Бір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бір - тағдыр - бір - халық - бір - ел»

Мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.

Барысы:

  1. Ой қозғау

(видеоролик)

Сұрақтар:

Балалар жаңа көрген бейнероликте не жайында айтылып жатыр?

Бұл бейнероликке қарап қандай ой түйдіңіздер?

Биылғы жыл несімен ерекшеленеді? Достық, ынтымақтастық, татулық пен бірлікке байланысты қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Видеоролик

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді



  1. Мемлекеттің қуаты неде?

Президентіміз бізге қандай тапсырма беріп отыр?

Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы не білеміз?

Ұйымның негізгі міндеті не, артықшылығы неде?

Ассамблея бізге керек пе?



  1. Топқа бөлу « Тәтті кәмпиттер» ( оқушыларға стикер бекітілген кәмпиттер ұсынылады. Оқушылар алған кәмпиттеріне бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстанға деген тілегін жазып, өзіне ұнаған оқушыға береді. Кәмпиттердің түсіне қарап бір топқа жиналады)



  1. Топ: Бір тағдыр

  2. Топ: Бір мүдде

  3. Топ: Бір халық

2. Мағынаны тану

1 тапсырма (барлық топтарға бірдей ортақ тапсырма)

Шарты: бірін - бірі қайталамау

Мақал - мәтелдер сайысы

№ 2 тапсырма

Постер

  1. Топ: Бір тағдыр (тарихи тағдыр біріктірген халықтың, ұлттардың бірге жүріп өткен қиындықтары мен жеңістері!)

  2. Топ: Бір мүдде (бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер мен қол жеткізген жеңістер. Мәңгілік ел болып қалыптасуымыз үшін біз не істеуіміз қажет)

  3. Топ: Бір халық (бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Мәңгілік ел. 2050 жылы Қазақстанды қандай мемлекет ретінде көре аламыз. Болашаққа бағдар

Ой толғау

Топтастыру

Бір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағаты

Бір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағаты

МБір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағатыБір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағатыБір - тағдыр, бір - халық, бір - ел ашық тәрбие сағатыәңгілік ел

Ән: «Туыспыз біз бәріміз»

( Үш топ, топ атауларын біріктіріп «Бір - тағдыр - бір - халық - бір - ел» сөзін шығарып, ортаға жиналады. Әр ұлттың киімін киіп, бір ұл шаңырақты ортаға көтеріп шығарады. Қалған оқушылар ленталарды уық ретінде ұстап тұрады. Ортақ ән шырқалады).

Құрметті оқушылар, мен бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзімен аяқтағым келіп отыр.

«Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алыңдар. Сендердің азат ойларын мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдыретті күш. Мен сіздерді жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігері мен еңбексүйгіштік, мақсатгерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Сүйікті Отанымыз - Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін!

Кездескенше күн нұрлы болсын!».

Мұнайлы ауданы

« № 3 жалпы білім беру орта мектебі» ККМ - сі











Секциясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бір - тағдыр - бір - халық - бір - ел»





Дайындаған:

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Дуйсалиева Гулзина Адыловна





2015 -2016 оқу жылы

© 2010-2022