Қазақ поэзиясының Хантәңірі 7 сынып

Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мақсаты: білімділік - Мұқағали өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әнін нақышына келтіре орындауға дағдыландыру; тәрбиелік - қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу; дамытушылық - поэзиялық шығармаларда музыкалық үн-ырғақты сақтау 1-Жүргізуші:Ақын, поэзияның Хантәңірі М. Мақатев туған күніне арналған кешімізге қош келдіңіздер! Биыл ақын атамыз тірі болса 82 жасқа толар еді . Хантәңір етегінде Қарасаз мекенінде,...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ поэзиясының Хантәңірі


Мақсаты: білімділік - Мұқағали өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әнін нақышына келтіре орындауға дағдыландыру; тәрбиелік - қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;

дамытушылық - поэзиялық шығармаларда музыкалық үн-ырғақты сақтау

1-Жүргізуші:Ақын, поэзияның Хантәңірі М. Мақатев туған күніне арналған кешімізге қош келдіңіздер! Биыл ақын атамыз тірі болса 82 жасқа толар еді . Хантәңір етегінде Қарасаз мекенінде, Қарасу жағасында, Шәлкөде даласында ХХ ғасырдың ұлы ақыны 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Шын аты - Мұқамедқали. Мұқағали деп өзі өзгерткен.

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмалдықты да, табиғатты да, махаббатты да, тіл мен тәуелсіздікті де жырлаған.

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын,

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын.

Қазақтың қасиетті қара өлеңі

Жалғаса береріне сенген ақын! - деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ. Кейінгі ұрпағының өзін ұмытпай жыл сайын еске алатынын сезіп кеткен ақынды әулие демеске шараң жоқ. Уақыт өткен сайын мәртебесі биіктей беретінін бүгін тағы да танытпақпыз.

Жанұзақов. С «Мен таулықпын» өлеңі

1-жүргізуші: Таудай едің таудың алып тумасы,

Қарапайым қазақ едің турасы.

Қыр басында неге шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

2-жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.

Байқашы бір,

Быксыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1-жүргізуші: Халыктың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали - қазақ әдебиетінде қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Ақынның туған жылы, жері, отбасы туралы Хайруллин Рысбек айтады.

Табиғатына тартып туған акынның асқар таулардай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалкыма көнілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!

2-жүргізуші: Мұқағалидың балалык шағы соғыс жылдарымен сәйкес келген. Болашақ акын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз акын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Ән: "Сәби болгым келеді" Рахымова Жанеркенің орындауында

1-жүргізуші: Анасы Нағиманның айтуынша Қарасаздың Шәлкөде жағы саздау екен де, сазда қаз-үйрек жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, пошта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттер алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды окып, белін буып дайындап қояды екен. Міне ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен. 10-сыныпты бітірген соң өте сауатты, өткір болғандыктан, ауылдық кеңеске хатшы болып қызмет істеген. Осы қызметте жүргенде мектепке орыс тілінен мүғалім таппай, ауыл басшыларының өтінішімен орыс тілінің мұғалімі болып орналасады. Ол мектепте оқып жүрген кезінен кітап оқуға қүмар болған. Оқулықтармен коса үйіне әдеби кітаптар жинауды әдетке айналдырады. Қазақ ауылында туып өскен, қазақ мектебінен білім алған Мүқағалидың орыс тіліне аса сауаттылығы жастайынан орыс тіліндегі әдеби кітаптарды көп оқып, өзін-өзі жетілдіруінің арқасы екен. Кейін ауылдан Алматыға көшкенде де екі машинаға артқан жүгі осы қимас досы, білімнің көзі том -том кітаптар болады.

Акынға не керек болды бұл өмірден? Өмірді соншалык сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.

Самиғалиева Қ "Өмір жайлы " өлеңі

Ән: "Есіңе мені алгайсың". -Сапиуллин Сержан.

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге үялайды.

1-жүргізуші: Мүқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мүңлы поэзия.

Тапалова С "Поэзия" өлеңі

2-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр түлғалы.

Біреулер түлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-түрманы, - деп ақын өзі жырлағандай жарык дүниедегі аз ғүмырының мэңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сиякты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр, элі де жазылады.

Әжесі Тиынның естелігінен. Айдана.

Ақынның атасы көкпар тартыпып жүріп аттан құлап аяғы сынады. Ел-жүрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып экеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде, эжесі атасына "Мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек" дейді. Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп, акынның батыл әжесі аяқты шауып тастап, жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп, бэрін дүрыс істегендігін айтып батасын береді. Бэйбішесінің мінезіне қарап атасы (Мұқағалидың әжесін) "Көкдауыл" дейді екен. Әжесіне арнап ақын "Сөнбейді, әже, шырағың" деген өлеңін шығарған.

1-жүргізуші: Кезінде Нүрғиса Тілендиев өз естелігінде былай деген екен: "Бірде Мұқағали, эйелім Дариға үшеуміз қыдырып келіп, күрең шайды рахаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп әйеліме "Дариға, домбырамды берші маған" деппін. Қиядағыны көзбен шалатын Мұқағалиға әлгі сөз эсер етіп, эсем жырды төге салды да, "Енді осыған эн жазыңыз, аға!" деді. Сөйтіп тамаша эн дүниеге келді..

Ақынның жары Лашынның естелігінен.Инабат.

"Мүқағали кірпігі эрең қимылдап ауруханада ақырғы сэттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап соңғы рет тілге келді: "Лашын, такси экел. Одаққа барайық... Балаларым жас еді. Бітпеген жүмыстарым бар еді..." деп сыбырлап әрең-эрең айтып шықты. Сөйтіп Мүқаң өзінің сүйікті Жазушылар Одағына элдене айтқысы келіп жатып жан тэсілім етті.

Хайруллунина Рысгүл. « Шыда» өлеңі

2-жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа, - деп дарынды ақынымыз жырлағандай, өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты. Сондай өлеңінің бірі - экеге арнау өлеңі.

Бекқалиев Ә "Әке" өлеңі

Мұхтар Н «Әкеме» өлеңі

1-жүргізуші: Ғашыкпын,

Шын ғашықпын, сол адамға!

Мен болмасам болмайын, сол аман ба?

О, Тэңірім, неткен жан ед кайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, элде коладан ба?! -деген сыршыл ақынның жастық алау шағында жазған махаббат, ғашықтық жайындағы өлеңдер топтамасы бір арнаға тоғысады.

Рысқалиев С «Ғашықпын » өлеңі

Рахымова Ж. «-----------------------------» өлеңі

2-жүргізуші: Махаббат па, элде баска сезім бе?

Сезінбедім сол бір сэтте өзім де.

Қысқа өмірдің қызғылықты сэтінің

Негативі элі менің көзімде.

"Махаббат диалогы " Сырым мен Жанарке.

1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жүртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мүқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп өзі жырлағандай өлеңдері де, өзі де ешкашан өлмек емес.

2-жүргізуші: Байғазы етіп байлаған халқым маған,

Менің де бір күйім бар тартылмаған.

Менің де түғырдағы қыраным бар,

Аскар шың, аспанды аңсап шаңқылдаған.

1-жүргізуші: Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің...

Қасіретті шактардан түңілгенде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім....

2-жүргізуші: ...Менің мына қайта туған күнімде,

Сөйле оркестр, дүрілде бір дүрілде!

Сөйле, Моцарт, менің Ана тілімде,

Сөйле, Данте, менің Ана тілімде!

1-жүргізуші: Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде,

Шойрылтып түсседағы қайғым белге,

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатка да дастарханды жайдым төрге,

Аққулар үйықтағанда айдын көлде...

2-жүргізуші: Жалғасы бар,

Жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарменен жалғасыңдар...

1-жүргізуші: ...Тірлігінде шекпен кимей, шен ал май,

Еңбегінің қызығын да көре ал май

От боп жанып өтіп кеткен акынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, - дей келіп "Қазақ поэзиясының Хантэңірі" атты сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Міне, балалар, Мұкағали жайлы біраз мэлімет алдыңдар. Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп тұлғалана түседі. Тау биіктегенімен, теңіз тереңдегенімен, дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек, Мүкағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті. Акынға ғасыр ауысқан кезде "Ғасыр акыны атағы берілген еді. Мұқағалидың рухани казынасын үлт игілігіне асыратын XXI ғасырдың жастары - сендерсіңдер. Мұқағали поэзиясы бір жылдың не бір айдың немесе бір сабактын еншісі емес. Ол таусылмайтын қайнар бүлак. Ол - поэзияның Хантэңірі. Ол - сыршыл ақын. Ол - кара өленнін шебері. Ол - патриот ақын. Ол -кайта өмірге келген акын. Ол-үстаз. Ол -драматург. Ол - сатирик. Ол - публицист. Ол - жазушы. Ол -журналист.




Абай тағылымы - халық даналығы

Мақсаты: 1) ұлы акын мұрасы арқылы, оның толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылык, имандылық, ізгілікті үлгі ету;

2) өзін-өзі тануларына. өзін-өзі. бір-бірін тәрбиелеуге ыкпал ету;

3) Абай тағылымы негізінде олардың жан-жакты дамыған түлға болып калыптасуына түрткі жасау.

Көрнекілігі: Абай портреті, кітап көрмесі, накылға айналған сөздері.

Барысы. Кіріспе.

Мүғалім: "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.

Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында "...Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу әсіресе қазақ халқында ежелден-ақ келе жаткан үдеріс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі түлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де кайнар бүлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайык. оның алтын қазығы - Адам. Ол "Нағыз .Адам, толык Адам қандай болу керек" деген сұракка жауап іздейді әрі оған жауап береді. Мысалы "Атымды Адам койған соң қайтып надан болайын". "Адамды сүюден басқа қызық жоқ" деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген ізгілік педагогикасы ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпакты тәрбиелеу ісі ең алдымен оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы. тағылымының өміршеңдігін заманның өзі дәлелдеп отыр" деген болатын.

Ойы сергек. каламы жүрдек сыншы Сағат Әшімбаев 1988 жылы жазған "Абай тағылымы - азаматтык тағылым" атты мақаласында былай деп еді: "...Абай тағылымын түту дегеніміз - Абай тағылымынан шындап үлгі-өнеге алу, тәлім- тәрбие көру. Абай айтқан жаныңа жара салар жамандықтардан, яғни кеселді кесапат мінездерден бойыңды да, ойыңды да көш бойы аулақ ұстау, оларға жол бермеу, жол бергенге "сенікі жөн" дегенді айтпау деп білеміз... Абай тағылымынан үйрену деген сөз - өміріңе жэне өзгелерге де Абайдың көзімен әділ баға беруді үйрену, барыңды да, жоғыңды да Абай таразысына салып өлшеп көру. Абай көрсеткен кемшіліктерге кеңшілік бермеу дегенді баса айтқымыз келеді. Абайдың бізге беретіні сол - біздің одан тек батпандап ала білуіміз ғана.

Абайсыз өмір сүру - рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-ой мешеулігінен, сезім жүтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасіретінен арыла алмау деген сөз. Барлық гәп осында жатыр... Бір сөзбен айтқанда, Абай тағылымы - өте ауыр тағылым. Сондықтан да оны еріксіз мойындауға тура келеді, өйткені ол бэрібір мойындатпай қоймайды".

Тахауи Ақтанов Абайдың акындығы жайында эңгімелесе қалғанда "Мен Абайды енді-енді түсініп жүрмін. Өлеңдерін оқыған сайын бір жаңалық ашқандай боламын" деген екен.

Қарасөз арабтың "ғаклия" деген сөзімен мэндес. 'Тақлия" көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

1-топ.

- Абайдың педагогикалық мүраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, эсіресе жастарды еңбекке баулу. Акын, ойшыл ұлы үстаз Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мэдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы сол халықтың еңбексүйгіштігіне, еңбек ету дэрежесіне тікелей байланысты екенін даналыкпен болжады. Еңбекті Абай (басқа да қазақ ағартушылары сияқты) байлықтың, молшылықтың көзі санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге бол ад ы.

Қартайдьщ, цайгы ойладыц, үлгайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жүрттың бэрі болды аларман, - деп өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.

Абай даналығы "Еңбек ет, мал тап" деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқүмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді" деген Абай даналығы бүл күнде де күшін жойған жоқ.

Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, эр нәрсенің жөнін біліп эрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.

Түбінде баянды еңбек егін салган,

Жасынан оку окып, білім алган.

Би болган, болыс болган өнер емес,

Ецбектіц бүдан өзге бэрі жалган, - деп өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады.

Еңбек кылмай тапцан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,

Арың таза болсын, сонда гана сен адамсың, -дейді.

"Қазақтың жаманшылыкка үйір бола беретінінің басты себебі - жүмысының жоқтығы" десе,

Жүмысы жоктъщ,

Тамагы токтыц,

Аздырар адам баласын, - дейді. Осыны оки отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің накылға айналып, күні бүгінге дейін мэнін жоймағанына таң каласың.

Абай қырық төртінші сөзінде "Адам баласының ең жаманы талапсызы" дейді. Не нэрсеге болса да, талап ету - міндет, мақсат адал ниет пен талапта.

Талаптың өз шарттары бар.

1) Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.

2) Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп ғылымға қол созба.

3) Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сак бол. Білгендеріңді іске асыруың керек. Ол үшін еңбек етуің керек.

4) Ғылым-білімде ұстамдылык кажет. акыл-ойдың, мінездің беріктігі керек, ол үшін кайрат керек.

Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нэтиже шығармай тынбаушылық. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздык, жігерсіздік. Абай "Таланты ерге нұр жауар" деген халық мақалының текке айтылмағаны туралы ой козғайды.

2-топ.

- Абай өзі жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі:

Жасымда гылым бар деп ескермедім,

Пайдасыя көре түра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Осы өзінің өкінгендігінен балаларын мектепке окуға береді. О л баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін: Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет цылсын, шен алсын деп бермедім, - дейді. Алдына максат койған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді.

Ғалым болмай немене,

Бал ал ы цт ы цисан ыз...

Болмасац да үцсап бац,

Бір галымды көрсеціз, - дейді. Ғылымның кажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да калдырмай айтады.

Дүние де өзі, мал да өзі, гылымга көңіл бөлсеніз.

Пайда ойлама, ар ойла, талап цыл артыц білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оцып көруге...

- Абай ел билеу ісіне ерте араласып халыктың мүң-мүқтажын көре білді. Ол казактың акылшысы, үстазы, досы, ар-ынсабының эділ таразысы бола білді. Абайдың:

"Жүрегімнің түбіне терец бойлси Мен бір жүмбац адаммын, они да ойла... " летен өлеңін түсіну үшін Абайды терең оқып білу кажет.

Ацыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз... Надандарга бой бермей, Шын сөзбенен өлсеңіз.

"Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек" өлеңінде:

Ннетіц түзу болса сенің аппац,

Екі елі аузыца цойсац какпақ.

Сыбыр, осек дегенді сырттай журһь

Ғылым, онер, мал таппақ, журтқа жакпац, -дейді.

3-топ.

- Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық үстаным ретінде поэзиялык-тэрбиелік туындыларында да, қарасөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.

Ол он жетінші қарасөздерінде қайрат, акыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші - жүректің сезгіштігі. Мүның өзі көрегендік екендігін түсіну қиын емес.

Қайрат пен ацыл жол табар Қашцанга да цуганга. Әділет, шащат кімде бар, Сол жарасар туганга. Бастащы екеу соңгысыз

Біте цалса цазацца,

Алдыц - жалын, артыц - мүз,

Бар ар едіц цай жаща? - дейді ақын "Әсемпаз болма эрнеге" деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп ол эділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жаксылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.

Ғылым-білімді, оку-тәрбиені уағыздаған ағар-тушы акын акылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы эбден орынды. Не нэрсеге болсын ақыл-таразы ("акыл-мизан. өлшеу қыл"), дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің, ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

"Акылды кара кылды кырыққа бөлмек,

Эр нэрсеге өзіндей баға бермек".

Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге үмылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Акын жастардың басқалар айткан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап түра білуі кажеттігіне ерекше назар аударған.

Абай акыл туралы айтқанда ақылдылық, естілік деген үғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін үғымды ажыратып, оларды екі нэрсе деп қарайды. "Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек" дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық түрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі үғым деп караған Абай "суық ақыл" мен "ыстық жүрек" бір-бірін толыктырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер косылса. адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.

"Осек, өтірік мактаншак,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дүшпаның білсеңіз" деп жаман қылықтардан аулақ болуды,

"Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой" деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен қүтылып, шындықпен, акиқатпен өмір сүру керек деген терең түжырым жасайды. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы - еріншектік. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік

- адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Еріншектік

- дүниедегі күллі өнердің дүшпаны. Талапсыздық, үятсыздық, кедейлік - бэрі осыдан шығады.

Осыларды корытындылай келе Абай "Күллі адам баласын қор қылатын 3 нэрсе бар, содан қашпақ керек. Ол: эуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші

- залымдық" дейді. Абай осы үшеуін жоюдың емі ретінде ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өз шығармаларында осы үшеуін дэріптеп өсиет етті. Ақын адамдар арасындағы береке-бірлік, достық, ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.

4-топ.

-Досыца достық - царыз іс...

Ойга түстім, толгандым,

Өз мінімді қолга алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым, - деп нағыз адам эрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан "Өзін-өзі тану" пэні мен Селевконың "Өзіңді-өзің жетілдір" бағдарламасы оқушыларға ой тастап, адамның өзін-өзі тэрбиелеуіне ықпалын тигізеді.

Абайдың "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, үстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болтан адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады" деген он тоғызыншы сөзін негізге ала отырып эр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тэрбие арқылы дүниетанымын дамытып, мектеп кабырғасында-ақ өз ойын, өз көзқарасын жеткізе білуі қажет.

Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шакырады:

Біріцді қазақ, біріц дос,

Көрмесец, ісгпіц бәрі бос. (талдау)

Жігіштер, ойын арзан, күлкі цымбат, Екі түрлі нәрсе гой сыр мен сымбат. Арзан, жалган күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды цылса сүхбат. Кемді күн қызың дәурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін біріц жегпкіз... Бір жерде бір жүрсец басыц цосып, Біріннін біріц сөйле, сөзіц тосып, - дейді. Кейбір қүрбылардың достығын сынайды.

Кей цүрбы бүгін тату, ертец башу,

Тілегі, жацындыгы бәрісату, -депжолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да,

Аямай жанын дос берер,

Жолдастыцты ацтаса, - деп адал достыкка шақырады.

Осындай ойларын "Сабырсыз, арсыз, еріншек" деген өлеңінде де білдіреді. Ақын бір сөз үшін жау

болып, бір сөз үшін дос болып, қырық қүбылып жүретін адамдарды өткір тілмен эшкерелейді. (Ацынныц "Сегіз аяқ" өлеці орындалады.)

Сүрақтарга жауап.

- "Адамның парызды ісінің алды дос көбейткен" дейді. Қалай ойлайсыңдар, үлы ақын достыққа неге ерекше көңіл бөлген?

- "Кімге достығың көп болса, досты достық шакырады" деген баба үні нені білдіреді?

- "Досыңа достык - карыз іс. дүшпаныңа эділ бол" деген Абай ақылын қалай түсінесіндер?

- Өз досыңның кандай касиеттерін мақтан етер едіңдер?

- Өзің өз досың ғана емес, адам баласымен дос бола алар ма едің? Ол үшін өзінде кандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

5-топ.

- "Толық Адам қандай болу керек?" деген сүрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, "Әуелі бір суық мүз

- ақыл зерек" өлеңінде:

"Ацыл, цайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толъщ боларсыц елден бөлек" деп ой тастайды.

Ары қарай ақын "Үш-ақ нэрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек" деп толық адамның касиеттерін санамалап береді. "Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ" деп ой-пікірсіз, сылдыр сөзді адамдарды қатты сынға алады. "Көп айтты деп көне салатын, Жүрт айтты деп сене салатын" адамдарды Абай толық адамдардың қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей, өтірік пен өсекке үйір болып, өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады.

Үлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, "Адамзаттың бэрін сүй" дей келе "Адамзатты сүю

- хақтың жолы, ғаділеттің жолы" деген анықтама береді.

Ақын адамды экенің емес, адамның бал асы болуға үгіттейді. "Әкенің бал асы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың" деп ғибрат тастайды. Абай адамдыктың басты қасиеті адамгершілік екенін баса жырлайды. "Адамшылықтың алды - махаббат, ғаделет, сезім" дейді. Адамшылықтың тэрбие арқылы келетініне көз жеткізеді.

Өмірін Абайды зерттеуге арнаған Мүхтар Әуезов былай дейді: "Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тэрбие екенін танытады".





АБАЙ ҚҮНАНБАЙҮЛЫ (1845-1904)

Абай Қүнанбайүлы - қазақ халқы-ның үлы ақыны, сазгер, философ, қа-заң жазба әдебиетінің негізін қалау-шы, үлкен ойшыл-ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоң шебері. Абай Қүнанбайүлы 1845 жылы бүрынғы Семей облысындағы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Азан ша-қырып қойған аты - Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Қүнанбайдың жеті бала-сы болған. Соның ішінде бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскені - Абай.

Болашаң аңын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Үлжанның аңыз-өңгімелерін бар ын-тасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауатын аш-қан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Медреседе оқы-тылатын дін сабаңтарынан басқа араб, парсы тілдерін жақ-сы меңгереді. Медреседе оңып жүріп «Приходская школа-да» үш ай орысша оқыған.

Әкесі Қүнанбай Абайдан үлкен үміт күтеді. Сондықтан оны оқудан шығарып алып, ел басқару ісіне баули бастай-ды. Әкесінің жанында жүріп, Абай сол кездегі атақты адам-дарды көреді, шешен-билерден сөз айтуды үйренеді, халық-тың түрмыс-тіршілігімен, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақын танысады. Халқына пайдалы болудың жолын ол білімнен, оқудан, кітаптан, орыс мәдениетінен із-дейді. Әке-шешесінің ңасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың, шығыстың мәдени-

114

етін үйренеді. Кейін орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйре-ніп, орыстың үлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов т.б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге, ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспир-дің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетаны-мын кеңейтіп, білімін шыңдай береді.

Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Ақынның шығармалары, негізінен, үш саладан түрады: бірі - өзі шы-еареан өлеңдері, екіншісі - еацлия немесе цара сөз деп атала-тын прозасы, үшіншісі - өзге тілдерден аудареан өлеңдері.

Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық сала-сын қамтиды. Көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Сон дай өлең дер қатарына «Жасымда гылым бар деп ескер-медім», «Ғылым таппай мацтанба», «Интернатта оцып жур» атты өлеңдері жатады. Абай өлең мен өнер, сөз бен тіл қүдіреті, адамның сезімдері мен мінездері, көңіл күйі, таби-ғат көріністері, халықтың түрмыс-тіршілігі туралы шығарма-лар тудырды. Өлеңнің өзін Абай өте жоғары бағалап, жүртшы-лықтан поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етеді, нағыз өлеңнің қандай болуы керек екеніне жауап-ты өзі «Өлец - сөздіц патшасы» атты туындысында береді.

Абай - табиғатты шебер жырлаған, табиғатқа жан бітір-ген лирик ақын. Жылдың төрт мезгілінің суреттері ақын өлеңдеріне арқау болған. Ондай өлеңдер қатарына «Жазгы-тцры», «Жаз», «Желсіз тцпде жарыц ай», «Қыс», «Кцз» жатады. Адамдардың әртүрлі мінез-қүлықтарын өлеңдеріне арқау еткен ақын жаманнан жиренуге, жақсыдан үй-ренуге шақырады. Сондай өлеңдеріне «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім цалды достан да, дцшпаннан да», «Адасцанның алды жен, арты соцпац», «Жігіттер, ойын арзан, кцлкі цымбат» атты өлеңдері жатады.

Абайдың 40-тан астам әні бар. Кейбір күйлері де сақтал-ған. Абай күйлері: «Торжорга», «Май туні», «Абай жел-дірмесі». Абай әндерінің ерекшелігі: сөзі мен мазмүны бір-біріне үйлесімді; жекеше, хормен айтуға ыңғайлы; халық ^расына көбіне ауызша тарады; халық әндерімен тамырлас; Орыс шығармаларынан үлгі алуы; поэзиялық тілі мен музы-Калың әуен-әуезі өлшем-ырғағы, интонациялық қүрылы-Мының тығыз келуі.

© 2010-2022