Шаңырағым - шаттығым тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты Тақырыбы :     «Шаңырағым- шаттығым» Тәрбие сағатының мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін                                                            айқындау,  ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге,                                                                 татулыққа тәрбиелеу. Міндеті : оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы                    жауапкершілігінін арттыру. Күтілетін нәтиже: ұлттық тәрбиені сіңіре білу; отбасындағы бауырмалдық,                   ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Шаңырағым- шаттығым»

Тәрбие сағатының мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін

айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге,

татулыққа тәрбиелеу.

Міндеті : оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы

жауапкершілігінін арттыру.

Күтілетін нәтиже: ұлттық тәрбиені сіңіре білу; отбасындағы бауырмалдық,

ауызбіршілікті дамыту; ата-анасын сылай білу; қоғаммен

байланысты нығайту.

Көрнекілік: сызбалар, канатты сөздер жазылған плакаттар, безендірілген шаңырақ, Венн диаграммасы, ата-ананың кері байланыс қағазы,үнтаспа, жанұя көрмесі, салынған сүрет плакаты.

Б а р ы с ы:

Тәрбие сағатының арнайы қанатты сөзі:

Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі.

Абай.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар , бүгінгі

«Шаңырағым -шаттығым » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды ерекше түрде, бұрынғыдан өзгеше қылып өткізуді жоспарлап отырмын.түсіндіріп айтсам мен бүгінгі сабақта нұсқаушы болуға тырысам, ал сендер тәрбие сағатының барысын өздерің қызық етіп өткізу қолдарыңызда.

Балалар, ең алдымен сіздерді топқа бөлгім келіп тұр.

(Топқа бөлемін, ән мен сазға қарап оқушылар бөлінеді.)

Мұғалім: шаңырақ,, отбасы деген ұғым әр қайсыңызға естімеген дүние емес.

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Т і р е к с ы з б а л а р

Отбасы

Әке Ана Бала

Мұғалім: Енді сөз кезегі оқушылар, өздеріңізде.

1жүргізуші: Отбасы - шағын мемлекет. Ол-тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

2 жүргізуші: Отбасы алтын ұя,киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалр болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұзтазы-ата-ана

(Эпиграфка назар аударады)

1жүргізуші: Әке мен ана -шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке- асқар тау, ана- бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен

2 жүргізуші: оқушылар тақтаға қарап тәрбиенің екі үрдісі бар соны анықтап алсақ қалай болады.

Тәрбиенің екі үрдісі

Отбасы, қоршаған орта Мектеп-білім ордасы

2 жүргізуші: енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

Бейбарыс:бала тәрбиесі бесіктен

Әлішер: Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік

Нұрдана :Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Исабек: бала-қөңілдің гүлі, көздің нұры.

Абылай: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі.

Рахат : ата-бәйтерек, бала -жапырақ

Жалғас: атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл түса, елінің малын жейді

Данагүл: Жақсы әкә- жаман балаға қырық жылдық ризық

Ақжайық: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

Сұлтан: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

Абылай: Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Салтанат: Ағайын- алтау, ана-біреу.

Бейбарыс: Ағайынның алтын сарайынан

Ананың жыртық лашығы артық

Нұрбол: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла

алмайсың.

1жүргізуші: отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

өнерімен куантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан-

өле-өлгенше соны таныр қиядан

өнер-білім берем десең басынан,

бер оқуға баларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала - солардан »

Мұзафар Әлімбаевтің «Ана мен бала»,Диана

«Әкесі мен ұлы» Исабек

Айкөркем: Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларына үлгі- өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. өйткені бала ересектерге, әсерессе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімнің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екеннін айтады. Жас балаға өз ата-анасы-асқар тау. әке-шешенің ауызнан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

Нұрдана: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы- адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игерді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі- бала тәрбиелеу.

Айдос: Бүгінгі дүниеге келген бала- ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан » демекші, халықтық тәлім- тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатар. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қоңып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиелеген

Венера: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар- ата- аналар қолына берілген аяулы аманат » делінген. Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшасына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір-айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

Рахат: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы » дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмелеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезіңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

Жастар биі. Орындайтын сынып оқушылары

Нұрбол : Ата-ананың үміт- арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай,бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әлқуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Балашағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту-қандай ғанибет!

Жамал: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сейуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қасылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп білді. Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі-шексіз абырой, адамдық нысына.

Ән: «Асыл-ана» орындайтындар Ақбота мен Венера

Ізбасар: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құттыұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Сондықтан қазақ баласы Қара шанырақ иесі-Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

Рахат : Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордағы керек -отауға да керек»деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шаңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шаңырақ- қазақ арманының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.

Ән «Әкешім анашым» орындайтындар Айдос пенАлғадай

Диана: Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжуші ьолма... Олардың қоңіл-күйіне қаяу салып қапаландырма сені жан-тәнімен жақсы көріп тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзеім құрмет қылсын десең сен де ата-анаңды құрметте ,сен ата-анаңа не істесең, саған перзетің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ан жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

1 жүргізуші: Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында біз отбасы жарастығы, ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынас туралы бірнеше ата-ананың пікірін сұраған болатынбыз. Енді осы сюжетке назар аударайық...

Данагүл : «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы-жұртты жақындастырушы,ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы- барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

Салтанат:Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала -ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жата- жылынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен «Бала - ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй-базар, баласыз үй - мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

Алғадай: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарындастардың және туған-туыстардың ортасы құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы-ол да шағын мемлекет

2 жүргізуші: ия, балалар отбасы ол түгелдей бір тұтас мемлекетке ұқсайды.

Енді екі ұғымды салыстырып көрелік

Венн Диаграммасымен жұмыстану

отбасы ұқсастық мемлекет

отағасы заң, даму, президент

жоспар халық

ана шығармашылық қоғам қызметкерлері

бала қарым-қытынас

тума-туыс

Мұғалім: Енді оқушылар кері байланыс парағына назар аударыңдар

Ашық сынып сағатына арнайы ата-аналар жиналғанда күн және олардың шуақтарын толтырутапсырмасы берілген болатын.

Отбасылық көрме мен жұмыс.

Сөз кезегі оқушыларда, әр қайсысы өз отбасын сүреттейді.

Топтарға берілген тапсырма. Зерттеу шеберханасы

1 топ Осы жерде «Шаңырақ, отбасы, жанұя » деген тақырыптарға интевью

құрау және сұхбат өздерің жүргізу

2 топ «Шаңырақ, отбасы, жанұя » тақырып бойынша сүреттеу және

түсіндіріп айтып беру

3 топ «Шаңырақ, отбасы, жанұя » тақырып бойынша көрініс көрсету,

жанұядағы бір күн немесе жанұядағы проблемалық сәттен шығу.

Мұғалім: Оқушылар, енді «Шаңырағым- шаттығым» атты тақырыпқа «Эссе» жазыңыздар,өз ара талқылап ортаға жақсы, мазмұны мен көлемі сәйкес жұмысты ортаға оқуға ұсыныңыздар (Автор орындығы)

2 жүргізуші: Отбасы -ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани-адамгершілік бастауы.

1 жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

2 жүргізуші: отбасында әуелі сенім мен сезім сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығын мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Мұғалінің сөзі: ал оқушылар бүгінгі тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, рахмет, сыныптағы әр оқушыға ризашылығымды білдіремін.

Үй тапсырмасы: үйден «Отбасы, жайлы жанұя » атты сүрет көрмесін оздырғалы отырмын соған сүрет салып келесіздер

Қорытынды сөз: Құрметті ата-аналар , ұстаздар бүгінгі «Шаңырағым -шаттығым » атты ашық тәрбие сағатымыз осымен тәмәм.

Қош сау болыңыздар!


© 2010-2022