Эссе на тему Менің педагогикалық келбетім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп

Бастауыш пәні мұғалімі Баркова Наталия Андреевна

Эссе на тему Менің педагогикалық келбетім

Менің педагогикалық келбетім

Мен, Баркова НаталияАндреевна, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісімін. Мен педагогика саласында жұмыс жасап жатқаныма әлі жыл тола қойған жоқ. Осы уақыт ішінде мен мектеп ұжымы мен балабақша ұжымы мен де жақсы қарым-қатынас орната білдім. Дегенмен мен осы уақытқа дейінгі алған білімім мен өмірден алған тәржірибемді жинақтап, ойға түйе білдім. Ардақты ұстаздарымыздан тәлім алып, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімімді жинақтап өзім ойға түйіп жүрмін. Ұстаздарымыздар алатын тәлім мен тәрбие жас маман үшін ұлы сабақ, өмірлік азық. Менің осы мектепте үлгі тұтар ұстаздарым көп.

Менің алға қойған мақсатым білімді ұрпақ тәрбиелеумен қатар, еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосу. Мен балаларға білім берумен қатар тәрбие беру міндетім деп білем. Себебі тәрбиеші ол жас жеткіншекті алға жетелей отырып, үлкен өмірге жетелейтін жетекші. Жас жеткіншек жас бұтақ сияқты оны түзү отырғызу үшін көптеген білім мен күш жігер қажет. Жас бұтақтың қисық боп өсуіне жол бермеу жолында тәрбиеші үшін үнемі білім жетілдіріп, ұштап отыру керек.

Бүгінгі жас ұрпақ - ел болашағы. Әрбір ата-ана өз баласынан үлкен үміт күтеді, өз баласының білімді, білікті, тәрбиелі, өнегелі болғанын қалайды. Атақты Әл-Фараби «Адамзатқа ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім қас жауы» деген екен. Бұл ой дүние есігін ашқан әрбір сәбиге ең алдымен дұрыс тәрбие беру керектігін меңзейді.

Менің өмірлік ұстанымым «Болмасаңда ұқсап бақ». Ы. Алтынсарин «маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. А. Байтұрсынов өзінің «мектеп керектері» деген еңбегінде былай жазған;. . . . . мұғалім қандай балса, мектеп хәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса ол мектептен балалар білімді болмақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі -білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» делінген.

Ұстаз баланы тәрбиелеу үшін ең алдымен өз-өзін тәрбиелеу керек. Киім киісі, сөйлеген әрбір сөзі, жүріс -тұрысы барлығы мектеп балаларына өз әсерін тигізеді. Мен өзімді жас маман ретінде көрем және де үлгілі ұстаз болуды армандаймын.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толлыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі». Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін -үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы ол -тәрбиеші.

Алдымда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ алдында басымды тік ұстап, «осы мемлекетіміздің көркеюіне азда болса да өз үлесімді қосып келе жатырмын, сендерде болашақта елге қызмет жасауды, еліміздің көркею жолында өз үлестеріңді қосуды мақсат етіңдер» деп тілек білдіріп отырам.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толлыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.

Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты : мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса,

ал атқарылатын міндеттері :

-бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

-мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлемсімдігін қамтамасыз ету;

-баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.



© 2010-2022