Не? Қашан? Қайда сайыс сабақ

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Не? Қашан? Қайда сайыс сабақСабақтың тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?»

Мақсаты: Ойының мақсаты - дидактикалык, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділгін тәрбиелеу . Ойын арқылы балалардың ой - өрісін кеңейту, сайыстарға қатысу арқылы оқушылардың зейіні, ойлау, зерде процестері дамиды.

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме оқушылар. Бүгінгі сабағымызды кішігірім ойын ретінде өткіземіз. Ол үшін алдымен

Ойын бағдарласымен таныстыру.

  1. ұяшық таңдау «кім жүйрік-сол алады!» логикалық сұрақтар.

  2. Логикалық тапсырмалар.

  3. Жұмбақтар

І Ұяшықтар:

  1. Логикалық сұрақтар

  2. Жер-су аттары

  3. Аң-құстар

Логикалық сұрақтар:

  1. Қазақстан Тәуелсіздігін алған жыл? (1991)

  2. Қазақстан туының түсі (көк)

  3. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хантәңірі)

  4. Ресей астанасы (Москва)

  5. Қазақстанға көршілес елдер (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай)

  6. Қазақстанға көршілес ең ірі мемлекет (Қытай)

  7. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986)

  8. Қазақстан туында бейнеленген құс (қыран)

  9. Қазақстандағы теңіз (Каспий)

  10. Қырғызстанның астанасы (Бішкек)

Жер-су аттары:

  1. Облысымыздың орталығы қай қала? (Ақтау)

  2. Бекет ата қай жерде орналасқан? (Өзен қаласы)

  3. Еліміздің астанасы? (Астана)

  4. Біздің ауданның орталығы? (Форд )

  5. Біздің қаламыздың атымен аттас тау? (Ақтау)

  6. Маңғыстаудағы қорық? (Үстірт)

  7. Маңғыстау облысындағы көл немесе теңіз? (Каспий теңізі)

  8. Отпан тау қай жерде орналасқан? (Маңғыстау облысында)

  9. Маңғыстау облысындағы тау? (Шерқала)

  10. Аты аңызға айналған тау? (Толағай)

Аң-құстар

  1. Жыртқыш тағы... (қасқыр)

  2. Киелі құс... (аққу)

  3. Жыртқыш құс... (бүркіт)

  4. Алғаш келетін жыл құсы... (қараторғай)

  5. Ең жүйрік құс... (түйеқұс)

  6. Адамның досы... (ит)

  7. Аң патшасы... (арыстан)

  8. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар... (марал)

  9. Бақа қайда мекендейді? (құрлықта, суда)

  10. Қалталы аң... (кенгуру)

ІІ. Логикалық тапсырмалар:

1 қатарға:

1 торда 3 қоян бар! Сатушы 3 қоянды да сатады, бірақ торда 1 қоян қалып қойды. Ол қалай? Жауабы: Біреуі қоянды торымен сатып алған. Конец формы

2. қатарға:

Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? Жауабы: 23 асық, 3 немере

3 қатарға

Менің қолымда неше гүл барын тап. 2 гүлден басқасы раушангүл, қалған екеуінен басқасы қызғалдақ, қалған екеуінен басқасы қалашпыр? Жауабы: 3 гүл: раушан, қызғалдақ, қалампыр.

ІІІ. Жұмбақтар:

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)

Темір аяқты,
Ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)

Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым. (Қамшы)

Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер)

Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт)

Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған. (Ақша бұлт)

Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)

Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір)

Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр. (Сұрақ белгі)

Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге. (Леп белгісі)
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік)

Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен. (Қол)

Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)

Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ. (Күндізгі сәулелі шам)

Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта. (Электр шамы)





Ақшұқыр мектеп-лицейі


Зияткерлік ойын


(5 «б» сынып)









Сынып жетекшісі: Ыбыраева Н.Ж.






2015 - 2016 жж

© 2010-2022