Тақырыбы: Адал дос-асыл қазына (5-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы «Адал дос - асыл қазына»

Сабақтың мақсаты: Достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Достық туралы ақындатдың өлеңдерін, даналардың сөздерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Өз бетінше тұжырым жасау қабілеттерін жетілдіру, еркін сөйлеуіне дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Достық сезімін бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге, шынайы досты таңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, клксты түгендеу

  1. Жаңа сабақ

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адал дос - асыл қазына »

«Екі дос әңгімесі»

Бірде екі дос ренжісіп қалып, біреуі екіншісінің жағынан тартып жіберіпті. Екіншісі жағы ауырсынып тұрса да үндемепті.

- Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді, - деп құмның бетіне жазыпты.

Содан екеуі біраз жер жүрген соң көлді көріп, суға түспекші болады. Алдында досынан шапалақ жеген бала суғы батып бара жатқанда, Екінші досы оны құтқарып алап шығыпты. Суға батып кете жаздағаны біраздан соң есін жиыпты.

- Бүгін менің досым мені өлімнен арашалап қалды, деп тасқа жазыпты.

Сонда досы: - Мені ренжіткенде құмға жаздың, ал енді тасқа жаздың. Неліктен? - деп сұрапты.

- Балалар, сендер оның «Неліктен?» деген сұрағына досы қалай жауап берді деп ойлайсыңдар?

Ал енді досының жауабын тыңдайық: «Бізді біреу ренжітсе, оны құмға жазу керек, өйткені оны жел өшіреді, ал енді біреу жақсылық жасаса оны тасқа жазу керек, өйткені оны ешқандай жел өшіре алмайды»

  1. Жаңа сабақты меңгерту

Ә.Нұршайықовтың «Автопортрет» деген кітабынан алынған «Достық деген не?» тақырыбынан үзінділер таратылады.

Мәтінді оқып болған соң сұхбаттасып, мәтіннің мазмұны бойынша ең негізгі ойларды ортаға салады.

IY. Жаңа сабақты меңгерту

Оқушыларға төмендегідеі сұрақтар қойылыды:

1. Достық дегеніміз не?

2. Нағыз дос қандай болуы керек?

3. Өз достары жайлы сұрау

«Достық»

Ертеректе ел ішінде Әйімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйімбет шешенге замандастары:

- Достық нешеу? Деп сұрақ қояды.

Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық та, екіншісі - амал достық.

- Дұрыс-ақ. Енді оны қалай ажырата аламыз дегендерге:

- Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен Әйтімбет.

Балалар, адал досты амал достан айыра білуге әрқайсымыз ұмтылуымыз керек.

Достық туралы мақал-мәтелдер, өлең жолдары.

  1. Күншіл дос:

Озып бара жатсаң етегіңнен басады,

Қашып бара жатсаң, қасыңнан қашады

  1. Достық көзінде болғанша, көңілінде бол.

Досым саған сенемін сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген адамның көрігі екен,

Достық деген ақылдың серігі екен.

Бүгінгі тәрбие сағатына белсене қатысқандарың үшін барлықтарыңа рахмет!


© 2010-2022