Бердібек Соқпақбаев “Менің атым-Қожа”

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев "Менің атым- Қожа"

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға жазушы өмірі мен әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру, өткенді еске түсіру.

  2. 2.Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  3. 3.Оқушыларды тәртіптілікке,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой бөлісу, түсіндіру, іздендіру, ойландыру

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, ақын портреті

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Бірінші тарау. Менің атым

2.Төртінші тарау. Ағаттық аяқ астында

3.Он жетінші тарау. Бір сәтті кез

4.Жиырма үшінші тарау. Ағаттықтың азабы.

5.Жиырма төртінші тарау. Түбі адам болатын бала

3.Жаңа сабақ. "... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.".

'Бердібек Соқпақбаев' - қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

4. Жазушының шығармаларынан

Ø Чемпион» повесі (1951)

Ø «Алыстағы ауылда» повесі (1953)

Ø «Менің атым Қожа» повесі (1957)

Ø «Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)

Ø «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 - 1 т., 1974 - 2 т.)

Ø «Қайдасың, Гауһар?» (1966)

Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған. «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кино фестивалінің жүлдесіне ие болды.

5. Екі жақты күнделік стратегиясы

Кейіпкерлер

Мінездеме

Қожа

Жантас

6. Топтастыру стратегиясы

Қожа мен Жантасқа мінездеме беру.

7. Композициялық құрылымына талдау.

  1. Оқиғаның басталуы.

  2. Оқиғаның байланысы.

  3. Оқиғаның дамуы.

  4. Оқиғаның шарықтау шегі.

  5. Ой түйіні, шешімі.

8. Ойтолғаныс стратегиясы.

"Бақытты балалық шақ" атты тақырыпта шағын ғана ойтолғау жазу.

Шығармашылық жұмыс

9. Кино кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Жанр: комедия, отбасылық

Мемлекет : Қазақстан

Шыққан жылы : 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

Әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев

Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский

Сазгер : Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған

Қожа - Н. Сегізбаев

Сұлтан - М. Көкенов

Жанар - Г. Қурабаева

Жантас - Е. Құрмашев

Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова

Рахманов - Қ. Қожабеков

Майқанова - Р. Мухамедьярова

Қожаның әжесі - З. Құрманбаева

10. Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөніл бала.

11. «Қай сәт бейнеленген»

Бұл қай сәт? "Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін."

Бұл қай сәт? "Маңдайдан буым бұрқырап,есік
алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?"

Бұл кім? " Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш."

Бұл кім? " Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп,қаздиып тұр."

Бұл кім? "Шыбыным,әйтеуір ешкімге тимей,ұрынбай,жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма."

Бұл кім? " Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады,өзін таныстырды:..."

Бұл кім? "Сен оқуды тастасаң,маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер."

Қожаның портреті

"Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағырдың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың"-дейді.

12. Блум стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау.

  1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

  2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?

  3. "Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайы қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді". Қожа қандай бала?

  4. "Қысқы кешті" жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?

  5. "Қысқы кешті" жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

13. «Теріп алу» стратегиясы. Қожа мен Жантас

14. ИНСЕР кестесін толтыру.

Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

15. Сабақты қорыту.

  1. Повесть сендерге ұнады ма?

  2. Қандай әсер алдыңдар?

  3. Қожа қандай кейіпкер?

  4. Майқанова апайы неге "Түбі адам болатын бала" деп айтты?

" Повестен алған әсерім, өз пікірің, өз ойың, өз көзқарасың" қысқаша жазу.

16. Үйге тапсырма беру

Б.Соқпақбаев Түбі адам болатын бала қайталап оқу.

17. Бағалау.«5», «4», «3»



© 2010-2022