- Преподавателю
- Классному руководителю
- "Ашық тәрбие сағаты;Жерді аялайық!"
"Ашық тәрбие сағаты;Жерді аялайық!"
Раздел | Классному руководителю |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Нұрман Б.Т. |
Дата | 01.03.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Тақырыбы: Жерді аялайық!
Мақсаты:
-
Оқушыларға әлемді дүр сілкіндірген "экология" туралы мағлұматтар беру.
-
Оқушылардың білімдерін тереңдеңдету және жетілдіру.
-
Табиғатты қорғау шараларын жан - жақты насиғаттау, туған жер табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Көңілді тапқырлар сайысы. (КВН).
Әдісі: Сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үлестірмелі қағаздар,
әріптер.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Акт залын безендіру.
б) Топтарға орындар дайындау.
-
Кіріспе сөз.
Қанат беріп, қайрат пен қиялға аман,
Пәк табиғат! Саған жыр жиі арнаған.
Жазалар ем алдымен адамды,
Жер - Ананы сәбише сүйе алмаған.
Жасыл бұта жая алмай жапырағын
Сусыз жерде сусылдап жатыр, ә құм.
Суретші емес, бәріңді орманшы боп,
Табиғатты қорғауға шақырамын.
Жүргізуші:
Сәлематсыздар ма, құрметті оқытушылар мен оқушылар. Сіздермен "Жерді аялайық!."орны толмас ойсырау"" атты тақырыпта КТК өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық "экология" мәселесіне үн қосу үшін.
Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір - бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер - Ананың перзенті екенін біз сіздермен бірге анықтаймыз.
"Көңілді тапқырлар кеші" төрт бөлімнен тұрады:
-
Таныстыру;
-
"Жерді аялайық!" үй тапсырмасы;
-
"Табиғат - сен тіршілік тұнып тұрған" сұрақ - жауап;
-
"Әріптер cыр шертеді" капитандар сайысы.
-
Би кеші.
Біздің "Көңілді тапқырлар кешін" бастауға рұсат етіңіздер!
І. "Көңілді тапқырлар кешіне" қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық:
1. " Жастар " студенттері
2. " АДАМ " студенттері
3. АВС - 15 тобы командасы
Әуен.
Жүргізуші:
Сайысымызда әділ баға беріп, ортамыздан табиғаттың жан тәнімен қорғауға дайын жастарды "Жасыл желек" марапатына ие болатын топты анықтайтын әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
-
Әубәкір Батима Наскенқызы - әдіскер.
-
Қойшыбаева Ботагоз Фазылқызы - тәрбие - ісінің орынбасары.
-
Нигиметова Қарлығаш Жазбаевна - ӘДБ төрайымы.
Сахна сыртынан әуен ойнайды.
Жүргізуші:
Табиғаттың тарылмасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың - дей отырып, "Таныстыру" сайысына шақырамыз.
Жүргізуші: Әділ - қазылар "Таныстыру " ұпай сандарын берсеңіздер.
ІІ. "Жерді аялайық" үй тапсырмасына кезек берелік.
Сахналық қойылым.
Жүргізуші:
"Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз.
Таба алмасам ақылды болар неміз? - деп, кезек сұрақ - жауапқа да келіп жетті.
ІІІ. "Табиғат - сен тіршілік тұнып тұрған" сұрақ - жауап.
"Әділ - қазылар дайындаған сұрақтар.
- "Табиғат - сен тіршілік тұнып тұрған" сұрақ - жауап сайысына ұпай сандарын берсеңіздер.
Жүргізуші:
ІV. "Әріптер сыр шертеді" сайысынада келіп жеттік.
Команда Капитандар сайысы:
Таблода 42 әріп берілген.
А,Ә, Б, В,Г,Д,Е,Ж,З,И,Й,К,Л,М,Н,О,П,Р,С,Т,У,Ф,Х,Ц,Ч,Ш,Щ,Ъ,Ы,Ь,Э,Ю,Я осы әріптерден бір әріп тастамай әңгіме құрастырасыздар. Әріптердің орындарын ауыстыруға болады.Тапсырма түсінікті болса сайысымызды бастаймыз. " Жастар" тобының капитанына кезек береміз кезек береміз.
- "Әріптер сыр шертеді" сайысының ұпай сандарын берсеңіздер.
Ән " Табиғатым" орындайтын Каликова Маржан мен
Абильдина Дамира..
Жүргізуші:
Сөз кезегін әділ - қазылар төрайымы:
Әубәкір Батима Наскенқызыына береміз.
Міне, сайыс мәресінеде жеттік. Сайыстың аты сайыс. Жеңілгенді жер көтереді - дегендей екі топта өз өнерлерін ортаға салды. Жақсы дайындалған.
" " құрама командасы
Мақтау қазағымен марапатталады.
Жүргізуші:
Қасиетті, қайырымды Жер - Ананың,
Мейірімінен өмірге нәр аламын.
Аялы алақанмен аялау да
Азаматтық борышы әр адамның.
Жер - ананың ажырамас бір бөлігі Табиғат.
Табиғатсыз адамдардың күні жоғы ақиқат.
Химияның құдіреті дамыған мынау ғасырда
Табиғатты жан - тәніңмен қорғап өтші, Адамзат!- деп, "Көңілді тапқырлар кешін" аяқтаймыз. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.
ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
БЕКІТЕМІН: ҚАРАЛДЫ:
директордың ОЖ ӘЦК төрайымы:
орынбасары Нигиметова Қ.Ж
Рахимжанова Г. Қ. _______________
_____________ «____» _______ 2011ж
«____» _______ 2011 ж
Көңілді тапқырлар
кеші
Тақырыбы:
Дайындаған оқытушы:
Нұрман Бағила Төлеуқызы
Өткізген орны: АКТ залы
Мерзімі: 30.11. 2011 ж
Астана - 2011
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ: ҚАРАЛДЫ:
директордың ОЖ Әдіскер ӘЦК төрайымы:
орынбасары Б.Н. Әубәкір Нигиметова Қ.Ж.
Рахимжанова Г. Қ. _______________ _______________
_____________ «____» _______ 2011 ж «____» _______ 2011ж
«____» _______ 2011 ж
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш.
Дайындаған оқытушы:
Нұрман Бағила Төлеуқызы
Өткізген орны: 24 кабинет
Мерзімі: 28.11. 2011 ж
Астана - 2011