Воспитательный урок: Оқушылырға отан, отбасы, ұғымдарын на казахском языке

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушылырға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру;Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып , бірінін пікірін бірі тындай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Елін, жерін, құрмет тейтін жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Өлеңдер, мақал-мәтел,
Тәрбие сағатқа қатысушылар: Ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
Тәрбие сағат әдісі: тренинг «Шаттық шеңбері», Сайыс, СТО әдістемесі элементтері
Тәрбие сағат барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.
І. Сөзжұмбақ шешу. ( Тақырып ашу).
Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата-аналар ішкі шеңберде тұрады.


Оқушылар:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті
Тату тәтті жүреміз
Ата-аналар:
Достық- өмір тірегі,
Достық баршаның тілегі
Татулық дәйім сақталса
Қуанып соғар әр адамның жүрегі
Мұғалімнің кіріспе сөзі .


Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар. Бүгін біз бірлесіп өткізгелі отырған еліміздің тәуелсіздік күніне, Қазақстан Республи- касының тұңғыш президенті күніне орай және кішкене отанымыз Отбасымызға арналған Отан-отбасынан басталады атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазір балаларыңыздың әзірлеген кіріспе сөзін тамашалаңыздар.

Тоқтар : Қазақстан тәуелсіз ел. Шыңғыс. Қыраны еркін самғап,
«Жауына табынбаған, Аспанда қалықтаған.
От болып жалындаған..» Желбіреп жалаулары,
Азаттық қоныс қылған, Әнұраны шарықтаған.
Елінде бақыт тұнған.
Әнұран айту....
Әйгерім: 1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Ясмин: Шықты тарап ой данадан,Әмір: Шырақ етіп өмір нұрын,
Бері қарады жұлдыз беті. Алыс жатты алдағы жол.
Өзі қалап сайлап алған, Ел намысын, елдің жүгін,
Елімнің бар Президенті Арқалаған ардағым-ол.
Санат: Президент туралы өлең

Мұғалім: Иә, Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата- бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер - елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арманы.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы - ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың жан- жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады. Ендеше «Отан отбасынан басталады» атты тәрбие сағаты сәтті өтсін.


ІІ.Топқа ат қою, постер салу, қорғау.
ІІІ. Оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар мен тапсырмалар: әр топқа 3 сұрақтан беру, жауапты орыннан айтады.
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)
ә) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды
(желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)
б) Президент қай жылы, қай күні алғашқы рет ант берді? (10.12.91ж)
в) 2013 жылы ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (20 жыл)
г) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)
ғ) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз)
д) Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? (6.05 1998ж)
е) Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992ж, 7 маусым)
е) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
ж) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
з) Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
и) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1 желтоқсан)
ІҮ. Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу.
1-топ: 1.Туған жерге ........ (туың) тік.
2. Отансыз адам,
Ормансыз .......... (бұлбұл).
3. Басқа елде ........ (сұлтан ) болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2-топ: 1. Отан ........( отбасынан) басталады .
2. Ел үмітін ...... (ер) ақтар.
3. Туған жерім, алтын ...... ( бесігім)
3-топ: 1. Өз үйім өлең ........ ( төсегім)
2. Туған жердей .....(жер) болмас,
Туған ......... (елдей) ел болмас.
3. Отан - ......... (оттан) да ыстық.

ІІ. Бекіту кезеңі: Барлық 3 топқа Әр топ ойын Постерге салып тобымен тақта алдына шығып, қорғайды.
1-топ. « Отбасы», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?
2- топ. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?
3 -топ. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?
ІY. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып
қойылады, жауабын балалармен бірлесе отырып табыңыздар.
1. Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2.Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3. Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар? (жерінен)
1. Ел қалаған ұл-қыздар -
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
2. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
3. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа? (жүк)

1. Адам болатын бала қандай болады? (ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл болады.
2. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
3. Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына
YII. Қорытынды:
Рефлексия: кигіз үйге тілектер жазғызып алу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты балаларымызды елін, жерін, мектебін сыйлайтын етіп оқытып,тәрбие- леуіміз керек. Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбие- леуіміз қиын, сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын
Қоштасу: Ардақты ата-аналар балаларыңыздың тәрбиесі мен оқуына көңіл бөліп, алтын уақыттарыңызды үзіп-бөліп келгендеріңіз үшін, осы тәрбие сағатына балаларыңызбен бірлесе белсенді қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

. Туған жерге . . . тік
. Отансыз адам,
Ормансыз . . . .
. Басқа елде . . . болғанша
Өз еліңде ұлтан бол.

. Отан . . . басталады
. Ел үмітін . . . ақтар
. Туған жерім, алтын . . .

. Өз үйім өлең . . .
. Туған жердей . . . болмас
Туған елдей ел болмас
. Отан - . . . да ыстық.









Тақырыбы: Отан оттанда ыстық

Мақсаты:

Оқушылардың Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер:

Қазақстан картасы, Қазақстанның әнұраны, көк байрағы, Елтаңбасы, әнұранының авторларының суреттері.

Қазақстан:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

«Отан - отбасынан басталады»

Қайрат жүргізуші: Отан тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан өлең, отан жыр

Көтерген көкке елдің даңқын.

Құрметті оқушылар! бүгін «Менің отаным Қазақстан» атты сынып тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Рауана жүргізуші: Нұржан, Гүлзатты өлеңімен шақырамыз.

Нұржан: Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегіде жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Рауана:Ақын жазушыларымыздың отанға байланысты айнқан нақыл сөздерін тыңдайық.

Айсара:

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.

(Ғ. Мүсірепов)

Әділ:

Ана тілін үйрену ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл ана тілі.

(М.И. Калинин)

Жандос:

Сақтар болсаң халқыңды , тіліңді сақта

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа.

(С.Мұқанов)

Қайрат:

Ең бірінші бақытым халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым тілім менің

Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген

Кім мықты? Десе біреу Отан дер ем

Рауана:

Мінекей енді қорытындылау сөз кезегін сынып жетекшіміз Нұргүл Жанұзаққызына береміз.

Міне оқушылар! бүгін «Менің отаным Қазақстан» атты сынып тәрбие сағаты өтті.Мұнда өздеріңнің отанға деген сүйіспеншіліктеріңді Ақын жазушылардың өлеңдерімен, нақыл сөздерімен көрсеттіңдер. Сондықтан «Отан оттанда ыстық демекші» отанды сүйіңдер!

Қайрат: Осымен сынып тәрбие сағаты аяқталды.





Тәрбие сағат тақырыбы: Отан - отбасынан басталады Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер. Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе. Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы - үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы - ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Оқушылар мен атаналарға сұрақтар: 1.«Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер? 2.Отбасы негізі не деп ойлайсыздар? 3.Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек? 4.Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек? Барысы: 1. Шаттық шеңбері Ата-аналар және оқушылармен бірлесіп шаттық шеңберін құру. «Айналайын балам...», «Асқар тауым әкем; Айналайын анам...» Әр ата-ана баласына қарап тұрып жоғарыдағы сөзді жалғастыру керек. 2. Біз бір отбасымыз... тренинг Домалақтанған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ жасайды. Қорытындылау. Сауалнама жүргізу.


Отан - рухы биік, асқақ ұғым!
Жарияланды 16-12-2013, 19:37 Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Отан - рухы биік, асқақ ұғым!
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, т. б

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Себебі, бүгін бізге сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Олай болса, балалар, қонақтарға сыныбымызда білімді, үлгілі, тәртіпті, алғыр балалар бар екенін бүгінгі сабағымызда көрсетейік. Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің Қазақстаным» тақырыбында үйден жазып келген эсселерін оқыту, тексеру.
Сұрақ - жауап
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар?
4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.

- Балалар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?
- Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан - рухы биік, асқақ ұғым!»
(Дәптерлерімізді ашып, күннің реті мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық)
- Балалар, қаламсабымызды өз орнына қойып, жаңа сабақты мұқият тыңдайық.
Мұғалім сөзі:
- Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы - Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен - көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.
- Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?
(оқушылар монтажы)

1 - оқушы Арайлым
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан үлкен
Қазақстан - туған ел!

2 - оқушы Мақсат
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның -
Мақтанышым Астанам.

3 - оқушы Ақсаят
Көк байрағы бабамның -
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке, баланың - Қазақстан жалауы.

4 - оқушы Ақерке
Гүлзар баққа оранған,
Күннен киген бөрікті.
Аққудайын таранған,
Алматы әсем көрікті.

5 - оқушы Ерқанат
Қазақстан - елім,
Ұлан - байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер
Өр тұлғалы ерін.

6 - оқушы Эльмира
Алтай,
Арқа,
Атырау
Жетісудай өңірді
Жайлап жатқан осынау
Қазақ елі көңілді.
--



© 2010-2022