Классный час: Менің Отаным

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің Отаным - Қазақстан»

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елім менің
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліміздің тарихы, рәміздері, елбасы, салт - дәстүрлері туралы жан - жақты білім беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін, өз бетінше ізденіс қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін, дінін, президентін сүюге әрі құрметтеуге шақыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тұрмыс заттары. Қазақстанның картасы және т. б.
Қазақстан республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы - Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі.
Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 2 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.
Жүргізуші: Ендігі кезекте сайыс сабағымыздың ережелерімен таныстырып өтейін. Сайыс алты айналымнан тұрады.
І айналым. Еліміздің тарихына байланысты 5 сұрақ қойылады. 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады?
1. Тұңғыш қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (ІҮ ғасыр)
2. Қазақтың алғашқы ханы кім? (Жәнібек)
3. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар кімдер? (Керей мен Жәнібек)
4. «Жеті жарғы» қай ханның тұсында қабылданды? (Тәуке хан)
5. Қазақтың соңғы ханы кім? (Кенесары)
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

ІІ айналым. Бұл айналым қазақ тіліне арналады. ІІІ бөлімнен тұрады.
І бөлім. Сөздерді жазылуы бойынша дұрыс айту.
1. Кітап
2. Кемеңгер
3. Адамгершілік
4. Көкжиек
5. Шаңқобыз
6. Құдірет
ІІ бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табу
1. Ат құлағы көрінбейді - өте биік шөп
2. Айды аспанға шығарды - атағы шықты, таң қалдырды
3. Бармағын тістеді - өкінді
4. Қызыл сөзден бал жағу - мадақтау
5. Түйенің тұяғы түсетін жер - өте алыс жер
6. Жүрегінің түгі бар - батыр
ІІІ бөлім. Әр топ өздері дайындап келген бір көнерген сөзді жасырады.
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
ІІІ айналым. Бұл айналымда команда капитандары өздерінің ойыншыларына тұлғаларды жасырады. Жазылған адамды тікелей атауға болмайды. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі.
І топтың тапсырмалары:
1. Нұрсұлтан Назарбаев
2. Жұмекен Нәжімеденов
3. Шәмші Қалдаяқов
4. Шота Уәлиханов
5. Серік Ахметеов
6. Мұхтар Шаханов
7. Олжас Сүлейменов
8. Тохтар Әубәкіров
9. Иманғали Тасмағанбетов
10. Серік Сәпиев
ІІ топтың тапсырмалары:
1. Жандарбек Мәлібекұлы
2. Абай Құнанбаев
3. Шоқан Уәлиханов
4. Бауыржан Момышұлы
5. Шәкен Ниязбеков
6. Роза Рымбаева
7. Талғат Мұсабаев
8. Ансар Мұсахонов
9. Илья Ильин
10. Дариға Назарбаева
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
ІV айналым. Салт дәстүрге байланысты бейне сұрақтар қойылады.
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
V айналым
І бөлім. Сенемін сенбеймін
І топтың сұрақтары.
1. ТМД да өндірілетін күмістің 50% Қазақстанда шығатынына сенесіз бе?
2. Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД да бірінші орын алатынына сенесіз бе?
3. ТМД елдеріндегі хромиттің 97% Қазақстанда өндірілетініне сенесіз бе?
4. Ең алғашқы ғарыштық туристі ғарышқа алып ұшқан қазақстандық ғарышкер екеніне сенесізбе?
ІІ топтың сұрақтары
1. Қазақстанда 45 мың өзен бар екеніне сенесізбе?
2. ТМД да өндірілетін алтынның 5 % Қазақстанда шығатынына сенесізбе?
3. Ең алғашқы ғарышкер ғарышқа қазақ жерінен сапар шеккеніне сенесізбе?
4. Мараганец қоры жөніне Қазақстан дүниежүзінде төртінші орында екекніне сенесізбе?
ІІ бөлім. Заттарды табу. Ортаға көне құралдар шығарылады.
ІІІ. бөлім. Географиядан сұрақтар. Картада көрсетілген облыстарды табу
IV бөлім. Қанатты сөздерді авторларын табу.
Қазақ халқына ең әуелі оқу керек, оқу керек, оқу керек! Оқыса көзі, көкірегінің көзі ашылады. Көзі ашылғанын айтпай - ақ, ымдамай - ақ, нұсқамай - ақ өзі көреді. Оқымаған адам, оқымаған халық - надан, қараңғы, соқыр.
Сәкен Сейфулин
Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға көзіңді салма - сағың сынар. Досыңы өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа - түбіңе жетер.
Төле би
Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бірақ асым еті артық,
Жерден жердің несі артық,
Брақ уыс шөбі артық.
Міндетіңе алған сөзден,
Шегінген жігіттен,
Аштан өлген аюдың өзі артық
Қазыбек би
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтытысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Әйтеке би
Дау мұраты - біту,
Саудагер мұраты - ұту,
Қыз мұраты - кету,
Жол мұраты - жету.
Сырым батыр
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
VI айналым. Сөз құрау
І топ. Ат........, Есек........ (арба)
Сүтті төкпе......... болады (обал)
.......... бетін тырнама (жара)
...... ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. (ажал)
Ұл......, қыз....... (бала)
(обыр)
ІІ топ. Алты........ (алаш)
Бала, баланың ісі......... (шала)
Екі жасар сиыр (тана)
Еркек түйе (атан)
Бүк, шік,......, тәйкі (алшы)
Қысқы сырғанақ (шана)
Жеңімпаздарды анықтау марапаттау.

әрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «Отан»
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
- Арал
Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын)
Осы кезде Аралдың өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап отырамыз.
- Біздің өз туған жеріміз Аралды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)
Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар.
Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер - алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында)
Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды
10 - оқушы:
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні
11 - оқушы:
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады.
12 - оқушы:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
13 - оқушы:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Осы жерде ата - ана тәуелсіздік тақырыбына өлең оқиды.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
14 - оқушы:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
15 - оқушы:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
16 - оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
17 - оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
18 - оқушы:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
19 - оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
Хор: «Сүйікті Отаным»
20 - оқушы:
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын.
21 - оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Бақытты балалық шақ»
22 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ата - ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның сүйемелдеуімен.
23 - оқушы:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
24 - оқушы:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
25 - оқушы
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
26 - оқушы:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Нұрай: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Менің елім-Қазақстан

Мақсаты:
1.Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып,білгендерін тереңдету
2.Оқушылардың тарих,география сабақтарында алған білімдерің молайту
3.Отанды сүюге,достыққа,ұлтжандылыққа,еліне,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері,Қазақстанның картасы,слайдтар
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Алдымызда еліміздің салтанатты да, мерейлі мерекесі-Тәуелсіздік күні келеді.Тәуелсіз ел атанып,өз алдына дербес мемлекет болу-айтар ауызға оңай көрінгенмен,біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ.Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.
Қазақтың санасын сілкіндіріп,дүниежүзінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан ызғары-жылдар бойғы арман мен тәуелсіздіктің алғашқы қайнар көзі болды.
Қазіргі кезде Отанымыз тыныш,аспанымыз ашық болсын. «Менің елім-Қазақстан», атты сайысымызды ашық деп жариялаймын.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.

Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік:
Сайысымызға 2 команда қатысады( үй тапсырмасы:өзін-өзі таныстыру-эмблема,топтың аты,ұраны), ребус дайындау.

Сайыс кезеңдері:
1.Өзін-өзі таныстыру
2. «Сөйлемді аяқта»
3. «Бәрін білгім келеді»
4. «Баспалдақ»
5.Капитандар сайысы
6.Ребус шешу
7.Шығармашылық сайыс

1.Өзін-өзі таныстыру/5 ұпай/
2 «Сөйлемді аяқта»:/дұрыс жауабы-1ұпай/
1 топқа арналған сұрақтар:
1.Ұлттық валюта теңге.....енгізілді
2.Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден астам...өзен бар
3.Көлемі бойынша ең үлкен облыс....
4.Қазақстанның ең биік нүктесі.....
5.Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға....жылы көшірілді
6.Қазақстанның ең ұзын өзені.....
7.Қазақстанның ең суық жері....
8.Алматы облысының орталығы...
9.Қазақстан дүние жүзінде көлемі бойынша....орын алады
10.Қазақстан батыста,солтүстік-батыста,солтүстікте....шектеседі
2 топқа арналған сұрақтар:
1.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы.....км-ден астам
2.Қазақстанның жаңа Конституциясы..... жылы қабылданды
3.Қазақстан....сағат белдеуінде орналасқан
4.Қазақстанның климаты........
5.Ақмола атауы Астана деп.....жылы өзгертілді
6.Жауын-шашынның ең көп түсетін жері.....
7.Қазақстанның ең үлкен көлі....
8.Қазақстанда.....қорық жұмыс істейді
9.Қазақстанда.....облыс бар
10.Миллионер қала....

3.Бәрін білгім келеді:/ дұрыс жауабы-1ұпай/
1.Қазақстанда қандай түрлі-түсті таулар бар?
2.Қазақстанда қанша экономикалық аудандар бар?
3.Жоғары урбандалған облыс?
4.Қазақтардың негізгі бөлігі қандай дінді ұстанады?
5.Қазақстандағы ең жас халқы бар облыс?
6.Қазақстанның қай қаласында трактор шығарылады?
7.Қазақстанның ірі су электр станциясы?
8.Қазақстанның халқының саны ең көп аймақ
9.Қазақстандағы қалалар саны?
10.Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болып кірген жылы?
11.Неше облыс Батыс Қазақстанның құрамына кіреді?
12.Ең үлкен «Химфарм» зауыты қай қалада орналасқан?
13.Қазақстандағы ең ірі тіл әулеті?
14.Қазақстан халықтары арасында қанша ұлт өкілдері бар?
15.Қазақстан Туының авторы кім?
16.Елтаңбаның авторлары кім?
17.Әнұранның авторлары кім?

4.Баспалдақ:/әр дұрыс сөзге-1ұпай/
Топтық жұмыс.Сіздердің міндеттеріңіз-«Менің елімнің рәміздері» тақырыбына байланысты неғұрлым көбірек зат есім табу.Олар алфавиттің кез-келген әрпінен басталуы мүмкін және әр сөздегі әріптер саны алдыңғы сөздің әріптер санынан біреуі артық болуы тиіс. Әр дұрыс табылған сөз үшін-5 ұпай.

5.Капитандар сайысы:/5 ұпай/
«Менің елімнің Елтаңбасындағы Шаңырақ»
«Қазақстан Елтаңбасындағы тұлпарлардың бейнесі»
6.Ребус шешу/5 ұпай/
7.Шығармашылық сайыс (Қазақстан туралы тақпақ, ән....)/5 ұпай/
Мұғалімнің сөзі:
20 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл-ғасырлар бойы біздің қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз еңселі болсын!-деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі ләйім атың
Ата-баба қанымен келген бізге
Тәуелсіздік құт болып қонды еліме
Қорғап сені өтемін өле-өлгенше
Мақтанамын әлемге Мен азатпын!

Еліміздің ертені үшін еш аянбай еңбек етіп,оқу оқып, білім игеруі қажет.Қазақстанның болашағы-сендер!



© 2010-2022