Денсаулық - зор байлық

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Амандық орта мектебі» КММ

Шодырова Айнур Толеуовна


«Денсаулық - зор байлық»- тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені, дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, енбекке әрқашан да құлшына кіріседі. Халқымыз "Тәні саудың - жаны сау" деп орынды айтқан.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан, сендердің тандауларын салауатты өмір салтын сақтау.

Ой қозғау.

Салауатты өмір салты деген не? ( Жауабы: Спортпен шұғылдану,күн тәртібін сақтау,жеке бас гигиенасын сақтау,жаман әдеттен аулақ аулақ болу.)

Қорытынды:Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі-жаман қылықтардан аулақ болу.

Ойға шабуыл.

Жұмбақ жасыру:

а) Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (арақ)

ә) Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. (темекі)

Ендеше,балалар,бізге еңбек етуге, коғамга, денсаулыққа, үрпаққа, отбасына зиянын тигізеді зиянкестер туралы көріністі тамашалайық.

Көрініс "У мен дерт"

Қатысушылар: Темекі. есірткі. ішімдік, милиционер, дәрігер.

Жүргізуші: Осы өлкеде өмір сүріп жатқан әзәзілдер - Темекі, Есірткі, Ішімдік үшеуі жасырын айтысқа түседі. Қазылар алқасы да жоқ, көрермен де жоқ, бүл айтыстың бас бәйгесі - Адам өмірі болатын. Әуелі сөзді емін-еркін ғұмыр кешіп үйренген Темекі алады:

Бөлініп кетсе -дағы жер екіге,

Кезек бер жасы үлкен Темекіге.

Табылам езуінен сұлу қыздың,

Бір гүлі ашылмаған он екіде.

Айналып ермегіне балалардың,

Қалтасын қоқым кылып қағам әр күн.

Күн-түні күркілдетіп сарғайтқаным,

Қаусаған кәрі тісін ағалардың.

Жүргізуші: Темекінің кеуде соғып көпіргенін Есірткі көріп отыра қалып, өз әніне басады.

Есірткі: Ежелден темекі едің шылым едің,

Ашылмай жатқан әлем ғалым едің..

Осылай айтарыңды біліп едім,

Жастардың ойына да, бойына да,

Енді-енді індет болып кіріп едім.

Кеңейтіп жеңісімді, өрісімді,

Мәз болып миығымнан күліп едім.

Жүргізуші: Осы сәтте тапырактай басып, иісі аңкып керден-кердең аттап Ішімдік келеді.

Ішімдік: Мен, мен едім, мен едім,

Қай жерде де ер едім.

Қай жер де төр едім.

Дастарханан. Көңілден,

Ылғи түспей келемін.

Ынжықтарды ысқылап,

Бойына күш беремін.

Арыстанға тышқанды,

Сүйреп әкеп теңедім.

Жүргізуші: Үшеуі бәйгеге таласып тұрғанда сырттан дауыс естіледі.

Милиционер кіреді де:

- Шуламандар, түгі - деп үшеуін ұстайды.

Дәрігер келеді.

Дәрігер: Сендердің мақсаттарың адам өміріне өрт, көңіліне дерт салу болатын. .Ал мен олардың қамқоршысымын, - дейді.

Қолка қауып, кыжылдатқан асказан,

Жүрек лобып, асқа тәбет ашпаган.

Шылым шегу денсаулыққа зиянды,

Азаматтар өзгеше бір бас кадам.

Меруерт тіс пен таңдайды ыстаған,

Өкпені улап, көк жөтелі қыстаған.

Шылымыңды жолатпастан өмірде,

Темекіні, ақыл ойлы, таста, Адам!

Мұғалім:Балалар,біздің денсаулығымызға зиян келтіретін зиянкестер кімдер екен? ( Жауабы:есірткі,арақ және темекі)Ендеше қазір біз темекінің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін бейнефильм арқылы көрейік.

Бейнефильм көрсету. «Темекінің адам денсаулығына зияндылығы»

Топпен жұмыс жасау.Салауатты өмір салтын сақтауға және оны насихаттауға жарнама-плакат салыңыздар.Бұл жарнама-плакаттарды дәрігерлер,мұғалімдер,әлеуметтік қызметкерлер күнделікті жұмысында пайдаланады деп ойлаңыздар.

І топ-жағымсыз әдеттерден зардап шеккен адамның суретін;

ІІ топ-салауатты өмір салтын ұстанған адамның суретін салады.

Балалардың салаған плакаттарын қорытындалай келе сұрақтар кою

1 сұрақ Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

2сұрақ Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.

3 сұрақ Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер сұрау

Мұғалім : Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияғада кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуіде атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. Ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандайда болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың біржолына айналды.
Дәрігер:
Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекімен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әр түрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.

Бейнефильм көрсету. «Древо жизни»

«Сау дене,азат ақыл,адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен.Демек,балалар біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып,жаман әдеттен аулақ болайық.

Топпен жұмыс.Эмблема қорғау.

І топ- «Денсаулық жаулары»

ІІ топ -«Денсаулық достары»

Қорытынды:

«Болашақ өз қолыңда »

1.Өзіңді-өзің тәрбиеле:Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл.Ол ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді.Ал мақсат қоя білмеген адам тез қартаяды.

2.Жігерді қалыптастыру:Жігер-ағзаға берілетін бұйрық.Оны өзің жасауға үйрен.

3.Денсаулығыңды шынықтыр:Шымырлық ағзаны төзімділікке үйретеді.

4.Тамақтана біл:Көп тамақжеу зиян.

5.Демала да біл:Ол мәдениеті көрсетеді.

6.Мейірімді болуға үйрен.Адамдарға қуаныш сыйла,өзіңнің көңіл-күйің жақсарады.Ал жағымсыз әсерлер ауру туғызады.

7.Өзіңе-өзің сен.Әрбір адам табиғаттан талантты болып туады.Тек оны әрі дамыту өз қолыңда.Кез-келген жұмысты бастағанда,мен мұны қалайда жеңемін деп баста,сен жеңесің.

8.Өзіңді танып біл.Өзіңе «Мен мақсатты,жігерлі,қайратты,көпшіл мейірімдімін» деп шарт қоя біл.

Ой тұжырымы

Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Нені ойға тоқып,жадымызда сақтауға тиіспіз.?

Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

Бәрі бірге:
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын

© 2010-2022