Қуан, қазақ

Қуан, қазақ Жер мен көктің арасы кең, шуағы мол төр дейін,  Нағыз пір боп, шығып төрге бүгін мен де сөйлейін. Ұшырғанда қиялымның құсын көкке қуана,  Көңіл жыры сарқылмайтын телегей бір селдейін.   Қуан қазақ, қуанатын күнің туды көптен бір, Желдей ескен жібек  туды желбіретіп көк зеңгір. Қолмен ғана қойғандайын Елтаңбаның бедерін, Шаңырақтан ән қалықтап, үйге толып  кеткен  нұр.            Тәуелсіздік атын жаздым алғы тарих бетіне, Өткеніме көз жіберсем өткен екем өкіне. Сан ғасырдың арманы бұл аңсап күткен бабалар, Ызғарына ырық бермей тұрып желдің өтіне.   Тәуелсіздік  дәстүрімнің  дара тұрған діңгегі, Қуаласам құлап қалам қу сағымды құр тегі. Қаһарман боп туған жалғыз менің ғана қазағым,  Өр рухпен өлшенетін жүрегінің  әр  демі.   Ай ажарлы Ақ  Ордамыз  арқа төсін сүюде, Күмістелген түп қазығын түбіне сап түюде. Жапырақтай жүректердің орын алған төрінен, Еңсең биік,  Егемен ел, жаралған тек сүюге.     Заңғар үнің кетті күннің шуағымен бойланып, Биік, биік аспан таулар арқасына байланып.                         Тәуелсіздік шуағымен нұрланамыз  гүлденіп,                         Қадам басып болашаққа,  игі істерді ойға алып.   Асқақтаған әнұраның ел айбатын асырды, Көк  жүзінен   нұр төгіліп  жердің гүлі ашылды. Еңкеймейтін ту мен аспан егіз енді екеуі, Қуан қазақ, қыран құсың күнге қанат асынды.       Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән мұғалімі  Шолпан Балманова.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қуан, қазақ

Жер мен көктің арасы кең, шуағы мол төр дейін,

Нағыз пір боп, шығып төрге бүгін мен де сөйлейін.

Ұшырғанда қиялымның құсын көкке қуана,

Көңіл жыры сарқылмайтын телегей бір селдейін.

Қуан қазақ, қуанатын күнің туды көптен бір,

Желдей ескен жібек туды желбіретіп көк зеңгір.

Қолмен ғана қойғандайын Елтаңбаның бедерін,

Шаңырақтан ән қалықтап, үйге толып кеткен нұр.

Тәуелсіздік атын жаздым алғы тарих бетіне,

Өткеніме көз жіберсем өткен екем өкіне.

Сан ғасырдың арманы бұл аңсап күткен бабалар,

Ызғарына ырық бермей тұрып желдің өтіне.

Тәуелсіздік дәстүрімнің дара тұрған діңгегі,

Қуаласам құлап қалам қу сағымды құр тегі.

Қаһарман боп туған жалғыз менің ғана қазағым,

Өр рухпен өлшенетін жүрегінің әр демі.

Ай ажарлы Ақ Ордамыз арқа төсін сүюде,

Күмістелген түп қазығын түбіне сап түюде.

Жапырақтай жүректердің орын алған төрінен,

Еңсең биік, Егемен ел, жаралған тек сүюге.

Заңғар үнің кетті күннің шуағымен бойланып,

Биік, биік аспан таулар арқасына байланып.

Тәуелсіздік шуағымен нұрланамыз гүлденіп,

Қадам басып болашаққа, игі істерді ойға алып.

Асқақтаған әнұраның ел айбатын асырды,

Көк жүзінен нұр төгіліп жердің гүлі ашылды.

Еңкеймейтін ту мен аспан егіз енді екеуі,

Қуан қазақ, қыран құсың күнге қанат асынды.

Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән мұғалімі Шолпан Балманова.











© 2010-2022