Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)


МВнеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс).





Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)











ӨТКЕННЕН-МҰРАҒАТ,

ӨРКЕНГЕ-ҰЛАҒАТ




Бауыржан Момышұлы

100 жыл














Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

Ер жігіттің елі - ата-анасы, отаны - өз үйі.

Жерге тер төгіп,

Халыққа қан төгіп қызмет ет.

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)




Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Момышұлы, Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше ре тжау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.


Азамат. Қаламгер. Қаһарман

Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы Ел басындағы ірі тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Өткен XX ғасырдың басында, атап айтқанда - 1928 жылдан бастап үнемі ат үстінде сапар шегіп, бұрынғы КСРО, қала берді одан тыс алыс елдерді аралап, көзімен көріп қайтты. Шығысы - сонау Қиыр Шығыспен, батысы - Америка континентіндегі Куба мемлекетімен, оңтүстігі - Термез, солтүстігі - мүк басқан, азулы азынаған аязды, бет қаратпайтын боранды терістіктің кең алқабын аралап қайтқаны белгілі.

1932 жылы алғашқы әскери дайындықты Өзбекстанның Термез қаласында өткен Б.Момышұлының әскери өмір жолы осы жерден бастау алған болатын. 1933-1936 жылдары кіші командирлер құрамын дайындайтын курсты да сонда тамамдап, ішкі командир санатында іріктелген арнайы топтың құрамында әскер қатарына шақырылған. Кеңес Қызыл Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі. Мұнан кейін ол тұрақты әскер қатарына біржолата қалып, ғұмырының 25 жылында, яғни 1955 жылға дейін Қызыл Армия құрамында әртүрлі шенде құрама командирінен ливизия командиріне дейінгі дәрежеге жетті.

1936 жылы Қиыр Шығыстағы шекаралық әскери құрамы артиллериялық взводының командирі дәрежесіне көтеріліп, өзі қызмет еткен полктің ат спорты командасының капитаны, әрі жаттықтырушысы міндетін қоса атқарған.

Қиыр Шығыста әскери қызметін өтеп жүрген Б.Момышұлы әскердегі адал, әрі шынайы қызметі үшін армия құрамындағы ат спорты жарысының жеңімпазы ретінде маршал В.Блюхердің қолынан марапат алды. Ол түста бүкіл КСРО әскери қүрамында бес маршал ғана болғаны анық. Бауыржан Момышүлы сол бес маршалдың біреуі В.Блюхердің қолынан арнайы марапат алған.

Момышұлы 1941 жылдың басынан Қазақ КСР-і әскери комиссариатында аға нұсқаушы қызметін атқарып жүрген кезінде - еріктілердің бірі ретінде батальон командирі дәрежесінде 316 атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына - майданға аттанды.

1942 жылы И.Панфиловтан кейінгі сегізінші атқыштар дивизиясының командирі генерал И.Чистяковпен тізе қоса қан майданды бірге кешті.

Бауыржан Момышұлының қаһарман командир ретіндегі атақ-даңқы, әсіресе, фашистер КСРО астанасы - Москваны басып алу үшін барлық қарулы күштерінің негізгі тобын шұғыл шоғырландырып, Волоколам, Старая Русса - Холм бағыттарында жанталаса ұмтылған кезеңде 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың алғашқы айларында бүкіл елімізге әйгілі болды. Сол кездерден бастап барлық Кеңес баспасозі қазақ халқынан шыққан қайтпас, қайсар қолбасшы туралы тоқтаусыз жазатын еді.

Б. Момышұлы 1955 жылы әскер қатарынан толық босағаннан кейін жазушылық жолға түсіп, өзінің әскери мемуарлық шығармаларын жазуға кірісті. Жазушылықпен айналысып қана қоймай, Жазушылар Одағының қоғамдық өміріне етене араласып, әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырып, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовпен бірлесе отырып, үнді жазушылары мен Қазақстан жазушылар арасында шығармашылық көпір салып, сол қоғамдық ұйымды басқарды.

Жазушының 1941 жылы жазыла бастаған "Үшқан ұя" шығармасы 1946 жылы баспаға ұсынылды және 1960 жылдардың аяғында жазушы Т.Иманбековтің аудармасымен қазақ оқырмандарына толықтай таныс болды. Оның бұл шығармасы негізінен аяқталмаған. Кейбір зерттеу деректеріне сүйенсек, бұл шығарма үш кітаптан тұруға тиіс екен.

Куба саяхаты жазушының өміріндегі ең зерделі сапары болып есептелінеді. 1959 жылы Куба революциясы жеңіске жетіп, Америка континентіндегі алғашқы социалистік мемлекет ретінде қатыптасып жатқан тұста Б.Момышұлы Куба мемлекетінің басшысы Ф.Кастроның арнайы шақыртуымен бір айға жуық сол елді аралап қайтып, өзінің "Куба әсерлері" деген атпен сапарнамалық шығармасын жарыққа шығарды.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, Мұхамеджан КӘТІМХАН


Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)





Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)


Жаралғандай жалыннан,

Жайсаң батыр Бауыржан.

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.


Бұзып-жарып қоршауды,

Жолсыз жерден жол салды.

Достар түгіл ерлігін

Қасы да естіп, тамсанды.











Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

Внеклассное мероприятие на тему Бауржан Момышулы (7 класс)

100

Жыл









Қазақтың оза шапқан бұлан ері,

Ер Баукең Жуалының шынары еді.




... Ол өтірік көлгірсімеген, ол жалған білгірсімеген, жарық дүниеге тура, жарқырай қараған, шындықты ғана сүйген, шынын ғана сөйлеген, төңірегін өз шұғыласымен жарық қып отыратын жан еді.

Бауыржан өмір бойы түтіндетпей, бықсымай жанған, шынын айту керек, алыстарға айқын көрінген құдіретті жалын еді.


Әбділдә Тәжібаев.





... Бауыржан деген адам біреу-ақ болғаны енді ғана есімізге түскендей, қапы қалғандық мазалай береді. Жоқ, біз мұны білетінбіз. Әттең сол бірегей жанның өзіндік қыры барын жете бағалай алмаппыз, қадірлей алмаппыз. Бағалау, қадірлеу деген Бауыржандай қыры көп, сыры сала-сала адамды көзі тірісінде толық түсініп, сол қырларын сындырмай, сол қырларының қалтықсыз ашыла беруіне, гүлдене беруіне септік жасау еді ғой.



Ғабит Мүсірепов.




Ақ алмастай өткір сөз


***

Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе, менің үнімді, жете ме саған менің даусым. Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көп ұлтты ортамыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол - Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер!. - деген сөз. Ол - халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар! - деген сөз.

***

Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып, ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады…

Қазақ тілі ешуақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?!

***

Көкпар, бәйге, аударыспақ - батылдыққа, ептілікке, бұлшық етті шынықтыратын, құиарлықты аятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі ұлттық спорттық ойындар.


Бауыржан Момышұлы.


© 2010-2022