Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»


Мен Катешова Нұргүл Танатханқызы, А.С.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектепте төрт жылдан бері жұмыс жасаймын. Бастауыш сынып мұғалімімін. Сынып жетекшілігіммен қатар мектепте

« Тоғызқұмалақ » үйірмесін, « Назерке » қыздар ұйымына жетекшілік етемін.

Менің мұғалім болуды таңдауым оңай болды.Осы қиын мамандықты қалай таңдағанымды түсіндіруге тырысайын.Мұғалім мамандығы мені бала кезімнен өзіне тартты. Мен үйдегі балалардың ең үлкені болдым. Ата-анамның тұңғышы болғандықтан бауырларымды мен ойнаттым. Мен іні-қарындастарымның алғашқы ұстазы едім.Оларды мұғалім болып ойнап оқыттым.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз - білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз « Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім.

Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны - мектеп.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда оқушыларымыздың одан әрі сана сезімін дамыту - қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен

Атқаруға үлесімді қосу мақсатында бұл мамандықты таңдадым. Ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекетіміздің саналы ұрпағын, шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру - мен үшін зор бақыт.




© 2010-2022