Тәрбие сағаты Қуаныш-жан жылуы

Тақырыбы: «Қуаныш- жан жылуы» Танымдық мақсаты: Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой- өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру. Көрнекілігі: күн, бұлт суреттер, жүрекшелер Тәрбие сағатының жүру барысы: I. Кіріспе: “Таным шаттығы” Мұғалім сөзі: Жан-жағына нұр шашып, Арайлап жарқын таң атса, Жер бетінде жайқалып, Көгеріп өссе, көк майса. Жүрегім жыли бастайды Кездескенде достарым Құшағын маған к...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп КММ





«Қуаыш- жан жылуы»

Сынып сағаты

5 «В» сынып



Сынып жетекшісі: Айтбаева.Ж.А

2014-2015 оқу жылы



Тақырыбы: «Қуаныш- жан жылуы»
Танымдық мақсаты: Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой- өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: күн, бұлт суреттер, жүрекшелер
Тәрбие сағатының жүру барысы:

I. Кіріспе: "Таным шаттығы"
Мұғалім сөзі:
Жан-жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе, көк майса.
Жүрегім жыли бастайды
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
«Мейірбандық - жүректен, қайырымдылық біліктен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

II. "Ойлы бала озар"
- Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүректер жылуын сезіндіретін әлемге алып келді. Бүгін бізге күн шапағын шашу үшін күн көкжиектен көтеріліп келе жатыр.
- Күн нұры жүрегімізге ұяласын десек жылы жүректі адам қандай болады? Соған жауап табайықшы.
(Балалардың пікірі)
- Рахмет балалар, күн шуағын сезіне бастадық, ендеше күн шапағына назар аударайық. («Жүрек жылуы» шығады)

III. "Қуаныш - жан шуағы"
"Кел балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік"
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!

Жүрек жылуы:
- Саламатсыздар ма, балалар!
Жарық пенен жылуды
Бақыт пенен мейірімді
Өзім ғана беретін
Мен жүректің жылуы.
- Мен де осындай мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, қараңдаршы шуақты күн де күліп тұрғандай.

IV. "Аялай біл, сен деп соққан жүректі"
- Қане, бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезінейікші.
- Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмірі сүреді. Ол әрқайсымызға «Мен осындамын, мен сенімен біргемін» - деп дыбыстап тұр және әрқашанда бізбен бірге болады. Ол жүрегіміздің жылуы, бізге жақсы сөздерді айтатын болады.
- Сендер өз жүрек жылуларыңды сезіндіңдер ме?
Балалар:
- Ол одан бетер қатты соғып кетті!
- Иә, бізді естігенін білдіріп жатыр.
Мұғалім: - Ендеше балалар, өмірдегі барлық жылу - адам жүрегінен болса, табиғаттағы барлық жылу - күннен екен. Біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңейміз.
Жүрек жылуы:
- Балалар, қараңдаршы, біздің күніміз көлегейленіп тұр. Біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейікші. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: - Әрине көмектесеміз.

V. "Жақсы сөз- жанға қуат"

Жүрек жылуы: - Қане, бірінші бұлт сенің шешуің не? Сен неге түнере қалдың?

Мұғалім:
- Ал балалар, өзімізге жақын деген адамдарға қандай жылы лебіздер тілер едіңдер? (Балалар ойларын тыңдау)
- Осындай жағымды ойларың сендердің жүректеріңе қайырымдылық, бойларыңа өмірге деген құштарлық әкеледі.
Жүрек жылуы:
- Өте жақсы достар, сендер жылы сөздеріңмен күннің көлеңке бетіндегі
сезімін аз да болса сейілттіңдер,

VI. "Жақсылық жасай білейік"
- Ал, екінші бұлт сен неге түнере қалдың?

Көрініс: «Жан сұлулығы»

Мұғалім:
Жамандық көрсең біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал
Өзіңсің - ақыл айнасы.
- Балалар, бұл көріністен не байқадыңдар? Бұл бейне көрініс туралы не айтар едіңдер? (Оқушы ойын тыңдау)
- Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ, ол сырт келбеті ғана емес, жан сұлулығына байланысты екен.
Жүрек жылуы:
- Жарайсыңдар, достар! Ойларыңды ашық айту арқылы күн көзін тағы бір бұлтқа сейілттіңдер.

VII. "Қуанышқа бөленген әр күніміз
Бақыттымыз, балалар барлығымыз".

- Енді 3 бұлтқа да таядық.
Мұғалім:
- Ендеше, осы тақырыптарға сай үлгі аларлықтай өлең шумақтарын білеміз бе? («Бала тілегі»әні орындалып, тақпақтар айту)
Жүрек жылуы:
- Шынында да айтқан өлең шумақтарың жүректі жылытарлықтай екен.
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек, мөп-мөлдір, -дегендей, қане бәріміз күн көзін одан әрі жарқырата түсейікші.

VIII. "Шығармашылық- шаттық бастауы"
"Таза болса табиғат,
аман болар адамзат".

Мұғалім:
- Жүрегім сен-тіршілік, тұнып тұрған
Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан.
Сен - көлсің,
Сен - ормансың,
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған,-дегендей әрбір жүрек
қалауымызбен бояу сырына үңіліп, ,әріміз бірге жүрек қалауымызбен көңілденіп сурет салайық.
- Ой жүйрік, тіл шебер
Танытса шындықты.
Мәнді ойды бояумен бер,
Сөз тауып айт ұқыпты.

IX. "Жылылық шуағы сөнбесін"
- Міне, балалар, күннің бетіндегі бұлттардың бәрін сейілттік.
- Қараңдаршы, күн көзі қалай күлімдеп шыға келді.
Тыныштықты жыр ғып шерткен
Балалықтың тәтті үні
Алтыннан да қымбат неткен
Бұл күндердің шаттығы.
- Кішкене достар, сендердің жүректерің қайырымға, мейірімге, махаббатқа толды. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Жүректен жүрекке жеткен жылулық, ешқашан суымайды. (Мейірім жылуы. Жүректерді тарату)
- Қолдарыңдағы жүрекшелерге бір-бірімізге жылу лебіз жазайық.
Бір- бірімізге жүрекке жылы тиетін лебіздерді жиі айтып жүрейік
(Бала лебіздерін тыңдау)
X. Қорытынды: "Жүрек жылуы."
Жақсы адам көңілі - күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі - түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
- Бүгінгі әсем, күн, жүрек жылуы сендердің мәңгі естеріңде қалады деп ойлаймын



© 2010-2022