Коучинг сессия лидерство учителя

 КОУЧИНГ-СЕССИЯ Мектептегі тәжірибе кезеңі «Оқыту мен оқудағы мұғалімдер үшін көшбасшылықтың мәні » Мақсаты: Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың мәнін түсіндіру, мұғалім көшбасшылығын дамыту. 1.Ұйымдастыру (Паровоз ойынына дайындық). 2. «Паровоз» ойынын ойнату. 3.Тақтадан сұрақтар көрсетіледі. (Сұрақтарды оқып, әр мұғалім өз ойын жазады -2 мин, бір-бірімен бөліседі -2 мин, әр топтан бір адам шығып айтады – 3 мин). 4.Топқа бөлу (көшбасшылықтың қасиеттері арқылы) 5.Видеоролик көрсету. «Н...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы қаласы Бостандық ауданы

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коучинг сессия лидерство учителя















Коучинг сессия лидерство учителя





№2 КОУЧИНГ-СЕССИЯ

Мектептегі тәжірибе кезеңі

08.10.2014 жыл



« Оқыту мен оқудағы мұғалімдер үшін көшбасшылықтың мәні »

Коучинг сессиясының жоспары

Мерзімі

8.10.2014 ж.

Өткізілу уақыты

60 минут

Тақырыбы

Оқыту мен оқудағы мұғалімдер үшін көшбасшылықтың мәні

Мақсаты

Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың мәнін түсіндіру, мұғалім көшбасшылығын дамыту.

Түйінді идеялар

Топпен жұмыс жүргізу - білім сапасын көтеруге кепіл болады. Топтық жұмыс - идеялармен алмасуға тиімді. Мақсатқа жету үшін көшбасшының атқарар рөлі зор.

Қолданылатын ресурстар

«Настоящая командная работа», «Паровоз» ойынына қажетті материалдар.

Нәтиже (мұғалім іс-әрекеті)

Мұғалімдер идеялармен алмасады. Көшбасшы мұғалім болуға үйренеді. Сыныптың жағдайын өзгерте алады.

Коучингтің жүру барысы

1.Ұйымдастыру (Паровоз ойынына дайындық).

2. «Паровоз» ойынын ойнату.

3.Тақтадан сұрақтар көрсетіледі. (Сұрақтарды оқып, әр мұғалім өз ойын жазады -2 мин, бір-бірімен бөліседі -2 мин, әр топтан бір адам шығып айтады - 3 мин).

4.Топқа бөлу (көшбасшылықтың қасиеттері арқылы)

5.Видеоролик көрсету. «Настоящая командная работа». (Видеоролик бойынша өз ойларын айтады - 4 мин)

6.Слайд көрсетіледі. («Көшбасшылық»)

7.Постер жасау. Ресурс беріледі. (жеке талдау -2 мин, топпен талдауға -2 мин, постер жасауға -5 мин, хабарлауға - 6 мин). Әр топтан соң «2 жұлдызша, 1 тілек» бағалауы.

8.Рефлексия «Блоб ағашы». («Бүгінгі тақырыптан үйренгеніңіз бойынша қай деңгейдемін деп ойлайсыз?»)

9. «Ыстық орындық»,

Коучинг сессия лидерство учителя

Көшбасшылық - еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.

Бернард Монтгомери , британдық фельдмаршал

Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін.

Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы

Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым - қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады.

Джон Максвелл


Көшбасшы үшін ең қорқынышты нәрсе - масаттанушылық.

Джон Максвелл

Көшбасшы қандай болуы керек деп ойлайсыздар?

Коучинг сессия лидерство учителяКоучинг сессия лидерство учителяКоучинг сессия лидерство учителя

Джон Максвелл "Көшбасшының 21 міндетті қасиеті"

1.Мінез-құлық: жартастай берік бол!

2.Харизма: бірінші қалыптасқан әсер бәрін шеше алады!

3.Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол іскер адамдарды бос арманшылдардан ажыратады.

4.Қарым-қатынас жасап араласа білу: онсыз өмірде жалғыз өзіңіз қадам басасыз.

5.Құзіреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.

6.Ерлік: ерлігі мықты бір адам көп адамға тең.
7.Қырағылық: шешілмеген жұмбақтарды шеше білу.
8.Жинақтылық: ол айқын болған сайын, сіз де айқын қимылдайсыз.
9.Жомарттық: "Беру - өмір сүрудің жоғарғы дәрежесі" (Келвин Кулидж)
10.Жігерлілік: онсыз бір қадам баса алмас едіңіз.

11.Тыңдай білу: адамдардың жүрегіне жол табу үшін, құлақтарыңызды қолданыңыздар.
12.Құштарлық: осы өмірді қабылдап және оны сүйіңіздер.
13.Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз.
14.Мәселені шешу: сіздің проблемаңыз проблема болып қала бермеуі керек.

15.Өзара қатынас: егер сіз адамдармен тату болсаңыз, олар да сізбен тату болады.
16.Жауапкершілік: егер сіз допты қақпаға өзіңіз бағыттамасаңыз, онда команданы басқара алмайсыз.
17.Сенімділік: құзіреттілік сенімсіздіктің орнын толтыра алмайды.

18.Өзін-өзі ұстай білу: сіздің бастамаңыздағы бірінші адам - ол өзіңіз.
19.Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: алға жылжу үшін, алдымен, басқаларды өткізіңіз.
20.Үйренуге қабілеттілік: көшбасшы болып қалу үшін, оқушы болып қала беру керек.
21.Болашақты көре білу: нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз.




© 2010-2022