Планирование «Жолда жүру ережесі»

"Описание материала: сынып сағаты 6 сынып оқушыларына арналған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі "сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Сабақ барысында оқушылар жол белгілерімен таныса отырып бір бірімен ой бөлісті. Сынып сағаты оқушыларға ұнады, олай дейтінім балалар сабаққа асқан қызығушылықпен қатысты. жол ережесін естерінде сақтап жүру үшін берілген тапсырмалар бойынша көріністер де қойды. Оқушыларға сынып сағаты өте ұнады. Сұрақтар қойып бір біріне оған жауаптарын тыңдады. Барлық...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол белгілері қозғалысты реттеу

Мақсаты: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, жол ережесін жасына сай меңгеру. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: белгілер, рульдер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.

Барысы

  1. оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.


  1. оқушы: Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен

Күнде тынбай жүреміз.

3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз.

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз.

4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден

Сау саламат жүреміз.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)

Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам - жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастаған. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті, оның кескін - келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

«Бағдаршам құрайық» ойыны ойналады.

Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.

Хормен: Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба.

Мұғалім: Енді бағдаршамның жұмбақтары бар екен, соны шешіп көрейік.

1) Сом дене, табаны бар сонша тісті,

Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор)

2) Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді. (Машина)

3) Қамшыласаң жүрмеймін.

Мініп алып тебінсең,

Кідіруді білмеймін. (Велосипед)

4) Дыз дыз етіп жүрегі

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не, кім біледі? (Троллейбус)

5) Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

6) Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Мұғалім: Жарайсыңдар! Енді ойынымызды жалғастырайық. Келесі ойынның аты - «Жанатын бағдаршам».

Бағдаршам қызыл көзді көрсеткенде қозғалмай тұрады. Сары көзі жанғанда қол шапалақтайды. Жасыл көзі жанғанда орнында тұрып жүреді де, сәлден кейін:

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман, - деп орындарына отырады.

Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Қорытыңды.

Мұғалім: Ал балалар, біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?

  • Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.

  • Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?

  • Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.

  • Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?

  • Тілін алуымыз керек.

  • Осымен біздің ойын сабағымыз аяқталды.

© 2010-2022