«Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз оның тәрбиесі»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:















«Бекітемін»----------

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Т.М. Бержанова

Күні: 22.05.2015ж

Тақырыбы: «Бала - басты байлығымыз,

Ал ең асылымыз оның тәрбиесі» ата - аналарға арналған семинар - тренинг

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.

Өткізілу әдістері: топтық жұмыс, тренинг, рефлекция

Көрнекілігі: презентация, видео, түсті қағаздар, ағаш, көл, тәттілер, қобдиша

Жоспары:

Ұйымдастыру

1. Тренинг (кездесу)

2. Топқа бөлу (музыка арқылы)

3. Топтық жұмыс (парақ арқылы гүл жасау, ағаштың суретін салу, кеме жасау )

4. Рефлекция "Тамшы"

5. Қорытынды. Сиқырлы қобдиша (ата -аналарға арналған кеңес)

1. Тренинг "Кездесу" (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

2. Топқа бөлу. Семинар-тренингімізді бастау үшін сіздерді топқа бөлеміз. Өлең шумақтары арқылы, яғни "Ана", "Әке", "Ұстаз" туралы әндерді таңдап, айту арқылы өздеріңіз таңдаған топқа жинақталамыз.

3. Топтық жұмыс. Топтық жұмыстың барысында түрліше тапсырамалар орындалады. Ол тапсырманы алдарыңызда жатқан парақтар арқылы бейнелеп, жазасыздар.

Ана тобы. Ағаш - Бала тәрбиесіндегі ананың ролі қандай?

Әке тобы. Кеме - Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі қандай?

Ұстаз тобы. Гүл- Бала тәрбиесіндегі мектептің ролі қандай?

4. Рефлекция "Тамшы". Тақтада көл бейнеленген. Көл тамшыдан құралатын сияқты ата - ананың әр бір сөзінен, ісінен бала өз бойына тәрбие алады. Сол балаларға берер тәрбиелеріңізді тамшыға жазып, көлшікке әкеліп жапсыруларыңыз сұралады.

5. Қорытынды. "Сиқырлы қобдиша".

Мына қобдиша "Сиқырлы қобдиша" деп аталады. Бұл қобдишаның ішінде тәттілер бар және сол тәттілерде ата - аналарға арналған кеңестер жазылған. Бір - бір тәттіден таңдап алыңыздар.

Қорыта келе, бала тәрбиесi - игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.


© 2010-2022