Тапқыр достар сайысы на казахском языке 6класс

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тапқыр достар» сайысы.

Сайыстың мақсаты:Оқушыларды тапқырлыққа шапшаңдыққа үйрету.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар өздеріңізге арналған сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілейміз.

Қатысушы топтар:

1 - топ «Алғыр» тобы.

2 - топ «Жұлдыз» тобы.

Сайыс шарттары:

1 - кезең. Топтар өздерін таныстырып өтеді. Сәлемдесу.

2 - кезең. Жасырын әріптерді суырып.қойылған сұраққа сол әріптен сөз ойлап табу.

3 - кезең. Сіз білесіз бе? Ұпайдың артындағы сұраққа жауап беру.

4 - кезең. Әр топ бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарын қою.

5 - кезең. Қолқа салу. Ұтылған топқа шарт қою. (ән,би,өлең )

1 - топқа сұрақтар:

1.Сіз ғалым болғыңыз келе ме?

2.Физика сабағы сізге ұнайма?

3.Парижге барғыңыз келе ме?

4.Адамда қанша шаш болады?

5.Қандай маман иесі болғыңыз келеді?

6.Адамдар неге ренжіседі?

7.Жылқыда не болмайды?

8.Жақсы көретін адамыңызға не сыйлағыңыз келеді?

9.Бүгін ауа-райы қандай?

10.Қожанасыр қандай адам?

11.Металл балқыған кезде энергия жұтыла ма?

12.Күшті немен өлшейміз?



2 - топқа сұрақтар.

1.Сіз Алдаркөсе рөлін ойнағыңыз келе ме?

2.Энергия Күннен Жерге қалай беріледі?

3.Жұлдыз болғыңыз келе ме?

4.Тамаққа тұз саласыз ба?

5.Қай пәннің мұғалімі ұнайды?

6.Туркияға саяхаттағыңыз келе ме?

7.Көңіл - күйіңіз қандай?

8.Ауа-райы қандай?

9.Сіз ұйқыны жақсы көресіз бе?

10.Жалқаулықты жаныңыз сүйеме?

11.Арманыңыз не?

12.Қожанасыр болғыңыз келе ме?

Сайыс арасында «Асыл әжем» әні

Құрметті оқушылар бүгінгі сайысымызда «Алғыр» тобы өздерінің алғырлығымен көзге түсіп, 1 - орынға ие болды.

Жеңілген топ жеңген топқа өз өнерін көрсетеді.

Қолқа салу. «Өзбек биі»

Сайысымыз осымен аяқталды. Сайыс соңында «Достар» әні орындалады.



© 2010-2022