«Халқым қандай десең, салтымнан біл» сынып сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Халқым қандай десең, салтымнан біл»

Сабақың мақсаты:

Білімділік: Ұлттың салт-дәстүрлер туралы түсінік беру, салт- дәстүрлердің түрлерімен таныстыру

Дамытушылық:Сөздің орнын молайту, түсінгенін өз сөзімен жеткізуге дағдыландыру, ойлау қабілетін және есте сақтау қабілетін жетілдіру

Тәрбиелік: Салт - дәстүрді түсіне білу және салт - дәстүрлерді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киімдер, домбыра, ұлттық тағамдар

Сабақтың типі: Оқушылардың шеберлігін дамыту.

Сабықтың түрі: Сайыс

Сабақтың жоспары :

  1. Ұйымдастыру кезең

  2. Салт - дәстүр жөнінде түсінік

  3. Шілдехана дәстүрі

  4. Қорытынды

  5. Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Қош бастау қиын емес,

Қонатын жерде су болса.

Қош бастау қиын емес,

Шабатын жерде жасау болса,

Шаршы топта сөз бастау қиын емес,

Аталы сөзді ұғатын көпшілік болса,-дегендей сөз бастап сіздермен сәлемдестік.

  • Оқушылар, әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктері болады. Ал, осы ерекшеліктер ең басты олардың салт-дәстүрінен білінеді емес пе?

Сондықтан да бүгін сіздермен «Халқымнан қандай десең, салтымнан сынап біл!» атты сынып сағатымызды бастайық.

  • Салт-дәстүр дегенді бүгін естідіңдер ме?

  • Дұрыс.

  • Тағы кім айтады?

  • Өте жақсы оқушылар. Атадан қалған мұрамыз, салт-дәстүр жайлы аздап болса да біледі екенсіңдер.

  • Оқушылар, біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтімен, ана әлдиімен, атаның қасиетті сөздерімен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап, олардың сөздерін есте сақтап, құрметтеуіміз керек.

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн.

1.Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған той қалай аталады?

  • Дұрыс

Шілдехана. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған салт-дәстүрдің бірі - шілдехана. Жас босанған ананы үш күн бойы жын-періден қорғау керек. Күн батқаннан таң атқанша дейін анасы мен жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін үш күндей түнімен өлең айтып, ән-жыр , күй-бимен, ойын-сауықпен өткізген. Сойылған малдың мойын омыртқасын жақсы мүжитін адамға берген. Таза мүжілген омыртқаны тобылғыға тізіп, үйдің ең жоғарғы жеріне іліп қойған.

Бұнысы - нәрестенің мойны тез бекісін деген ырым.

2. Жастар шілделік күзету түнін қалай өткізген?

3. Қалжаға сойылған малдың мойын омыртқасын кімдерге мүжіткен?

Ол қандай ырымды білдіреді?

4. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың алатын орны қандай? Неліктен ұл баланы шаңырықтың иесі деп есептеген?

  • Оқушылар, кім бала жөнінде мақал біледі?

Тұсау кесер

  1. Тұсау кесу тойы қай кезде жасалады?

Тұсау кесу - бала қаз тұрып , тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. Бұл болашақта біреудің ала жібін аттамасын, адал болып өссін деген ниеттен туған.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін...

Қаз баса ғой қарағым

Құтты болсын қадамың,

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

  1. Тұсау кесуге қандай жабдықтар керек ?

  2. Баланың тұсауын кімге кестіреді?

  3. Тұсау кесерде баланың аяғына неге ала жіп байлайды?

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп

Ата-бабаң ардақты

Ата жолын жалғапты

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

  • Солай ғой оқушылар.(Ендеше кезекті батаға берсек)

  • Біздің ата-бабаларымыздың артында қалған ғибратқа толы тамаша тәлім-тәрбие беретін өсиет сөздері өте көп. Бүгінгі жас ұрпақты осы қасиетті сөздермен таныстырып, оның мән-мағынасын жете ұғындыру үлкендердің парызы.

  • Енді сіздерді ұлттық тағаммен таныстырайық.Алғыс, тілек айту - адамзаттық сыйластық қарым-қатынастың қалыптасқан тәртібі. Асыл қазынаның







«Халқым қандай десең, салтымнан біл» сынып сағаты

© 2010-2022