ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тұрақты тіркестер (10 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Алматы облысы , Райымбек ауданы , Сүмбе ауылы Абай атындағы орта мектеп Дарын

Ғылыми тәжірибелік жоба

Тақырыбы : Тұрақты тіркестер



Орындаған : 10 б сынып оқушысы Жеңісова Сабина

Секциясы : қазақ тілі



Сүмбе ауылы

Тұрақты сөз тіркесі фразеологиялық тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып , бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы .

Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге , басқа сөзбен ауыстыруға келмейді . Мысалы : ит өлген жер - алыс , тайға таңба басқандай - анық , тілді үйіреді - тәтті , көз шырымын алу - ұйықтау . Ағама жеңгем сай , апама жездем сай - мінез - қылығы үйлес . Ағынан жарылды - ештеңені жасырмай , бар шындығын айтты . Ажал оғы атылды - мерт болды .

Сонымен қоса : Ажары кірді - көріктенді ;

Ауызы алты қарыс - қаһарлы ;

Аузын айға білеген - батыл ;

Айдар тақты - әйгілі қылды ;

Айдарынан жел еседі - рахат өмір ;

Айды аспанға бір шығарды - аты шықты ;

Айдың күні аманда - аман - есенде ;

Аймандай қылды - әшкреленді , ұятқа қалды ;

Айна қатесі жоқ ( айна қатесіз ) - дәл , тура ;

Айтаққа ерді - өсекке ерді ;

Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді - естімейді , ұқпайды ;

Айы оңынан туды - жолы болды ;

Айызы қанды - көңілі жай тапты ;

Ақ ауыз қылды - алдап соқты ;

Айылын жимау - жасқанбау , сескенбеу ;

Ақ жарқын - ашық көңіл ;

Ақиық - айрықша асыл ;

Ақ киізге көтерді - хан сайлады ;

Ақ саусақ - еріншек ;

Ақыл ( ой ) таразысына салды - дұрыстап ойланды ;

Ақысын жеу - еңбегінің ақысын бермеу , біреудің еңбегін пайдаланды ;

Алаауыз - бірлік жоқ ;

Ала болды - араздасты ;

Ала көзімен атты - жек көрді ;

Алақанға қарады - дәмеленіп тұр ;

Алақанның аясындай - тар ;

Алақанына түкірді - дайын , әзір тұр ;

Ал-дал болды - көңілі жай таппады , т . б . , - тұрақты сөз тіркестерін тұрмыс жағдайында жиі-жиі қолданады .

« Екі иығына екі кісі мінгендей » - деген тұрақты сөз тіркесі - денелі , тұлғалы , иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе , « аяғы - аяғына жұқпады » - тұрақты тіркесі - шапшаң , тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр .

Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады . Бір - біріне антоним болатын сөз тіркестер :

Антоним дегеніміз - мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер .

Бетінен оты шықты ( ұялды ) - Беті бүлк етпеді ( ұялмады ) .

Зәресі ұшты ( қорықты ) - Қуанышы қойнына сыймады ( қуанды ) .

Еңбегін сауды ( адал күн кешті ) - Жер қаптыру ( алдау ) .

Қолы - қолына жұқпады ( тез қимылдады ) - Саусағының ұшын қимылдатпады ( қозғалмады , еш нәрсе істемеді ) , т . б .

Бір - біріне синоним болатын сөз тіркестер :

Синоним дегеніміз - мағыналары жағынан бір - біріне ұқсас сөздер .

Үріп ауызға салғандай , Қыздың жиған жүгіндей - сұлу , әдемі , көрікті , келбетті , әсем , т . б .

Ит өлген жер , ит арқасы қиянда , жер аяғы қиянда , жер түбі - алыс , қашық , шалғай .

Ит терісін басына қаптады , жерден алып , жерге салды - ұрысты , сөкті , балағаттады .

Екі көзі шарасынан шығу , жаны зәр түбіне жету - қорқу , қатты шошыну .

Мақал - мәтелдер де тұрақталған , қалыптасқан сөздер тобы болып табылады . Мақал - мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді . Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір - бірінен ерекшелігі , айырмашылығы болады .

Мақал-мәтелдер - халық даналығының , көрегендігінің айнасы , тіл байлығының алтын қазынасы . Олардың көбі өмір шындығының қорытындысы .

Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті , өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат мұра .

Мақал дегеніміз - өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір , тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні .

Мәтел дегеніміз - белгілі бір ойға , ұғымға ишара жасайтын , астарлап , жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы .

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің дербес мағыналарынан ажырап жеке - дара сөздерге балама ретінде , жұмсалады , олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді , ( көре алмау - қызғану , іші күю - өкіну , т . б . ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі : идиомалық тіркестер немесе идиома ( қабырғаңмен кеңес , ешкімнің ала жібін аттама ) өзегі талмас ) . ; мақал - мәтел ( ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар ; өнерлінің озегі талмас )

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып , бастапқы мағынасын сақтай отырып , бір ұғымды білдіретін тіркестер де кіреді . Мысалы : қол қою , көз салу , қол ұшын беру , т . б .

Екі қолынан демін алу - болып , жетісіп отыру .

Еңсесі құру - сағыну .

Ер қаруы - бес қару - қылыш , найза , садақ , шоқпар , сойыл - ерлер асынып жүретін қарулар .

Ереуіл атқа ер салу - елін қорғауға асыну .

Ернін шығарды - мазақтады .

Ернінің емеурінін табу - көңілін табу .

Есек құрты мұрнына түсу - баю .

Етек - жеңін жию - есін жию .

Етектен алу - кедергі жасау .

Ешкімнің ала жібін аттамау - қиянат жасамау .

Жағадан алу - қылғындыру .

Жағасын ұстау - таңдану .

Жағы сембеді ( тынбады ) - көп сөйледі .

Жағына пышақ жанығандай - арық .

Жайдың атқан тасындай - аса құдіретті , мықты .

Жалғанды жалпағынан басу - молшылықта өмір сүру .

Жанары кетті - көзінің нұры кетті .

Жанды жегідей жеу - қиналу .

Жаны сіріден жасалған екен - мықты .

Жанын қоярға жер таппау - әлек болу .

Жараның аузын алу - ескі дертті еске түсіру .

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу - тыныш таппау .

Жауырынан жел өту - азап шегу .

Жегенін желкесінен шығару - сазайын беру .

Желкесін қасу - қысылу , сасу .

Жеме - жемге келгенде - шешуші сәтте .

Жер астынан жік шықты , қос құлағы тік шықты - табан астынан бөле шықты .

Жер болу - ұялу .

Жер жұту - жоқ болу .

Жер қабу - өлу .

Жетім қыздың тойындай - елеусіз .

Жұлдызы оңынан туу - жолы болу .

Тисе - терекке , тимесе - бұтаққа . Болса болар , болмаса қояр немесе келсін - келмесін әрекет қыла берсе , әйтеуір біреуі нәтиже берер деген мағынаны білдіреді . Тіпті , үміткерлер арасына жұмыссыздар да жоғары білімі жоқ азаматтар да кездеседі . « Тисе - терекке , тимесе - бұтаққа » дей ме , әйтеуір , билікке көңілі толмайтын топтың да көңіл - күйі алабөтен . (« Жас Алаш » ) . Оғын тарс та , тұрс та төгіп келеді . Тисе - терекке , тимесе бұтаққаның кеі келуде ( Қ . Тұрсынқұлов , Шығ . ) .

Көзбен шолды - жаппай шолып қарап , бағдарлады .

Көзбен шолып егін орған алаңын ,

Әбіш пенен тұр басқарма қара мұрт . ( Т . Жароков , өлеңд . ) .

Көз болды - ие болды , бас - көз болды , басы - қасында жүрді , қорыды . Біз көз болып отырмасақ , апам картопты қазанға қабығымен салып жіберуге бар . ( Б . Соқпақбаев , Бастан кеш . ) . Халқыңа көз бол , адам бол , Құрдасым , Балта аман»бол . ( Манас ) . Біздің малға көз болатын кісіміз жоқ деген сайын тақаты қалмайды ( М . Әуезов , Таңд . шығ . )

Көз бояу - алдау , шындықты жасыру . Марал халықтың көзін бояу үшін екінші бір жол тұтты . ( « Айқап » ) . Ол - бұлардың қазіргі тек көз бояу екенін түсінді . ( І . Есенберлин , Қатерлі . ) Біреуден көшіріп көз бояудың керегі не еді ? (М . Иманжанов , Менің махабб. ) .

Көз бұқасын көрсетті - жақтырмай қарады , ала көзімен атты , Зорька бұрыштағы қара саулыққа да көз бұқасын көрсеткен . ( х . Есенжанов , Ақ жайық ).

Көз ашып , жүрек жуды - көңілді оятты , жүректі тазартты .

Ойлану ескек жылы жел ,

Көңілдің алтын жүрегі .

Көз ашады , жүрек жуады ,

Бұлт қуа , тұман түреді . ( І . Жансүгіров , Поэм . ).

Көзден жасы бұршақтады - егіліп жылады , көзінен жасы парлады - деген мағынаны білдіреді . Көзді ашып - жұмғанша . Лезде , қас пен көздің аасында , әп - сәтте . Мысалы : Өнер білім бар жұрттар ,

Тастан сарай салғызды .

Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып - жұмғанша ,

Жылдам хабар алғызды . ( Ы . Алтынсарин , Шығ . ) .



Тезис

Алматы облысы Райымбек ауданы

Абай атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен комуналдық

мемлекеттік мекемесінің 10 б сынып

оқушысы

Жеңісова Сабина

Жетекшісі : қазақ тілі пәні мұғалімі

Манабаев Дәурен

Тақырыбы : Тұрақты тіркестер

Мақсаты : Мен жұмысымда күнделікті өмірде кездесетін тұрақты тіркестердің мағыналарын зерттей отырып , антонимдік , синонимдік және мақал-мәтелдерде кездесетін тұрақты тіркестердің сырын ашу . Егер барлығы күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді қолдана отырып сөйлесе , онда осы тұрақты тіркестердің - біздің сөздік қорымыз жетіліп , тіл байлығымыздың кеңеюіне өз ықпалын тигізері сөзсіз деп ойлаймын .

Міндеті : Зерттеу жұмысымның мақсатына сай міндеттерін төмендегідей етіп тұжырымдаймын :

  • Тұрақты тіркестер ;

  • Антонимдік тұрақты тіркестер ;

  • Синонимдік тұрақты тіркестер ;

  • Мақал-мәтелдік тұрақты тіркестер ;

Нәтижеге жету жолдары : Тұрақты тіркестердің толық мағынасын ашу , үлгі - өнеге ету . Күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді өз орнымен пайдалансақ - біздің сөзіміз сұлу , тіліміз көркем , ойымыз ұшқыр шығатыны сөзсіз . Бүгінгі жаһандану дәуірде адамды тілі бай көркемдікке , шешендікке , даналыққа баулитын халқымыздың осындай асыл қазынасын өмірде жарату . Сонда жалаң сөйлеу , таяз ойланудан аулақ болып , сыры терең сиқырлы сөздерден жүрегіне қуат алып , тілін сүйетін жаныңа жақын ұрпақтар өсіп жетілмек .

Кіріспе

Тілдің рухани мәдениетке де , заттық мәдениетке де қатысы бар . Өйткені тіл - ойлаудың , танымның және өнердің құралы , сондай - ақ ақиқат өмірдегі зат пен құбылыстардың таңбасы , оларды танып - білудің құралы . Ол - таным - білімді сақтаудың , ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің құралы . Аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда : « Тіл - құрал » .

Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде « фразеология » деген термин арқылы таныс . Фразеология деген термин гректің фразис ( сөйлемше ) , логос ( ілім ) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған . Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы « тұрақты сөз тіркесі » деген ұғымды білдіреді .

Тілімізде еркін сөз тіркестері және тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар .

Еркін сөз тіркестері - тіркестегі сөздер еркін , орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер . Мысалы : жасыл қала - әдемі қала , жасыл кітап - қызыл кітап .

Тұрақты сөз тіркестері - тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп , бір ғана мағына беретін сөздер . Мысалы : ит тұмсығы өтпес ( қалың , ну ) , қоян жүрек ( қорқақ ) , т . б .

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап жеке - дара сөздерге балама ретінде жұмсалады , олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді ( көре алмау - қызғану ; іші күю - өкіну , т . б . ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі : идиомалық тіркестер немесе идиома ( қабырғаңмен кеңес , ешкімнің ала жібін аттама ) ; мақал - мәтел ( Ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар ; Өнерлінің өзегі талмас ) .

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып , бастапқы мағынасын сақтай отырып , бір ұғымды білдіретін тіркестер ( лексикалық тіркестер ) де кіреді . Мысалы , қол қою , көз салу, қол ұшын беру , т . б .

Тұрақты сөз тіркестері ұрпақтан - ұрпаққа , ғасырдан - ғасырға өтпек , жалғаса бермек . Олай болса сөздік қорымызды жоғалтып алмай , сөз қолданысының қадірін білейік !

Қорытынды

Өзіміз білетіндей , біз күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді пайдаланып жатқанымызды байқамай қалып жатамыз . Тұрақты тіркестер сөйлеу тұрғысында ерекше орын атқарады .

Міне , осындай тұрақты тіркестердің өзінің терең мағынасымен ойымызды дұрыс жеткізуге өз септігін тигізетінін дәлелдедім .

Қорыта келгенде , тұрақты тіркестерді әрдайым есте сақтап , жаңғыртып отырсақ , ол біздің тіл мәселесінің ұтымды жолы болары сөзсіз !

О , туған тіл !

О,туған тіл! Дүниеде

Сен болмасаң не етер ем ? -

Аңмен бірге аң болып ,

Шаңмен бірге шаң болып ,

Ұстағанның қолында ,

Тістегеннің ауызында

Олжа болып кетер ем .

Сені берген атамнан ,

Сені үйреткен әжемнен ,

Қалай айналмаспын мен !

Сенен алған намыспен

Қырқып түсер қылыштай

Қалай қайырылмаспын мен !

Ерлігімді мұқалтпай ,

Елдігімді жұқартпай ,

Еңсемді еркін ұстауды

Қалай ойланбаспын мен !

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар ?!

Тілім барда еркіме кім таласар .

Туған тілім күрмеліп әлсіресе ,

Ыстық қаным суынып , сиқым қашар .













Пайдаланылған әдебиеттер :

1 . Қазақ тілі энцклопедиясы 6 - том Алматы 2003 жыл

2 . Қазақ тілі энцклопедиясы 8 - том Алматы 2003 жыл

3 . Интернет желісі Уикипедия сайты

4 . Шың кітабы Алматы 2012 жыл

5 . Қазақ тілі Н . Оралбаева Алматы 1993 жыл

6 . Қазақ тілі С . Исаев Алматы 2007 жыл









Қазақстан Республикасы , Алматы облысы Райымбек ауданы « Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 б сынып оқушысы Жеңісова Сабинаның « Тұрақты тіркестер » ғылыми- практикалық жоба жарысына жазған зерттеу жұмысына ғылыми жетекшісінің

ПІКІРІ

Оқушы өзінің зерттеу жұмысында тұрақты тіркестердің мағыналарының көркемдігін саралауда ойын анық жеткізе алған . Тұрақты тіркестердің антонимдік , синонимдік , мақал - мәтелдік тұрақты тіркестерді пайдалана отырып , кең тоқталған . Әр түрлі тұрақты тіркестердің бір - бірінен айырмашылығын табуы да өз орнымен . Оқушы тілі жетік , көркем , әрі бай . Тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін тіл анықтамасына сүйене отырып ашық та айқын көрсете білген . Бұл - оқушы ізденісінің жемісі .



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі :

Сауданбекова Гүлназ





Антонимдік тұрақты тіркестер

Бетінен оты шықты ( ұялды ) - Беті бүлк етпеді ( ұялмады ) .

Зәресі ұшты ( қорықты ) - Қуанышы қойнына сыймады ( қуанды ) .

Еңбегін сауды ( адал күн кешті ) - Жер қаптыру ( алдау ) .

Қолы - қолына жұқпады ( тез қимылдады ) - Саусағының ұшын қимылдатпады ( қозғалмады , еш нәрсе істемеді ) , т . б .

Синонимдік тұрақты тіркестер

Үріп ауызға салғандай , Қыздың жиған жүгіндей - сұлу , әдемі , көрікті , келбетті , әсем , т . б .

Ит өлген жер , ит арқасы қиянда , жер аяғы қиянда , жер түбі - алыс , қашық , шалғай .

Ит терісін басына қаптады , жерден алып , жерге салды - ұрысты , сөкті , балағаттады .

Екі көзі шарасынан шығу , жаны зәр түбіне жету - қорқу , қатты шошыну .

мақал - мәтелдік тұрақты тіркестер :

Ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар

Өнерлінің өзегі талмас .



© 2010-2022