Абай. Талаптың мініп тұлпарын өлеңі ашық сабақ жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай . «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арнаған

өлеңдерінің тақырыптық мәнін ашу; білім,ғылымның

маңыздылығына көз жеткізу.

2) дамытушылық: «СТО»технологиясы бойынша оқушыларға

еркін, ойлы тапсырмалар орындату.

3)тәрбиелік:оқушылардың білім, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, бауырмалдық, ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау әдісі

Мәнерлеп оқу әдісі

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы:«Ой қозғау», «Екі жақты күнделік», «Еркін айту», «СИНКУЭН немесе 5 жолды өлең» стратегиялары

Көрнекілігіі: Буклет, Д.Досжан «Абай айнасы» кітабы,

Техникалық құралдар: компьютер, видеопроектор

Пәнаралық байланыс: тарих, бүгінгі өмір, әдебиет теориясы

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

( Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Абай. «Адамның кейбір кездері» өлеңі ( жатқа айту)

Сұрақтар:

Абай әлемі бізді несімен қызықтырады, таң қалдырады?

Туындылары, не білеміз?

Өлең - өнердің тууы, шабыт туралы не түсіндің?

Ұлы тұлғаның қазақ әдебиетіндегі орны.

III Өткенді қорытындылау кезеңі

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі

Абай дегеніміз- шегі жоқ асқар тау. Оны әркім әр қырынан көреді, шығармаларындағы астарлап, тұспалдап берілген жерлерді өзінше саралайды.

Абай- ақын, ұстаз,жазушы, философ, өнегелі өмір иесі. Бүгінгі сабақта Абайды аяулы әке, асқар тау ретінде толығырақ танимыз. Яғни жаңа тақырыпты әкенің балаға арнауы десек те болады.

Жаңа сабақ.. «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңі

Мұғалімнің мәнерлеп жатқа айтуы.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Өлеңдегі басты кейіпкер кім? Жауап: ( Абайдың сүйікті ұлы- Әбдірахман) .

Өлең мазмұнын толығырақ ұғу үшін керек деректі пайдаланайық .

Абай да - өз заманының перзенті. Ұлтының ата салтын аттамай, үш рет үйленген.

Абай әйелдері

Ділда бәйбіше: 4 ұл ( Ақылбай, Әкімбай ( 7 жасында өлген), Әбдірахман, Мағауия. ).

2 қыз ( Райхан, Күлбадан).

Әйгерім. Шын аты- Шүкіман. 3 ұл ( Тұрағұл, Мекәйіл, Ізкәйіл).

1 қыз ( Кенжеш ).

Еркежан ( Оспан інісінің бәйбішесі ).

Әбдірахман құрт аурудан қайтыс болады. Әйелі Мағрипадан бір қыз болған. Есімі- Рахила.

Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқу ( тізбектей, жекелей оқыту ).

«Екі жақты күнделік» стратегиясы. ( Өлеңнен өзіне ұнаған жерін таңдап, пікірін

жазбаша беру).

Автор сөзі

Менің ойым


Топтық жұмыс. «Еркін айту» стратегиясы бойынша жұмыс

Тақырыптар:

Әбдірахманның адамгершілік қасиеттері.

Ақынның өлеңдегі айтпақ ойы.

Әке махаббатының көрінісі.

Әдеби - теориялық талдау .

Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым еді іңкәрің,

Әр қиынға сермедің.

7-8 буынды, 2 бунақты, 4 тармақты, 5 шумақты, шалыс ұйқас.

Сөздік жұмысы. Тағылым - бұл жерде: үлгі, өнеге беру деген мағынада.

Бенде- - дұрысы пенде, адам деген мағынада.

Бекіту кезеңі.

СИНКУЭН немесе 5 жолды өлең

1 зат есім- Әбдірахман

2 сын есім- білімді, шыншыл

3 етістік- оқыды, үйренді,

4 сөз « сезімнен шыққан сөйлем )-әке сенімін ақтайтын ұл.

1 сөз ( 1- сөзге синоним )- перзент

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Абай өлеңдері туралы ойларым» тақырыбында шағын шығарма жазу.

© 2010-2022