Сыныптан тыс жұмыс «Айбары асқақ Ата заң» Конституцияға – 20 жыл

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні:

Тақырыбы: « Айбары асқақ Ата заң» Конституцияға - 20 жыл

Мақсаты:

Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі -ел Ата Заңының 20 жылдығына орай Конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу;

Саяси өмірден хабардар ,қоғамалдында тұрған мақсаттарды шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып шығармашылық іздемпаздық дағдысын дамыту;

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, слайд, көрме

ӨТІЛУ БАРЫС : Экраннан бейне ақпарат көрсетіледі.

Ата заң туралы мәліметтер беріледі

Қ.Р Гимн орындалсын.Сыныптан тыс жұмыс « Айбары асқақ Ата заң» Конституцияға – 20 жыл


Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар! 30 - тамыз Конституция күніне орай өткелі отырған «Айбынды Ата заңға - 20 жылаттысалтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! 30 тамыз датәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толды .Бұл жылдар ішінде мемлекетімізде мократиялық даму жолымен жүріп келеді, экономикада, әлеуметтік салада зоржетістіктерге жеттік. Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашып беру үшін мектебіміздің директоры Қозыкнова Оразкүл апайға сөз кезегін береміз.

Сыныптан тыс жұмыс « Айбары асқақ Ата заң» Конституцияға – 20 жыл


Елшібек Айдана

Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. Сонымен Конституцияның шығу тарихына тоқталсақ.

Соның біріншісі - 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР - нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі - 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ ССР - ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы ҚР Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр.

Жүргізуші: Қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт -сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес атқарылады. Ұлттық ырым-тыйымныңәдеп-үлгісінің жұптасқан немесе топтасқан құрамы халықтың әдет-ғұрпын, жол-жоралғысын құрайды.Біздің Ата заңымызға дейінгі заңдарға тоқтала өтейік.

жансая: Қазақ заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны бөлек. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан түпкілікті қолданып, заң күшіне толық енді. Мұны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Жоғарыда аталған екі заң ұлы хан, Әз Тәуке тұсында одан әрі жетілдіріп, жаңа құқықтық тараулар енгізілді. Ақыл-парасаттың арқасында Әз Тәуке аталған ханның тұсында «Жеті Жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Ұлы билермен ақылдаса отырып, Әз Тәуке шығарған «Жеті Жарғының» өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының шырынын бойына сіңіре туындағаны хақ.

«Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы»

Мүлік заңы

Қылмыс заңы

Әскери заң Елшілік жолдары

Жұртшылық заңы

Жеті Жарғы

Тіл тигізу, балағаттау, ұру, денеге зақым салуға қатысты берілетін жазалар Кісі өлімі, оған салынатын айып, Ұрлық, барымта Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ салу Жеті ата ішінде қан араластырмау Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы

Жүргізуші:

Еркін елдің Ата заңы ардақты, Әрбір сөзі,әрбір бабы салмақты Адам құқы бостандығы теңдігі, Барлығын да қарастырған жан жақты

ҚР конституциясының құрылымы . ҚР Конституциясы 9бөлімнен 98баптан тұрады.

Жалпы ережелер Адам және азамат Президент Парламент Үкімет Конституциялық Кеңес Соттар және сот төрелігі Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзін басқару Қорытынды және өтпелі ережелер

Жүргізуші: Халқымыздың құқық, билік, сот ісі жөніндегі көңіл аударарлық заңы 1885 жылы Семейдің Қарамола съезінде Абайдың қатысуымен жазылған Ереже. Бұл заңдардың жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал мүлкін қорғау мәселелері баса айтылады. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлген.

Ән:Нұрадин Еламан

"Конституцияны қатаң ұстану бұл мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімінің негізі.ол бойынша өмір сүру бұл демократияның ең жоғарғы мектебі.бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз.Біздің міндет ата заңға аса ұқыптылықпен қарау".деген еді бір сөзінде Н.НАЗАРБАЕВ

Конституция күні мемлекеттік мереке.Барлық Қазақстандықтарды 30тамыз Конституция күнімен құттықтай отырып,мықты денсаулық бейбіт тұрмыс,тұрақтылық тілеймін.

Береке бірлігіміз мәңгілік болғай.


© 2010-2022