Доклад на казахском языке Эффективные обучения по казахской литературе

Баяндама тақырыбы   «Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәсілдері»  «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,  ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» Жүсіпбек Аймауытов   Оқыту дегеніміз - өнер. Өнер болғанда күрделі, нәзік, көп қырлы және өзіндік ерекшелігі бар өнер, өйткені бұған екі адам – мұғалім мен оқушы қатысады. Оқыту нәтижелері оқушының білім сапасынан, даму дәрежесінен көрінеді. Қазіргі сабақ – тұлғалық дамыта білім беру идеясын жүзеге асыру. Тұлғалық дамыта оқытуды жүзеге асыру бірқат...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


  1. Аты-жөні - Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы

  2. Ғылыми дәрежесі - жоқ

  3. Жұмыс орны, қызметі - «Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, 1 санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, еңбек өтілі 14 жыл.

Баяндама тақырыбы

«Қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәсілдері»

Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы

«Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық

сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі» ММ

«Қазақ әдебиеті және фольклорды оқыту мәселелері» секциясы


«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес,

ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»

Жүсіпбек Аймауытов

Оқыту дегеніміз - өнер. Өнер болғанда күрделі, нәзік, көп қырлы және өзіндік ерекшелігі бар өнер, өйткені бұған екі адам - мұғалім мен оқушы қатысады. Оқыту нәтижелері оқушының білім сапасынан, даму дәрежесінен көрінеді.

Қазіргі сабақ - тұлғалық дамыта білім беру идеясын жүзеге асыру. Тұлғалық дамыта оқытуды жүзеге асыру бірқатар инновациялық түрлендіру енгізуді қажет етеді. Оқушылар белсенділігінің өзіндік құнды формаларын дамыту үшін пәндік жағдайлар жасап, өздігінен жаңалық ашуға, жаңа тәжірибе жинақтауға және оқушылардың өзіндік құнды белсенділігін қолдайтын коммуникативтік жағдайлар жасау мүмкіндігін беретін дамытушы тапсырмаларды құру қолданылады.

Сонымен , сабақты жобалау үшін әдіс, тәсіл, операция және құралдарды таңдап алу қажет.

Ең бастысы мақсатты анықтау. Сабақтың мақсаты қысқа әрі нұсқа, түсінікті, қол жеткізе аларлықтай, яғни орындай алатындай және өлшеулі болу керек. Бүгінгі күні тұлға белсенділігін дамыту - басты мәселе. Сондықтан мақсат қойғанда келесі сұрақты естен шығармаған жөн. Мақсат орындалған жағдайда ол білім алушыға, қоғамға, табиғатқа не береді?

Сабақ - нақты анықталған уақыт ішінде оқушылардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, тікелей оқу пәні негіздерін меңгеру жағдайын жасау, танымдық қабілеттері мен рухани дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс құралдары мен әдістерін қолдана отырып, оқушылардық топтық танымдық және басқа да іс-әрекеттеріне мұғалімнің жетекшілік етуі жүретін, оқытуды ұйымдастыру болып табылады.

Жалпы, мақсат қойылды, әдіс-тәсілдер, құралдар таңдап алынды, барлық жайлар ескерілді. Сабақтың мақсаты негізінде дамытушы тапсырмалар құрастырылады. Әр тапсырманың уақыты мен ұпайы белгіленеді де сол арқылы білім алушы өзін-өзі бағалайды.

Әр сабақ білім, білік, дағдыларды меңгеру құрылымына сәйкес мұғалім мен оқушылардың түрлі іс-әрекеттерімен сипатталатын элементтерден құрылады. Дәстүрлі сабақта ББД, ал қазіргі сабақта құзіреттіліктер қалыптастырылады. Сабақтың тиімділігі мұғалімнің мұқият дайындығы мен ұйымдастыру шеберлігіне байланысты.

Орыс мектептеріндегі қазақ әдебиеті сабағы аптасына 1 сағат берілген. Шығармалар көлемі ауқымды. Қазақ әдебиетінде берілген бағдарламадан қалмау мақсатында, әр мұғалім шығарманы оқушылардың оқуын да, түсінуін де, нақты кілтті сөздерді таба білуін де, шығарманың мақсаты мен идеясын аша білуін де талап етеді. Бұл әрине, оқушылар үшін өте ауыр. Оқығанмен шығарманы түсінбегендіктен, оқушылар «бұл пәнді қайтемін» деп қол сілтейді. Әр мұғалім орыс мектебіндегі қазақ әдебиеті сабағында өз сорпасында өзі қайнап жатады.

Нағыз сабақ - ол әрқашан сұхбат, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттің болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Осы мақсатты ескере отырып, өзімнің қазақ әдебиеті сабақтарымда мынадай тәсілдерді қолданамын.

Оқушылардың ең алдымен шығарманы түсінуі үшін сөздік қоры болу шарт. Сондықтан сөздік жұмысын қолданудың тиімді тәсілдерінің бірін ұсынып көрейін. «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенді меңгеремін» -деген жақсы дана сөз бар, сондықтан алдарыңызда жатқан түрлі түсті қағаз зер салып қарап, не істеуге болады?-деген сұраққа жауап беріп көріңіздер.

Біздің кейбір жалқау балаларымызға сөздерді жылдам есте сақтаудың тағы бір тәсілі кеспе-құрақ қолдану. Бұл өте тиімді әдіс. Бұл әдіс әрі балалардың сөздерді есте сақтауына, жазылуын есте сақтауына көп көмегін тигізеді. А-4 қағазына бір жағына - қазақша, екінші жағына - орысша шығармадан алынған негізгі сөздер жазылады.

кейіпкер

герой

тақырып

тема

оқиға

событие


Орысша жазылған сөздерді қиып алып, қазақша жағы оқушылар алдында жатады. Лото ойыны сияқты орысша қиылған сөздер оқылып отырып, оқушылар өз қағаздарындағы сөздерді жабады. Бұл тәсіл оқушылардың қазақша сөздерді есте сақтауы мен жазылуын есте сақтауға көмектеседі. Мұғалім әр тақырыпты шатастырмау үшін тақырып бойынша А-4 қағазының түсінде (біртақырып бойынша сөздер, қызыл, келесі - жасыл...) өзгертіп отыруға болады. Бұл қағаз арқылы көптеген тапсырмалар орындатуға болады: лато ойыны, әр партада оқушылар өздері сөздердің аудармасын табуына, сол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыруына болады.

Оқушыларды қазақ әдебиеті сабағына қызықтыру үшін өтетін шығарма авторы туралы сабақ барысында айтып кетсең, нұр үстіне нұр! Мысалы, Мұхтар Әуезовты өткенде, Қазақстанда ең алғашқы футбол командасы 1913 жылы Семей қаласында құрылып, Қазақстандағы ең алғашқы футбол командасында Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болған - деп оқушыларды қызықтырсаң, футбол ойнайтын балалардың құлағы елең ете қалады.

Тиімті тәсіл - баршаға ортақ деп ойлаймын. Шығарма авторларының өмірбаянын өткенде А-4 қағазына автордың туғанынан бастап, қайтыс болғанға дейінгі өмір жолдарын суретке салдыруға тапсырма беру. Келесі сабақта оқушылар өз жұмыстарын ауыстырып, бір-бірінің суреттері арқылы шығарма авторының өмірбаянын айтады. Сурет арқылы оқушылар автордың өмір жолдарын жақсы есте сақтайды.

Қазақ әдебиеті сабағында Қазақстан картасын іліп қойып, әр шығарма авторының туған жерін, облысын, қаласын жалауша арқылы көрсетсе, оқушылар өз қолдарымен тапқан, өз көздерімен көріп істеген тапсырмасы болғандықтан, жадыларында жатталып қалады.

Я.А.Каменский «Алты ереже» атты еңбегінде: «Көрінетіннің бәрін көзге, естілетіннің бәрін құлаққа, сезілетіннің бәрін қолға беру керек», - деп атап көрсеткен. К.Д.Ушинский «Көрнекілік балалардың нақты қабылдайтын психологиялық ерекшілігіне сай келеді, өйткені олар нақты формамен, дыбыспен, бояумен, түйсікпен ойлайды» - деген.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.




Пайдаланған әдебиеттер


1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 1998 жыл, №1.

2.






































© 2010-2022