Ұлы Жеңіске 70 жыл

  Тақырыбы:Ер есімі-ел есінде» Сабақтың мақсаты: Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру. Оқушыларды өз Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттық тәрбие берумен қатар, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, фотоальбом, ерлік туралы мақал-мәтелдер, буклеттер, кітап көрмесі т.б.   1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Әрқайсымыз үшін жақында қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы ... 2-оқушы: «Сталинград үшін шайқас». Отан үшін! Жеңіс үшін! Деп солдаттар салып ұран, Көтерілді атакаға Оққа қарсы жауып тұрған Сол мезгілде бір жауынгер Шойырылды ма,сүрінді ме, Көкірегін қолмен басып Құлады сәл жүгірді де Жығылды ол ,жығыпты оқ, Ақты қаны ердің жерге Жеткені ме арсыз ажал, «Тағы бір жеңдім» дер ме? Жоқ,жоқ! Ажал, қателестің, Әлі бойда қайратым бар Әлі де мен соғысамын! Қайратым бар,айбатым бар!   
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Бастауыш сынып мұғалімі

Сарбаева Жаухар Исина

Ақтоғай ауданы

Әлихан Бөкейханов атындағы

жалпы білім беретін мектебі



«





Тақырыбы:Ер есімі-ел есінде»

Сабақтың мақсаты:

Ұлы отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән маңызы туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды өз Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттық тәрбие берумен қатар, олардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, фотоальбом, ерлік туралы мақал-мәтелдер, буклеттер, кітап көрмесі т.б.

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар!

Әрқайсымыз үшін жақында қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды. Атаулы жеңіске 70 жыл толғалы отыр.

2-Жүргізуші:

Жеңіске жету жолында қазастандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан жеңіс күні әрбір қазақстандықтын жүрегіне жақын. Өкінішке қарай уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады.

1-жүргізуші: Бірақ ешкімде, ештене де ұмытпауы тиіс. Себебі бұл біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз.

2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысының қасіреті әр ауылға, әр отбасына, әр адамға өте ауыр зардап әкелді. Өзіміздің туып-өскен ауылымыздағы соғыстың ауыр азабын тартып, елі үшін құрбан болған және аман-есен оралған жерлес аталарымызбен, ағаларымыздың ерлігі жайлы тоқталып кетсек. 1970 жылы Торғай облысы құрылғанда 471 соғыс ардагері болған. Бүгін сол ардагерлеріміздің бесеуі ғана арамызда, қаламызда тұрып жатыр.

(5 ардагерді таныстырып өту)

2-жүргізуші:

Бүгінгі кешіміз соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналады.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны (1 мин. үнсіздік)

1-жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер мененн құштарлықтын құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Бәрі де есімде! (Жеңіс туралы өлеңдер)

1-оқушы: «Жеңіс туы»

Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,

Шеңгелін қанды ажал жайғанда

Ойрандап жауыздың ордасын

Болдық біз найзағай майданда

Жеңіс туы,

Жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры,

Жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып!

2-оқушы: «Сталинград үшін шайқас».

Отан үшін! Жеңіс үшін!

Деп солдаттар салып ұран,

Көтерілді атакаға

Оққа қарсы жауып тұрған

Сол мезгілде бір жауынгер

Шойырылды ма,сүрінді ме,

Көкірегін қолмен басып

Құлады сәл жүгірді де

Жығылды ол ,жығыпты оқ,

Ақты қаны ердің жерге

Жеткені ме арсыз ажал,

«Тағы бір жеңдім» дер ме?

Жоқ,жоқ! Ажал, қателестің,

Әлі бойда қайратым бар

Әлі де мен соғысамын!

Қайратым бар,айбатым бар!


Соғыстың соңғы көктемі

Жасылмен бояп қойған ба?!

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар шөккелі.

Әкелді шуақ бар маңға,

Соғыстьң соңғы көктемі.

Соғыстың соңғы көктемі,

Көп болды нұрын төккелі.

Жап-жасыл анау аспан да,

Аспан да, сірә, көктеді.

Бойына таудың асылып,

Шұғыла тұрды, көк меңі.

Қызғанып, гүлін жасырып,

Қылтанақтар да көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,

Орманның жасыл шекпені.

Қуанта, бірақ, алмады,

Сонау бір үйді шеттегі,

Соғыстың соңғы көктемі...

1-жүргізуші:

Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тікке 1945 жылғы 9 мамамыр азаттық күрестің айбынды күні. Біздің халқымыз батырларға бай. Халқымыз қазақтыңбатыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен айтады.

Даламыздың даңқысын,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

2-жүргізуші:

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзің,

Оқ борап снарядтар қаққан ызын.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

«Әлия» орындайтын Сәрсенбаева Гүлназ.

Мәншүк

Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған.

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «Максим»оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде.

Төнсе де өлім қаупі, жасымаған

Көрініс:«Ол күндердің өшпес даңқы»

1-жүргізуші:

Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады.

Самал өскен даласын қорғады.

2-жүргізуші:

Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ ана күте берді, күте берді

«Ана туралы баллада»

1-жүргізуші:

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той-мереке!

Би «Катюша»

2-Жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.

Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады рейхстагқа!

(Ән: «День Победы»- орындалып тұрады.)

1-жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2-жүргізуші:

«Егемен Қазақстан»

1-жүргізуші:

Осымен құрметті қонақтар, Жеңістің 70 жылдығынаарналған «Ер есімі, ел есінде» атты

Кешімізді аяқтаймыз. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан тілейміз. Қатысқан барлық оқушыларға рахметімізді айтамыз! Жеңіс туы көк аспанымызда желбірей берсін!

2-жүргізуші:



© 2010-2022