз.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі Әліппені бітіру тойларыңыз құтты болсын!

Келесі сөзді 1-ші сынып оқушыларына берейік. (оқушылар өздерін таныстырады.)

1. Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын.

Мен боламын Айгерім.

2. Рустам деген баламын,

Есепті мен шағамын.

3. Би билеймін айнала,

Менің атым Айсара.

4. Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Тамерлан жігіт мен болам

5. Данара қызбын мен маңдай,

Әдемімін мен қандай.

6. Дарасы болар даланың,

Ануар деген баламын.

7. Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Сабина боламын.

8. Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым Азамат.

1. Армысыңдар жас достар,

2. Армысыңдар ата-ана.

3. Болашаққа жол бастар,

4. Балаң келді ортаға.

5. Білім деген ғажаптың,

6. Әліппесін меңгерген

7. Болашағы қазақтың,

8. Басталады біздерден. - хормен

Мұғалім: Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Хормен: "Әліппе, қайдасың?"

(Музыкамен Әліппе кіреді)

Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, біздің ертеңгілігімізге Әліппенің өзі де келіпті. Қане, Әліппемен амандасайық.

Оқушылар: "Қош келдің, құрметті Әліппе!"

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар. Жазуға, оқуға, мәнерлеп дұрыс оқуды үйрендіңдер. Мен сендерге ертеңгіліктеріңді тамашалауға келдім. Балалар ертеңгілігімізді бастамас бұрын, орманда менің досым Ана тілін түлкі ұстап отыр, маған құтқаруға көмек бересіңдер ме?!

Музыкамен мұңлы "Бауырсақ" кіреді.

Мұғалім: Ой, балалар, бізге қонаққа кім келген?

Оқушылар: "Бауырсақ".

Мұғалім: Дұрыс балалар! Сәлеметсің бе, бауырсақ! Неге мұңлы болып тұрсың?

Бауырсақ: Балалар, маған көмектесіңдерші, мен орманнан өте алмай жүрмін. Орманнан өту үшін көптеген тапсырмаларды, есептерді орындау керек, мен бір өзім орындай алмайды екенмін.

Мұғалім: Балалар, бауырсаққа көмек береміз бе? Біз осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетейік.

Музыкамен орман ішін аралап келе жатып секіріп жүрген қоянды кездестіреміз.

Мұғалім: Балалар, бізге қандай жануар жолықты?

Оқушылар: Қоян.

Мұғалім: Сәлеметсің бе, қоян!

Қоян: Сәлеметсіңдер ма, балалар!

Мұғалім: Қоян, біз Әліппенің досы "Ана тілін" құтқаруымыз керек және бауырсақты өткізуіміз керек. Сен бізді өткізесің бе?

Қоян: Жоқ, мен сендерді өткізбеймін, сендер ол жаққа өту үшін менің тапсырмаларымды орындауларың қажет.

Мұғалім: Балалар, біз тапсырманы орындай аламыз. Тапсырмаңызды беріңіз, қоян.

Қоян: Менің сендерге екі тапсырмам бар.Біріншісің әліппе сабағынан қоямын.

Мақсаты: берілген сөздерді буынға бөліп, неше әріп, неше дыбысы бар екенін айтады.

Мектеп, оқушы, мұғалім, бесік, сөз, айран, тіләек, ата, дала.

Қоян: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ақылды екенсіңдер! Келесі тапсырмам "Әліппеге" байланысты, 1 шумақ өлең айтыңдар.

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Мұғалім: Рахмет қоян! Бізбен бірге жүр, "Ана тілін" құтқарып, ертеңгілігіміздің қонағы боласың.

Қоян: Жарайды, сендер мені жеңдіңдер. Ақылды екенсіңдер, жол ашық, өте беріңдер!

Мұғалім: Рахмет қоян! Бізбен бірге жүр, "Ана тілін" құтқарып, ертеңгілігіміздің қонағы боласың.

Музыкамен келе жатып алдымыздан қорбаңдаған "Аю" шығады.

Мұғалім: Балалар, біздің алдымыздан қандай аң шықты?

Оқушылар: Аю.

Мұғалім: Дұрыс, балалар! Сәлеметсің бе, Аю! Біз орманда "Ана тілін" құтқаруымыз керек, бізді өткізесің бе!

Аю: Сәлеметсіңдер ме! Жоқ, мен сендерді өткізбеймін, сендер менің тапсырмамды орындауларын керек. Орындай алмасаңдар сендерді жеп қоямын.

Мұғалім: Жарайды, аю тапсырмаңды біз орындаймыз. Балалар, қане барлығымыз бірге тапсырманы орындайық.

Аю: Мен сендерге математика сабағынан қоямын, сендердің білімдеріңді тексеріп көремін.

Есеп: 1) Түлкі түске дейін 6 қоянмен танысты, ал түстен кейін 4 аюмен танысты. Түлкі барлығы неше аңдармен танысты?

6+4=10 Түлкі барлығы 10 аңмен кездесті.

2) Өрнектің мәнін табыңдар:

10-4=6 7+2=9 4+3=7 8-6=2 6+4=10 2+4=6 8-5=3 9-3=6

5+5=10 6-6=0 2-0=2 1+8=9 7-2=5 6-5=1 0+9=9 1+4=5

Аю: Ой, жарайсыңдар, балалар, сендер математика сабағын жақсы көреді екенсіңдер, білімді екенсіңдер, сендерді жемеймін. Орманға өте беріңдер!

Мұғалім: Рахмет, аю! Балалар, аюды ертеңгілігімізге қатыстырамыз ба?

Оқушылар: Иә.

Мұғалім: Аю, сен бізбен бірге жүр.

Музыкамен орман ішін аралап келе жатып қасқырға жолығамыз.

Қасқыр: Сендер қайда бара жатырсыңдар?

Мұғалім: Сәлеметсің бе, қасқыр! Біз ормандағы "Ана тілімізді" түлкіден құтқаруға бара жатырмыз, сен бізді өткізесің бе?

Қасқыр: Жо-жо-жоқ, мен сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді тамашалағым келеді. Сендер менің тапсырмамды орындағанда ғана өткіземін. Орындай алмасаңдар жеп қоямын.

Мұғалім: Қасқыр, сен бізді жеме, жарайды, біз сенің тапсырмаңды орындаймыз. Бізбен бірге Әліппе де бар, қоян да бар, аю да бар, барлығымыз бірге орындаймыз.

Қасқыр: Мен сендердің сурет сабағында қалай сурет сала алатыңдарыңды тексеріп көремін. Егер сендердің салған суреттерің ұнамаса, орманға өткізбеймін. Балалар, мен балықты өте жақсы көрем, сендер маған балықтың суретін салып беріңдер.

Мұғалім: Балалар, біз балықтың суретін сала аламыз, 2 бала шығып, балықтың суретін салады.

Қасқыр: Балалар, мына салған суреттерің тірі балық секілді ғой, сендер маған суретті жақсы салады екенсіңдер, жарайсыңдар. Орманға өте беріңдер!

Мұғалім: Рахмет саған қасқыр! Сен бізге қосыл "Ана тілін" құтқаруға жәрдемдесесің, біздің оқушылардың "Әліппе - білім бастауы" атты ертеңгілігін тамашала.

Музыкамен орман ішін аралап жүріп түлкіні көреміз.

Түлкі: Сендер қайда барасыңдар?

Мұғалім: Сәлеметсің бе, түлкі! Сен неге біздің "Ана тілін" жібермейсің? Біздің "Әліппе - білім бастауы" атты ертеңгілігімізге конаққа керек. Біз Әліппемен қоштасып, "Ана тілін" оқуымыз керек.

Түлкі: Ммммммм, мен сендерге бостан босқа бермеймін, менің тапсырмаларымды орындасаңдар жіберемін. Орындай алмасаңдар жібермеймін.

Мұғалім: Жарайды, қу түлкі, тапсырмаңды орындауға біздің балалар келіседі.

Түлкі: Менің ән тыңдағым келіп тұр. Кім әнді жақсы айтса, мен сендерге "Ана тілін" беремін.

Мұғалім: Жарайды, түлкі біздің балаларымыз ән айтуды біледі.

"Бала тілегі " әні орындалады.

Екінші тапсырмам бар, ол еңбек сабағынан сендердің жылдамдықтарыңды тексеріп көремін. Қиылған түрлі-түсті қағаздан гүлдерді құрастыру.

Түлкі: Ой, балалар, кешіріңдер, сендерді бекер ұстап қалыппын, сендер өте өнерлі, білімді балалар екенсіңдер, мені ертеңгіліктеріңе қатыстырыңдаршы, мен де көргім келеді.

Мұғалім: Балалар, түлкіні кешіріп, ертеңгілігімізге қатыстырамыз ба?

Оқушылар: Иә, қатыстырамыз.

Мұғалім: Жарайды қатыстырамыз. Балалар, қане барлығымыз "Ана тілімен" сәлемдесейік.

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, "Ана тілі"!

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Сендер мені құтқардыңдар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар, сендерге көптеген ақын-жазушылардың ертегілерін, әңгімелерді үйрететін боламын.

Мұғалім: Құрметті оқулықтар, ертегі кейіпкерлері! Сіздер төрлетіңіздер, біздің шәкірттер тек сауатты емес, сонымен бірге өнерлі екендерін де көріңіздер!

Оқушы: Сүйікті досымыз, Әліппе! Біз сізден көп нәрсені оқып үйрендік. Біз енді өзіміз-ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа мәтіндерді бөгетсіз оқи аламыз.

Мұғалім: Олай болса, балалар, алғашқы "Әліппені" кім жазды?

Оқушылар: Ахмет Байтұрсынов атамыз.

Мұғалім: Сонымен қатар сендерді білім алуға, оқуға кім шақырған?

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин атамыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ыбырай атамыз - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, өз заманының ойшылы, қоғам қайраткері.

Мұғалім: Балалар тақпақтарымызға көшелік.

Балалар тақпақ айтады.

1.Әліппе- білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

2.Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

3.Ашыла берді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

Әліппе - білім бесігі.

4.Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

5.Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

6.Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

7.Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әріптерді үйрендім,

Бала болдым ақылды.

8.Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

сауатты болып, шықты міне балаңыз.

Уәзір: Хан ием, оқушылардың бүгінгі "Әліппе -білім бастауы" кеші қалай өтті? Ұнады ма сізге?

Хан: Иә, уәзір. Балалар өте жақсы Әліппені игерді. Бүгінгі мереке маған өте ұнады. Мен де сендерге бос қолмен келген жоқпын, сендерге "Ана тілі" оқулығын әкелдім. Енді Әліппеден кейін осы Ана тілі кітабын оқитын боласыңдар. Білімді, әдепті, ұқыпты оқушылар болыңдар.

"Мектебім, аяулы мектебім", "Дос болайық бәріміз" әні орындалады.

Мұғалім: Құрметті Әліппе, сізге көптен көп рахмет. Оқушыларымыздың сауатын аштың.

Оқушылар: Сау бол, құтты Әліппе!

Мұғалім: Арманмен алыстарға аттанарда,

Жас оралар іркіліп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар.

Сөз берейік аталар мен аналарға.

Ұстаздар-ұлттың тірегі,

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен.

Халықтың ұлы тірегі, -деп мектеп директорына және оқу ісінің меңгерушісіне сөз береміз.

Тақырып: «Жақсылық ету-үлгі көрсету»

Мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының

дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі

туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажыратып, тіл

байлығын таным белсенділігін арттыру.

3.Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға

тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар, қадірлі ұстаздар!

Бүгінгі сынып сағатында әсемдікке, әдемілікке дағдылану, үлкенді

сыйлау, кішіге көмек беру, өзін өзі қалай ұстау керектігі жөнінде ой

толғап,пікір алысқалы отырмыз.Кәне,жас дос,өз пікіріңді ортаға

сал. «Жақсылық ету- үлгі көрсету» деп бәріміз шаттық шеңберге тұрып

бір - бірімізге жақсы тілек айтайық.

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек?

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік

Кел, қосылып күлейік.

Ха- ха- ха- ха- ха!

Мұғалім: Адам бойында жақсы да ,жаман да қасиеттер бар.

Адалдықты, ақылдылықты,қарапайымдылықты, кішіпейілділікті,

шындықты ана - аталарымыз, ата - бабаларымыз үйретті. Біз осындай

жақсы қасиеттерді үйреніп жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз

қылықтардан аулақ болуға тырысайық.Сынып сағатын ұлы атамыздың

даналық сөздерінен бастайық.

Бәрі: Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз.

Оқушы:Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Оқушы :Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Оқушы:Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

Мүғалім: «Жақсы» дегенде ойларыңа не келеді?

(адалдық, достық, мейірімділік, тәртіптік, әдептілік, имандылық,

тазалық, кішіпейілділік)

Ал,«жаман» дегенде қандай ойлар келеді?Әрине(бұзықтық,тәртіпсіздік

салақтық,білімсіздік,әдепсіздік).

Ендеше,біз бүгін барлық қасиеттерді есте сақтап, «Жақсы» болуға

тырысайық.

Оқушы: Әдептілік, ар -ұят Балаларға өсиет,

Адамдықтың белгісі. Қалмаңыздар кесиет.

Тұрпайы мінез тағы жат- Бірлігіңнен айырылма,

Надандықтың белгісі Бірлікте бар қасиет

Оқушы:Татулық-болар береке, Арыздаспай, таласпай,

Қылмасын жұрт келеке. Тату жүрек не етеді?

Араз болсан алты ауыз, Ынтымағы бар болса,

Еліңе кірген әлек те. Аз маз ғана дүние

Жақсы-жаман әркімнің бәріне де жетеді.

Арасынан өтеді.

Бәрі: Жақсылықтан үйреніп Жамандықтан жиреніп

Боламыз біз жақсы адам. Үлгі аламыз жақсыдан.

«Болайықшы осындай» әні орындалады.

Мұғалім: «Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала», деп бекер айтылмаған. Адам

болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез

әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан алыс жүреді. Басқалармен қарым-

қатынас жағасында әдет пен ақылды ұмытпайды.

Сіздердің назарларыңызға «Жақсылық пен жамандық » деген атты

сахнаулауға баға беріңіздер.

Енді,осы ертегі бойынша әңгімелесу өткізейік:

Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

«Жамандыққа ерсең жаман боларсың , жақсылыққа ерсең жақсы

боласың» -деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Оқушы:Жақсы болу- өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен

Өзіңді өзің ая да.

Өзің үйрең өзіңнен.

Оқушы:Жақсылық көрсен біреуден,

«Мен қандаймын»?,деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал

Өзіңсің-ақыл айнасы

Оқушы:Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Оқушы:Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсан-сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Бәрі: Адамдықты білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан

Үйренеміз жақсыдан

Мұғалім:Әдептілік, адамшылық-амандасудан басталады.Ол туралы

Мұхтар Әуезов былай деген:«Мен оның тегінің дұрыстығын әдепті

ұядан ұшқанын ертеңгі сәлемінен білгенмін»

Амандасудың бірнеше түрлері бар:

1.Қос қолдап амандасу;

2.Төс қаңысып амандасу;

3.Құшақ жая амандасу;

4.Қуанышты сәлемдесу;

5.Ренішті сәлемдесу;

6.Таңдана амандасу;

7.Немқұрайлы,менсінбей сәлемдесу.

Оқушы:«Сіз,біз»,деген -ұлы сөз,

Жылатады жүректі

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады ізгі тілекті.

Оқушы: Біреуге біреу жақсылық

Тілесе әркез жаны ашып,

Осы бір шырын-тәттілік

Тұрмай ма жанға жарасып??

Оқушы: Жақсылық сүйер жанымыз,

Баршаға жетер жақсылық.

«Сіз,біз» деген жылы сөз

Жақсылықтың мейірі.

Бір - біріне болып көз,

Кең болсын адам бейілі!

Бәрі: Жамандықты білмейміз,

Бұзықтықты сүймейміз.

Біз тәртіпті, жас ұлан.

Үйренеміз жақсыдан.

«Айгөлек» әні орындалады:

Мұғалім«:

Біреуге жақсылық етсең,

Ол жақсылығыңды міндет етпе»,деген атамыз

Ы.Алтынсарин. Олай болса «нағыз достық» туралы көрініс

тамашалайық.

«Екі дос» ертегісі.

Оқушы: Жақсы болу- өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен,

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Мұғалім: Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің

бірі.Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық

танытуға,көмек көрсетуге,қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

Риясыз жақсылықты жасау-биік адамгершіліктің белгісі.Сабақ бойы

айтылғанды қорытындылап,Венн диаграммасын толтырып көрейік.

Жақсы: Жаман:


Оқушы: Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз,билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймейміз.

Оқушы: Тату тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Бәрі: Біз бақытты,

Біз тәртіпті,

Біз өнерлі баламыз!

Мұғалім: Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек

ақниет,нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан

жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа,игілікке жеткізеді.

Ендеше,бәріміз жақсылық жасауға ұмтылайық!

«Жақсылық ету- үлгі көрсету» атты сынып сағатымызды

аяқтаймыз.

Тақырып: Кел, балалар оқылық!

Сабақтың жоспары:

Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып шешендік

өнерге дамыта отырып,ой өрісін ықпал ету,ақыл ойын ,зейінін,еске

түсіру,есте сақтау қабілеттерін еске түсіру,алған білімдерін пысықтау;

тіл байлығын,сөйлеу қабілетін,ой өрісін кенкйту,мейірімділік пен

сауаттылыққа тәрбиелеу.

Бәрі: Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқушы: Оқысаңыз,балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей ақ табылар

Оқушы: Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған,

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Жүргізуші: Адам білім арқылы өмірді, қоршаған табиғатты, айналаны

танып біледі.

Оқушы:

Талаптанып,қанаттанып, Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бастауыш сынып оқушыларының білім

деңгейін бағалау онкүндігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

(Қазақстан Мемлекетінің әнұраны орындалады)

Қазақстан Республикамыздағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.Ана тілің

сүйіп,құрметтеу,мақтаныш ету- әрбір азаматтың міндеті.

«Тілім менің жүрегім» атты сахналау өткізіледі.

Қатысушылар:патша, оқымысты ,оқушылар.

Патша:Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп

жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты.Мен қазақ тілі туралы білсем

деймін.(оқымысты иіліп, қарсы алады)

Оқымысты: Сонау бесінші алтыншы ғасырлардан бастап уақытсыны

на төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон Енисей, Талас сына

жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін

айғақтайды.

(патша мен оқымысты «Ғұламалар»қақпасына келеді»,бұл жер

де қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған

топтамалар көрсетіледі.

Оқымысты:

-Қазақ тілі -Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай,

Жамбыл, А.Байтұрсынов, Ж.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Әуезов сияқ

ты алып ақын жазушылардың, Қажымұқан, Б. Момышұлындай атақты

батырлардың тілі. Қазақ тілі- қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиха

нов пенТ. Рысқұловтай арыстандардың тілі.

Патша:«Туған тілім- бабам тілі- өз тілім»дегенді қалай түсінесің

дер?

«Туған тілім- анам тілім- өз тілім» дегенді қалай түсінесіңдер?

(Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды)

Патша:

-Бұл қандай керемет болды екен, а?!

Патша мен оқымысты екуі қақпаны итереді.Қақпа ашылмайды.

Патша ашуланып:

-Менің кім екнімді білмейді ау , шамасы, деп, қақпаны өзі итереді.

Бәрібір ашылмайды.Ол қақпа есігін қағып қағып жібереді.Сонда

Арғы жағынан тілдей қағаз түседі.

Оқымысты ашып оқиды:

«Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?»

Патша:

-Мұның мәнісі неде? Деп, оқушылардан сұрайды.

Оқымысты:

-Мұның жауабын табу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз.

Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауаптарын салысты

рып көрейік.Хатты оқып көрейік.Хатты оқып оқиық.

Оқымысты хатты ашып, дауыстап оқиды:

О, хан ием!

Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүреке жетіп,

жүйені босатады. Сондықтан да тіл- тәтті. Жебе салған жара жазылар,

балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас.

Сондықтан да тіл- ащы

Патша:Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен?Мына кітапта

берілген мақал мәтелдерді аяқтау керек.

1.Өз білгеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса,...

2.Өнер алды - ....

3.Жіптің ұзыны,сөздің... жақсы.

4.Піл күшті,

Піл күшті емес,...күшті.

5.Отыз тістен шыққан...,

Отыз рулы елге тарайды.

6.Жүйелі...- жүйесін табар,

Жүйесіз...- иесін табар.

Патша:

-Ойпырмай- а ! Тілдің құдіреті осы де.Балалар, сендерге үлкен рахмет!

Жүргізуші:Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз тіліміз

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі тіл,бірі дінің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай

кез келген мемлекеттің елдің ең негізгі рәсімі де, ұраны да, тірегі де

сол елдің ана тілі болмақ.

Оқушы: Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсеңде бұл дұрысы,

Мемлекетті тілді үйренген жөн болар.

Жүргізуші:« Дүниеде білімнен артық қазына жоқ», дегендей, білімділік

пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Оқушы: Білім теріп бейнетінен қашпаймыз,

Оқуымызды бестікпенен бастаймыз.

Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда

Білімменен достасамыз жастай біз.

Оқушы: Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламыз.

Маңыз беріп оқимыз

Математика сабағын.

Жүргізуші: Математикадан бірнеше тапсырмалар орындайық.

1.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты.

Қанша адам қалаға барды?

2.Көлден ұшты жеті қаз

Қайта қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?

3.Төрт жұмыртқа төрт минут піседі, ал бір жұмыртқа неше минут піседі?

Жүргізуші: Білімді болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нәрсені аш ға қабілетті болу деген ұғым

Оқушы: Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп, сыйлау керек.

Оқушы: Жастарға білім керек,

Бәрін де білу керек.

Азамат болсаң алғыр

Анашым«Күнім»-демек.

(«Мектеп-білім ордасы» атты ән орындалады)

Жүргізуші:Осымен, онкүндікке арналған салтанатты жиынымыз

аяқталды. Назар аударып тыңдағандарыңзға көп рахмет!

Тақырып: "Ана-біздің күніміз"

1-жүргізуші:

Кім сендерді балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді балалар, тербететін

Еркелетіп ойнайтын, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң?

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Қар астынан бәйшешек бой көтергенде, көңілдерге көктемгі шуағындай сезім мен нұр құйғанда - 8 наурызда Әйелдер күні тойланса, осы жарқыраған күзгі күні тағы бір мереке «Аналар күні» тойланады. Аналарға арнап күнделікті мереке күн деп

санасақта болады. Себебі, дүниеде ең сұлу - ана! Әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйтқысы, ұрпақтың анасы.

Балалар ана туралы тақпақ айтады.

Келбетіңе ұлылық,

Даладай кең пейілің.

Ана деген - жылылық,

Ана деген - мейірім.

Ана деген - не деген,

Ақ тілеулі жан еді?!

Алғысын алып анамның,

Бақыт тапқым келеді.

Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан,

Жақын жанды білмеймін.

Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз!

2-ведущая:

Разве скажешь двумя словами

О любви к ненаглядной маме?

Сколько б ни было сказано слов,

Все равно этого будет мало,

Потому что вся наша любовь

Посвящается нашим мамам.

Мама-свет! Мама-солнца-лучик,

Мама-мой золотой ключик!

Каждый человек от рождения и до конца жизни несет в своем сознании образ мамы и бабушки. Мама для каждого из нас-святыня, хранительница добра, тепла.., семейного очага. Дети, любите своих матерей! Цените их труд и заботу о вас. И не случайно по инициативе Президента нашей Республики Н.А.Назарбаев Правительством республики в Казахстане учрежден праздник, посвященный чествованию матерей -22 сентября объявлено Днем Матери "Ана күні". Нашему обществу этот праздник необходим, чтобы выразить любовь и признательность матерям за то, что они дали самое прекрасное и другое - жизнь.

1.Спасибо, милые женщины, вам

И вашим умелым и нежным рукам

Они золотые, как солнце всегда

Нам маминых рук не забыть никогда!

Пусть мамины славятся всюду дела ! Всем женщинам честь и хвала!-все

2.Мамин день -как ты прекрасен!

В любви признанья вновь и вновь

Так пусть же властвуют на свете Надежда, Вера и Любовь!

3.Обойди весь мир вокруг,

Только знай заранее-

Не найдешь теплее рук И надежнее маминых!

4.Не найдешь на свете глаз

Ласковей и строже.

Мама каждому из нас Всех людей дороже.

"Анамның тілі-аяулы үні"-әні орындалады.

"Достық банты" ойыны.

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол-Ана. Анаға деген махаббат, сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. «Ана» деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Балалар тақпақ айтады.

Өзіңсің өмірдегі бар арманым,

Жыр жаздым, тұңғыш саған ән арнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді

Бір сендей алтын адам таба алмадым.

Өзіңе тең келе ме дала таңы

Сыйпаған маңдайымнан алақаны

Өмірдің мезгіліндей күз шағында

Ұядан самғап ұшты балапаның.

Аналар ғой қуат берер тірлікке

Алдарында сәби болып жүрдік те

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

Жүзімізге қарасаңыз,

Біз бақытты балдырған.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

2.Восславим женщину-мать, чья любовь не знает преград, чьей грудью вскормлен весь мир!.Все прекрасное в человеке-от лучей солнца и до молока матери-вот что насыщает нас любовью к жизни. Максим Горький.Сегодня нам представляется своевременной идея отдать дань уважения женщине- матери, вечному источнику жизни.Все, что есть на земле, создано трудом и талантом женщины -матери.Кто, как не мать, обеспечивает уют семейного очага, радостное детство.

За то,что у нас с нею все сообща

За то, что когда нам приходится туго

Мы можем всплакнуть у родного плеча.

За то ее любим, что честно и прямо

Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за то, что она наша мама

Мы крепко и нежно любим ее.

2.Мама и Родина очень похожи

Мама- красивая, Родина -тоже!

Вы присмотритесь :у мамы глаза

Цвета такого же, как небеса.

Мамины волосы, словно пшеница Что на бескрайних полях колосится!

3.Мамины руки теплы и нежны

Напоминают луч солнца они.

Если поет мама песню, то ей

Вторит веселый и звонкий ручей..

Так и должно быть: что дорого нам,

Напоминает всегда наших мам.

4. Я подарок разноцветный подарить решила маме

Я старалась рисовала четырьмя карандашами

Но сначала я на красный очень сильно нажимала

А потом за красным сразу фиолетовый сломала

А потом сломала синий и оранжевый сломала

Все равно портрет красивый, потому что это- мама!

1."Ананың суретін сал" ойыны.

2."Милая мамочка моя" өлеңі орындалады.

3.Би

Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.

Тіршілікке нәр берген - ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейібандықтың бәрі «ана» деген сөзбен астасып жатады.

Балалар тақпақ айтады.

Ана - бақыт, ана - байлық, ана - гүл

Осыны естен шығармайық, достарым

Ана арқылы батыр және ақынбыз

Елдікті ерлер сақтап жүрсе саналы.

Ана деген қамқоршы әрі қорғаның,

Ана білсең ортаймайтын орманың.

Аналардың алдында мен бас иіп

Ана жайлы жүректен жыр толғадым.

2.Самой природой заложено в маме святость , мудрость и вечность. Этими простыми естественными чувствами издревле поддерживается родство сменяющихся поколений и только в родстве и живет и длится наша жизнь. Материнская мудрость, ее радость и боль, повседневный труд и надежда воистину заслуживают всеобщего почитания, признания со стороны детей и отчизны своей. В зале присутствуют наши любимые бабушки, чья любовь , терпение и забота заслуживают всеобщей похвалы.

1. Вы наверное решили , что мы подвиг совершили
Просто в мамин женский день победили свою лень

Хоть хотелось очень спать мы заправили кровать
Подмели на кухне пол и накрыли сладкий стол

Чтобы мамочка проснулась и о счастья улыбнулась.

2.Бабушкин хвостик

Я бабушкин хвостик- но вот незадача

Никто мне не скажет: что все это значит

О чем говорят все -никак не пойму.

Я просто за бабушкой всюду иду

Иду я на кухню, иду в коридор

И с бабушкой вместе иду я во двор.

У кошки есть хвостик, и есть у верблюда

Но разве я хвостик, скажите мне люди!

3.Свою маму обниму я

И в глаза ей загляну я

Ласковую песенку на ушко ей спою

4. Я подарок разноцветный подарить решила маме

1.Песня «Солнышко лучистое»

2.Сценка «Самые ласковые руки»

3.Игра «Самая приветливая ладошка»

Ана- ең асыл, ең -ардақты, ең- жақын адам екенін, бізге өмір сыйлап, мәпелеп-әлпештейтін адам екенін өмір бақи естен шығармаңдар. Олардың денсаулығы мықты болып, бақыт нұрын сендерге шашып жүре берсін.

Викторина

Сейчас для участников и зрителей проводится игра -викторина, ведущие будут задавать вопросы , вам нужно отвечать на казахском языке -ана и на русском языке -мамочка

1. Ең асыл жан кім? Ана

2.Кто пришел к вам с утра, кто сказал «Вставать пора»? Мамочка

3. Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім? Ана

4.Кашу кто успел сварить ,чай в пиалу налить ? Мамочка

5. Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? Ана

6.Кто косички вам заплел, целый дом одна подмела ? Мамочка

7. Сонымен қандай мейрам? Ана мейрамы

8.Кто на свете лучше всех ? Мамочка

5. Осындай үлкен мейрамда аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? (иә)

Осы жерде балалар өз аналарына гүл сыйлайды.

Құрметті қонақтар! Биыл бастауыш сынып баспалдағын бітірген оқушылар сіздерді "Ана күнімен" құттықтап келіп отыр.

"Қамажай" биі орындалады.

"Жас ұлан" әні орындалады.

Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар!

Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

Осымен «Ана-біздің күніміз» сынып сағаты аяқталды.


«Бастауышым - Балбұлағым»

Мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын , білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру.Оқушылардың төртжылдық білімін көрсету, олардың туған мектебіне деген сүйіспеншілігін паш ету, сөздік қорын, есте сақтауын , сахналық қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең , білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда,- деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп , ақыл ойлары толысып , оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген оқушылардың « Бастауышым - Балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші : Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар !

Жүргізуші : Толқимыз ,толқып тұрсыз баршаңыз да ,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып , қошеметтеп шақырайық,

4- ші сынып оқушыларын ортамызға.

`( 4 ші сынып оқушылары музыка әуенімен залға кіріп «Мектеп вальсін» орындайды)

Бүгін 4 - ші сынып оқушыларын 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан

білім негізін қалаған бастауыш мектебімен қоштасқалы отыр.

Оқушы: Бала шаққа болашақты жырлатып

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге ,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Оқушы: Армысыздар ,әжелер мен аналар ,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп ,

Үйреткен ғой Абай , Ыбырай бабалар.

Оқушы: Армысыздар өр тұлғалы әкелер !

Қыран құстай балапаның мәпелер .

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп , кешегі сәби еркелер!

Оқушы: Армысың сен , алтын ұя мектебім ,

Саған айтар жыр алғысым көп менің .

Жүректерге жаққан білім шырағың

Мектебіме арналады бұл әнім !

(Оқушылар «Алтын ұя мектебім» әні орындалады)

Жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып , хат танытып ,еңбек ете білуге үйретіп ,білімге жетелеп ,әдептілікке тәрбиеледі. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтып, басымызды иеміз.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Жүргізуші: Жалықпай үйреттің де балаларды ,

Өмірге тарту еттің даналарды .

Ізгілікке жол ашып көрсетумен ,

Қара шашың қыраулап ағарады .

Жүргізуші: Ұстаздықты сүйіп таңдап қаласа ,

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса .

Нағыз ұстаз міне осы дер едім ,

Қиыны мен қызығына тоймаса.

(Ұстаздарға арнайы «Біз бақытты баламыз» әні орындалады )

Оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып , қолды алғаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Оқушы: Мектебім ,алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Оқушы: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, саған мәңгі басымды ием!

Оқушы: Арманым сен ,алтын ұям,мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің,

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

(«Мектебім» әні орындалады.Көрініс «Өнерлі бала»

Қатысушылар:үш бала, үш ана,қария кісі.

(Қолдарында шелегі бар үш әйел демалуға отырады.)

1-әйел:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады.Керемет өнерлі үлым бар.

2-әйел: Әй, соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр, қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

1-әйел: Сен неге үндемейсің?

3-әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

(Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады, 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.)

3- бала:Анашым, саған көмектесейін, деп шелегін алып кетіп қалады.

- Ата, қайсымыздың баламыз өнерлі?

Қария: Мен өнерлі бір ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала. Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте. Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.

( Ұялған әйелдер төмен қарап, кетіп қалады.)

Жүргізуші :« Білім нәрі - бастауышта» деп алған білімдерімізді ортаға салайық.

Бәйгеге жүріп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие тәлім табар ма?

Оқушы: Математика сабағын,

Жақсылап оқып аламын.

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

Тапсырма: 1.Үш пар ат 30 километрге шапса, әр ат қанша километрге шапқан?

2. Наңбасаңыз, кеп сұраңыз,

Біз ауылда тұрамыз.

3 Ардақ ,2 Бауыржан

5 Медет , 2Сабыржан

2 Айбарша , 2Самат

3 Айгүл ,2 Мамыржай

Тез есепте дәл санын

Сонда біздер қаншамыз? (21)

3.Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында

үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?4

4.Жеті ағайынды ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда неше адам бар?8

5.Екі адам «Тоғызқұмалақ» ойынын екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?2

Жүргізуші: Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

(Мақал мәтелдерді жалғастыр)

Оқу инеменен ....(құдық қазғандай)

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір ....(шырағы)

Қына ...(тасқа бітеді)

Білім ...(басқа бітеді)

Отан оттан да ...(ыстық)

Айтылған сөз...( атылған оқ)

Ашу дұшпан, ақыл...( дос)

Жүргізуші: Адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры , тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Анашымдай сыр шерткен

Ақыл білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Жүргізуші: Назарларыңызға «Нағыз дос» атты ертегіні тамашалаңыздар»

Жүргізуші: Қымбатты ата ана! Бастауыш ты оқып бітіруімізге сіздердің де көп көмектеріңіз тиді.Сондықтан , сіздерге рахметімізді айтамыз.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын , ағайын.

(Ата аналарға арнайы «Мектебім» әні орындалады )

Оқушы: Білім алған осында атамыз да,

Әжеміз де, апамыз, әкеміз де,

Құшағына алады мектеп ана,

Енді біз де үлгілі шәкірт бала.

Оқушы: Қарамаңыз кішкентай бойымызға,

Биіктейді жыл сайын ойымыз да .

Біліммен де достасып, еңбекпен де,

Ел алғысын алармыз ер жеткенде.

Оқушы: Амалсыздан қоштасар кезімізде,

Нышаны қимастықтың көзімізде.

Арманның қанатында қиялдаймыз,

Сіздерді біз ешқашан қия алмаймыз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар!«Қарияның балаларға берген ақылы» атты көрініс тамашалаңыздар.

(Ортаға қария мен бес оқушы шығады. Оқушылар қарияға амандасып, одан ақыл сұрай келгендерін айтады)

Оқушы:

-Ата, ата арман деген не? депті жігіт.

-Арман дегеніміз-ақыл ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Оқушыға қарт:

-Дос табу оңай ма?

-Ата дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

-Жоқ , балам , өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің шала боласың, депті қарт.

Оқушы:

-Үйдегі алтын қазығың кім? депті қария.

-Ата, үйдегі алтын қазық бала, депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарыңдасың қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, депті қарт.

Оқушыға:

- Өмір сүру үшін не қажет?депті қарт.

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, нан қажет, депті жігіт.

- Жоқ, балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет.Су тіршілік, от өмір, тұз дәм, қыз сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Оқушыға:

- Адамға ақыл беретін кім? депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, депті жігіт.

- Жоқ, балам, адамға ақыл беретінЖоқ, балам, адамға ақыл беретін ата ана, ұстаз, досы. Ата Ата ана ақылын баласана ақылын баласынаына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, депті қарт.

Жүргізуші:Үш жыл бір сыныпта бірге отырып ,жақсылықтарыңа бірге қуанып, үлкендік білдіріп ренжіткендеріңді ешкімге білдірмей шыдаған , үшінші сынып оқушылары сендерге тілек айтқылары келіп отыр .

Оқушы: Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Оқушы: Құтты болсын қадамдарың,

Жарқын болсын білімдегі болашағың.

Аттағалы тұрсыңдар бүгіндері,

Білімнің екінші бір баспалдағын.

Оқушы: Төрт жылды да міне тез тез өткерді

Білім жолда өтті талай өткелді.

«Әліппені» ,« Ана тілін» үйреткен

Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

Оқушы: Құрметті балалар!

Әлі де жақсы оқындар,

Ұстазыңды ұмытпай,

Жат қылыққа жоламай,

Биіктерден көрініп,

Өсіп өне беріңдер!

(Үшінші сынып оқушыларының орындауында ырғақ би тамашалайсыздар)

Мұғалім: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап едік , енді бүгін әріп танып, өзіміз оқып, жаза білетін халге келдік.

Жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Әрқашанда денсаулығы мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін , еңбекқор, мықты болсын!

Жүргізуші: Ұрпақтарға бақыт жолын ансаған,

Тілейтұғын әрқашан да бақ саған.

Жүргізуші: Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Бірге: Ата анаң, ұстаздарың теңдесі жоқ жақсы адам.

Жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсын анаменен данамыз,

Алдыменен тыңданыздар ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламызі

(« Жас ұлан» әні орындалады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар!Осымен « Бастауышым балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жүргізуші: Жұлдызыңды жақ!Бұл сөз тек сіздерге арналады,түлектер!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз саған тілекші.Жолдарыңыз болсын , түлектер!

(Музыка әуенімен түлектер залдан шығады).


Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Журнал "Бастауыш сынып"

2. "Математика" оқулығы 1,2,4 сынып.

3. "Әдебиеттік оқу" оқулығы 4 сынып.

4. "Мектептегі мерекелер" журналы.

5. "Қазақ тілі" оқулығы 2 сынып



67


© 2010-2022