Мақала Бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі

Баланың мектеп жасына дейінгі кезеңі - баланың жеке басына қажетті ерекшеліктердің бастамасының құрылуы, мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктерінің даму кезеңі деп есептеуге болады. Осы кезеңде, мәселен баланың үш жасынан бастап мінез-құлқы қалыптасып, әрекеті күрделене бастайды. Бала өміріне енетін бұл өзгерістерді байқау қиын емес. Мектептегі тәлім-тәрбие жұмысы баланың дене жағынан дамуына ғана қарамайды, оның психологиялық таным процесстерінің дамуына назар аударады. Мектепке келген күннен бастап баланың өзін дұрыс ұстауын, ортада өзін бір тұлға ретінде көрсетуімен ерекшеленеді. Алты, жеті жастағы балаға мектептегі қойылатын талаптарды орындау оңайға түспейді. Осы мінез-құлықтың барлығы тек тәрбиелеу арқылы ғана жүзеге асады.

Тәрбиелеу екі жақты болғаны абзал. Ол отбасында және мектепте. Кейбір балалардың әдепсіз болып өсуі отбасы мүшелерінің арасындағы келеңсіз жағдайлардың болуынан, ойланбай айтқан сөздерден де болуы мүмкін. Әрбір ата-ана әрқашан өзінің баласына көп көңіл бөлу керек. Қараусыз қалған баланың болашағынан зор үміт күте алмайтынымыз хақ. Ата-ананың баласы үшін әрдайым құшағы ашық болу керек. Баламен ашық сөйлесіп, балада туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу керек. Әр ата-ана баласына тек алға ұмтылатындай, тәрбиелі болатындай бағыт беру керек деп ойлаймын.

Отбасында баланың жан-жақты дамуы үшін еңбектің алатын орны ерекше. Өйткені, бала еңбек арқылы тәрбиеленеді. Ата-ана баласын еңбекке араластырып, үнемі сабақ оқуына қолайлы жағдай туғызуы қажет. Сол кезде ғана бала еңбек пен оқуды қатар алып жүреді. Ата-ана баласының тәрбиелі ұрпақ болуы үшін өз міндетін толықтай орындау керек. Халқымыз «Жаста берген тәрбие-Жас қайыңды игендей»,-деп бекер айтпаса керек. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі ерекше. Балаға тәрбие дер кезінде берілгені жөн.



© 2010-2022