Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды


Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды!


Сабақтың мақсаты: Білімділік;Ұлы жеңістің батырлары туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық; Шығармашылық қабілеттерін,қызығушылықтарын,ой-қиялдарын дамыту. Тәрбиелілік;Отанды сүюге, елін қорғауға,намысшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, концерт,Сұрақ -жауап,

Сабақтың көрнекілігі: Плакат,шар,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. (Музыка)

Жаңа сабақ

Жүргізуші:

Құрметті ардагерлер, оқушылар.мұғалімдер! Бүгін міне Ұлы Жеңіске 65 жыл толып отыр. Осыған байланысты «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды !» тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

(1минут үнсіздік)

Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

Жүргізуші: 2ә сынып оқушыларын ортаға шақырайық.(Өлең оқу.)

Ұлы жеңіс,

Қымбатсың ғой бәрінен,

Саған қарап бой түзеймін әлі мен

Иілмеген еңсесінің елімнің

Қорықпаған жауған оқтың кәрін

Тоғызыншы мамырды жылда тойлап,

Келеміз біз,кетеміз өткенді ойлап,

Ағаштарға сыйлады жас жапырақ

Гүл сыйлады далаға көктем де ойнап.

Жүргізуші:

Алатаева Аяулымның орындауында «Балғын тілек» әнін қабыл алыңыздар!

Жауды жеңді аталар ерлік етіп,

Шабыстарын тұлпарлар келді үдетіп.

Жұрт көшеге шығады ту көтеріп,

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайдыЖеңіс туын көтеріп, желбіретіп.

Жүргізуші:

2 «а» сынып оқушыларын ортаға шақырайық. (Өлең оқу)

Бұл соғыстан қазақтар

Ерекше ер боп келген күн

Тарихқа талай ғажаптар

Аңыз боп енген күн

Мәлік,Қасым, Бауыржан

Жеңіспен елге қайтқан күн

Айрылған әке, бауырдан

Туысқа көңіл айтқан күн.

Қуантады ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт жақсы

Жеңіс күнің құтты болсын,

Батырлардың ұрпақтары.

Сенің атың-бір қуаныш, бір қайғы

Сен сыйладың шуақты күн, нұрлы айды

Мың -миллион боздақ бойын арманды

Жылда маған жеңіс қолын бұлғанды

Ұлы жеңіс,

Қуанышын қанша мың

Сен ортақсың бақытына баршаның

Ағалардың арманысың аңсаған

Ауыр сәтте сындырмаған ар сағын

Жүргізуші:

Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл жеңісті алып келген

Тамерланның орындауында «Әкешім» әнін қабыл алыңыздар!

Он саусағынан өнер тамған,

домбыраны терең меңгерген ортаға Диананы күйімен шақырайық.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай ,

әнді Абайдай сүйетін Мағауияны қарсы алайық

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайдыЖүргізуші:

2 «б» сынып оқушыларын ортаға шақырайық. (Өлең оқу)

Дүниежүзлік соғысты

Бейбітшілік жеңген күн

Ондай соғыс жер үсті

Болмасына енді сенген күн

Болдырмауға соғысты

Тойлаймыз біз жеңісті

Қалалар келіп қалпына

Құлпыра түсті жер үсті

Батырлар әр қалауса

Ескерткіштерорнады

Орындалды ел жаңара

Ардагерлер арманы

Жүргізуші:

2 «б» сынып оқушыларының орындауында «Ұландар» әні

Жүргізуші:

Көрінбейді медельдап

Батырлардың кеудесі

Жолықсын тек енді алдап

Соғыстың тарих көрмесі

2 сынып оқушыларының орындауында «28 Панфилов» әні

Жүргізуші:

Осымен, «Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды»! атты тәрбие сағ атымызды жабық -деп жариялаймыз. Ардагерлеріміз аман, еліміз тыныш болсын!

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайдыУрок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды


Өнеріміз-өнегелі отбасынан


Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ізденімпаздылығын дамыту, өнерге баулу, өнегелі отбасынан өнерлі, іске құмар, жаны сұлу, өмірге ғашық, саналы бала тәрбиелеп шығаруды сабақтың мақсаты ете отырып,сонымен қатар бүгінгі күнде балаларымыздың өздерінің отбасынан қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып жүргенін байқау мақсатында ата- налардың, үлкен әжелердің басын қосып тәлімді байқау өткіздік.

Көрнекіліктер: «Атаның салған жолы бар, ананың тіккен тоны бар», «Қар бардың-қазынасы бар» деген нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүргізілу барысы:

Кіріспе сөз: «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген-тон пішер» деген бабалар сөзін айтар ете отырып, аяулы әжелер мен ақылды немерелер сайысына қош келдіңіздер.

Қадірлі қонақтар, ата-аналар, оқушылар!

«Отбасының өнегесі-Отан», -деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, өнегелі отбасынан-өнерлі, іске құмар, жаны сұлу, өмірге ғашық, саналы бала шығады. Өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдебиетін танып-білу, ел-жұртын сүйіп өсу-бәрі отбасынан басталады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбына сай, балалардың отбасынан қандай тәлім-тәрбие, үлгі өнеге алып жүргенін байқау үшін ата-аналардың, әжелеріміздің басын қосып мәнді де сәнді, мереке мен береке ұласқан думан өткізіп отырмыз. Ендеше сол думанды бастауға рұқсат етіңіздер.

Өнерлі халық-өміршең халық,

Өнерлі болсаң жан-жақты.

Жұлдызың туар көгіңнен жанып,

Басына берер мол бақыт.

Байқау 7 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Әр топ өздерін таныстырады.

2-кезең. «Жүйректен жүйрік озар жарысқанда». Өнер сайысы.

3-кезең. Қол өнер сайысы.

4-кезең.Ұлттық тағам әзірлеу.

5-кезең. Көрініс.

6-кезең. «Атадан қалған асыл сөз» мақал-мәтел сайысы.

7-кезең. Салт-дәстүр.

Ән: «Көктем сәні»

1-кезең: Немерелері әжесін және өзін таныстырады.

Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

2-кезең: Өнер сайысы.

«Балаларға өнер білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін» - деп, кезекті өнерге береміз.

Испанский би

3-кезең: Қол өнер сайысы.

Ән: «Балғын балалық шақ»

4-кезең: Ұллтық тағам дайындау.

Ұлттымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды иманды етіп әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп тілейік.

Балет биі

5-кезең: Көрініс.

Ән: «Мен қазақпын, қазақпын»

6-кезең: Мақал-мәтел сайысы.

Әуелден жомарт серіміз,

Асылын жырдың теріңіз.

Білгіңіз келсе қазақты,

Ән-күйін тыңдап көріңіз.

  1. Әкеге қарап ұл өсер, ..........................

  2. Мал өсірсең қой өсір, ........................

Өнімі оның көл-көсір.

  1. Ас -адамның ................................

  2. Ер жігіт ел үшін туады, ....................

  3. Отан үшін .........................................

  4. Балалы үй .........................................

  5. Отансыз адам ...................................

  6. Әдепсіз өскен баладан, .....................

  7. Ата-бәйтерек, ...................................

Ән: «Туған күн»

7-кезең: Салт-дәстүр.

Сендерге артар міндет көп,

Көтерген биік ата салтын құрметтеп.

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайдыАқтай білсең ата-бабам үмітін

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп

Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша сазды сәлем жолданады.

Ән: «Асыл әжем»

Біздің ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы, құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді ақыл-парасат, ойлы да арлы адамгершілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған. Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтары да өмір көшінде бабалар арманы жалғастырып келеді. Болашағымыз бен өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы-қариялар, ортамыздың берекесін арттырып, аман-есен жүріңіздер.

Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әр балақаай,

Әжесіне ұқсайды,-дегендей бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтай отырып бата сұрау.

Дәстүрлі қазағымның мол болады.

Әрбір сында әртүрлі жол болады.

Қазағымның ескі бір үрдісімен

Әжелерден бата алған жөн болады.

Қорытынды. Қазылар алқасы қатысқан әжелер мен немерелерге «Өнерлі әже», «Тапқыр әже», «Білгір әже», «Сүйкімді немере», т.б. номинациялары бойынша қорытынды шығарады.

Урок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайдыУрок Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды

© 2010-2022