Менің Отаным Қазақстантәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Менің Отаным-Қазақстан

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сынып сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Менің Отаным -Қазақстан тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

-Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс - ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

\

7. Қазақстанның ұлттық валютасы не? (Теңге)

8. Қазақстанның көршілерінің бірі?(Қытай)

9. Қазақстан неге бай? (Мұнай)

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

  • 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

  • 16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

  • 2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

  • 1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

  • 1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

  • 1992 ,1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

  • 1998 жылы ҚР астанасы Астана қаласы болып тағайындалды.

Қорытынды: Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! деген өлең жолдары арқылы

Менің Отаным -Қазақстан атты алғашқы сабағымызды

қорытындылаймыз!


© 2010-2022