«Ән көгінің сұңқары – Шәмші »

Мақсаты :  Оқушыларды  қазақ  халқының ән  падишасы  атанған Шәмші  өмірімен және оның  әндерінің  шығу  тарихымен  таныстыра  отырып, оның  шығармашылығын насихаттау , оқушыларды  патриоттық  тәрбие рухта тәрбиелеу Көрнекілігі : 1.        Шәмшінің  суреті 2.        Слайд материалдары 3.        Әндер жинағы Видео материалдары Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?-деп  ақын ағамыз  жырлағандай аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған Шәмші  атаның әндерімен таныстырылды. әндері орындалды
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты : « Ән көгінің сұңқары - Шәмші »

Мақсаты : Оқушыларды қазақ халқының ән падишасы атанған Шәмші өмірімен және оның әндерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, оның шығармашылығын насихаттау , оқушыларды патриоттық тәрбие рухта тәрбиелеу

Көрнекілігі :

  1. Шәмшінің суреті

  2. Слайд материалдары

  3. Әндер жинағы

  4. Видео материалдары

    Мұғалім :
    Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
    Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
    Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?
    Өз - өзімнен жүрегім ән салады.
    Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?
    Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,
    Махаббатқа арнап бір ән шығарсын
    Шәміл - ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?-деп ақын ағамыз жырлағандай аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!
    ...Егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір - ақ адам. Ол - Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұңқары - Шәмші » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

    1 - оқушы :
    Адам жылап туады,
    Жатады оны жұбатып.
    Және жылап өтеді,
    Өзгені де жылатып.
    Жылайтыны туа сап,
    Жамандар бар қинайтын.
    Жылайтыны өлгенде,
    Жақсылар бар қимайтын - деген екен Қадыр ағамыз . Сондай жақсы жандардың бірі -қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов. Ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын атамекені әлдилеп жүр.

Мұғалім : Қазір назарларыңызға композитордың өмірінен бейнебаян ұсынамыз.

Бейнебаян «Шәмшінің өмірі»

40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 - ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайды. Сондай әндерінің бірі -«Әнім сен едің»

Ән: Әнім сен едің .
Мұғалім : Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші ол - АНА ! АНА - теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Шәмшінің «Ана туралы жырдың» шығу тарихы тоқталайық .
Әннің шығуына себеп болған Шәмшінің ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам.
- Апа, қарыздармын саған....Қарыздармын, апа!...Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.Бұл 1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.
«Ана туралы жыр»
Мұғалім :

Ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Оның үй - күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқов Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде «Дүнген қызы» атты ән шығарған.

Ән: Дүнген қызы

Мұғалім:

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. 1963 жылы Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың нұсқауымен ән - би ансаблі құрылған. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ болған . Сол ән-би ансамблінің құрметіне туған ән - «Сыр сұлуы» әні

Ән: Сыр сұлуы
Мұғалім : Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір - біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік.

(Бір оқушы Шәмшнің батасын оқиды)

Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Дастарханың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырын ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін!
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын!
Босағаң - Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын
Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,
Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин
Мұғалім :
Қош Шәмші!
Қош Шәмші! «Қош!» - деген сөз ауыр қандай!
Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,
Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,
Тал, түсте ақыл - естен жаңылғандай,
«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,
Отырмын ой тантырап, әлі нанбай.
Аққудың жерде жүрген бір баласы, -
Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай.
Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,
Рахат теңізіне малынғандай.
Сен болып бүкіл дала жырлаушы еді
Құдайдан тілегені табылғандай.
Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары
Самалда самғаушы еді сабыр қалмай,
О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние,
Бұлбұлды күн туды ма сағынғандай!
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,
Ардақтап сен жырлаған анаға біз.
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,
Алдымен қазақ деген - данаға біз.
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,
Әлемде ән өлуі мүмкін емес, -
Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін - ай!
Қошеметін қазақтың көрмеді ғой бір күні - ай!
«Ештен - дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз,
Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз!
Қолымыздан келгені осы болды біздердің,
Ойыңыздан шықтық па, білмейміз біз сіздердің?!
Осыменен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз,
Жалғастырамыз, келесі бір тәрбие сағатында-дей келе аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Ш.Қалдаяқовқа арналған «Ән көгінің сұнқары - Шәмші» атты тәрбие сағатымыз ды еліміздің әнұраны , Шәмшінің «Менің Қазақстаным » әнімен аяқталық

(Әнұран орындалады )

Мұғалім : . Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Көріскенше күн жақсы болсын. Өмірлерінің бақытты әнге толсын.







© 2010-2022