Ұлттық дүние таным қосымша метериалдар

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

А.О.Шомакова. А.Б.Макаров.

Қарастырылды:

Бірлестік жетекшісі

Т.У.Абдикаримова.

«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


2014-2015 о.ж.





ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

Үйірме сағатының

Күнтізбелік жоспары.



1-сынып










:

Бастауыш сынып мұғалімі

Сембекова Раушан Дайржановна.







Түсінік хат

Баланы жастайынан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрлерді игеруге,тілін дамыту, халық өнеріне баулу тәрбиенің көзі деп саналған.

Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана, дәстүр ерекшелігін психологияны игереді екен.Ана тілін түсіеген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтыны анық.

Ұлттық дүниетаным үйірмесін оқытудың мақсаты:

  • оқушы бойында қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, ежелгі замандардан бүгінге жеткізіп берген дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін қалыптастыру. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Осы мақсаттарға сәйкес ұлттық дүниетанымды оқытудың мынандай жалпы міндеттері айқындалады.

  • Туған еліміздің, халқымыздың төл мәдениетімізге лайық таным түсініктері мен ерекшеліктерін қалыптастыру;

  • Шежірелі ата-қоныстар, халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап, әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны туралы түсініктерін жетілдіру;

  • Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған салты мен сапасына бағыт-бағдар етіп сақтаған салт-дәстүр, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін тануға баулу;

  • Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде еңбекке, халықтық ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • .

Күтілетін нәтиже:

оқушы бойында қазақ халқының ұлттық дүниетанымын,ежелгі замандардан бүгінге жеткізіп берген дәстүрлі танымы мен білімін,сенімі мен көзқарасы,өлшемі ментүсінігі қалыптасқан адамгершілікке,ізгілікке, ептілікке,қырағылыққа,төзімділікке тәрбиеленге тұлғаны көру..




Ұлттық дүниетаным бағдарламасының білім мазмұны

  1. сынып

(аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сағат)


І.Әдеп (8 сағат)

Ұлттық тәлім бастаулары туралы түсінік.Басқа ұлт тілдерінде сәлемдесу. Аты-жөнді, мекен-жайды, оқитын мектептің атын дұрыс айту.Мектепте, көшеде және үйде әдепті болу.Үлкенді құрметтеу және кішіге ізет көрсету.Өзара әдепті болу.Сөз тыңдау және сөзде тұру.Дастарқан басындағы және ас ішудегі әдептілік.

ІІ.Бес саусақ бойынша негізгі ұғымдар мен ұзындық өлшемдері

(9 сағат)

Қол және саусақ атаулары.Саусаққа салынатын зергерлік бұйымдар .Сүлгі.Алақанның аясы.Білезік.Білек.Көбе.Саусақтың орналасуына байланысты атаулар (шеңгел, жұмырық, жұдырық, уыс, шапалақ). Отыру түрлері Жатудың түрлері.Қазақша ұзындық (қалыңдық) өлшемдері. Сыйымдылық өлшемдері (шымшым, шөкім, бір уыс, қос уыс). Көне өлшемдер. Бес саусақ неге бірдей емес? Бес саусақ. Он саусақ.

ІІІ.Туыстық атаулар (2 сағат)

Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар

ІҮ. Санамақ ойындары (3сағат)

Санамақтар.Санамақ ойындар.Сандар және бағалар. Баға және бағалау.

Ү. Халық айтса - анық айтады. ( 6 сағат )

Ай аттарының сыры. Күн мен ай аттары.Уақыт өлшемдері.Қазақ халқының ырымдары.Наурыз - ұлыстың ұлы күні.Халықтың уақытты анықтау белгілері.

ҮІ. Төрт түлік ( 4 сағат )

Төрт түлік төлдерінің атаулары.Жылқыға қолданылатын құрал-жабдықтар.Қамшы.


4

ҮІІ. Үй жануарлары ( 2 сағат )

Үй жануарлары төлдерінің атаулары.Жан-жануарлар, аң-құстар қалай дыбыстайды?

Осы курс бойынша оқушылардың меңгерілген

білім, білік, деңгейіне қойылатын талаптар


Әдеп бөлімі бойынша:

  • аты-жөнді, мекен-жайды, оқитын мектептің атын дұрыс айта алу;

  • мектепте, көшеде, үйде өзін ұстай білу;

  • сабақ кезіндегі, үйдегі тыйымдарды, көшеде жүру тәртібін жатқа білу;

  • үлкендердің алдында әдеп сақтай білу;

  • өзара әдепті болу.

Бес саусақ бойынша негізгі ұғымдар мен ұзындық

өлшемдері бойынша:

  • қол, саусақ атауларын, отыру, жатудың түрлерін білу;

  • қазақша ұзындық өлшемдерін көрсете білу;

  • сыйымдылық өлшемдерін көрсете білу.

Туыстық атаулар бойынша:

  • жақындық қарым-қатынасты білдіретін атауларды айыра білу;

Санамақ ойындары бойынша:

  • санамақ ойындарын жатқа білу;

  • үлгіге қарап, санамақ өлеңдерін құрастыра алу;

  • сандарға байланысты өлеңдерді жатқа білу.


5

Халық айтса - анық айтады бөлімі бойынша:

- уақыт өлшемдерін, қазақша күн, ай аттарын жатқа білу;

- халықтың уақытты анықтау белгілерінен түсінігі болу.

Төрт түлік, үй жануарлары бойынша:

  • төрт түлік төлдерінің атауларын, төлдер туралы өлеңдерді жатқа білу;

  • жылқыға қолданылатын құрал-жабдықтардың аттарын, құрылысын білу, суретін сала алу;

  • жан-жануарлар, аң-құстар қалай дыбыстайтынын білу;

  • жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштарды айта алу.

Зерттеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері

  • дөңгелек үстел (пікірлесу, пікірталас)

  • шығармашылық сайыс (үлгіге қарап санамақ ойындар құрастыру, төрт түлік, үй жануарлары туралы өлең құрастыру, әңгіме жазу);

  • жолда жүру ережелеріне, әдептілікке байланысты сұрақ-жауапқа құралған ойындар;

  • жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға, жұмбақтарды шеше білуіне байланысты «Жұмбақтар, жаңылтпаштар» сайысын, сурет сайысын өткізу.




тізіімі



  1. Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2005 ж. , «Жеті қазына» 2001 ж.

  2. Н.Базылхан «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы. 2001 ж,.2002 ж., 2003 ж.

  3. Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» 1997 ж.

  4. М.Ш.Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» 2004 жыл.

































Өтілетін тақырып

Сағат саны

мерзімі

1

Әдеп-8сағат

Ұлттық тәлім бастаулары туралы түсінік.



1


2

Амандасу түрлерін меңгерту.

1


3

Аты-жөні,мекн-жайы, оқитын мектептәі атауын дұрыс айту.

1


4

Мектепте,көшеде, үйде әдепті болу.

1


5

Үлкенді құрметтеу,кішіге ізет көрсету.

1


6

Өзара әдепті болу.

1


7

Сөз тыңдау және сөзде тұру.

1


8

Дастархан басындағы және ас ішудегі әдептілік.

1


1

Бес саусақ бойынша негізгі ұғымдар мен ұзындық өлшеуіштеі.

Қол және саусақ атаулары.





1


2

Саусаққа тсалынатын зергерлік бұйымдар.

1


3

Саусақтың орналасуына байланысты атаулар.

1


4

Отыру түрлері

1


5

Жатудың түрлері.

1


6

Қазақша ұзындық өлшемдері.

1


7

Сыйымдылық өлшемдері.

1


8

Көне өлшемдер.

1


9

Қызықты ойындар

1


1

Туыстық атаулар-2сағат.

Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар







2


1

Санамақ ойындары-3 сағат.

Санамақтар



1


2

Санамақ ойындар.

1


3

Сандар және бағалар.

1


1

Халық айтса - анық айтады. 6 сағат

Ай аттарының сыры



1


2

Күн мен ай аттары

1


3

Уақыт өлшемдері

1


4

Қазақ халқының ырымдары

1


5

Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні.

1


6

Халықтың уақытты анықтау белгілері.

1





1

Төрт түлік - 4сағат.

Төрт түлік төлдерінің атаулары.



1


2

Жылқыға қолданылатын құрал-жабдықтар.

1


3

Шығармашылық сағат. Менің сүйікті жануарым.

2


1

Жануарлар әлемі -2 сағат

Өз табиғат аямыздағы жан-жануарларды білесің бе?

Шығармашылық ізденіс сағаты.



2


1






























.






















4



















































































































































































































































































29

© 2010-2022