Коучинг ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРІН ЖОЮ

Өткізілген коучингте әріптестеріме ой салатын бірнеше әдіс-тәсілдермен таныстырдым, атап айтсам, өзін-өзі реттеудің маңызы мен негіздемелері. Бейнеклип көру арқылы өзін-өзі реттеудің түрлері бойынша өнім жасап, әр қатысушы өз ойын ортаға салып, ортақ нәтижеге жете білді. Әр коучингте топқа бөлінудің өзі бір сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Әріптестерім де жаңа тәсілдерді күтетіні байқалып тұрады. Көңілдерінен шыққанына қуаныштымын. Ақылдың алты қалпағы  оларды жаңа қырынан ашқандай болды.  Әр...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мерзімі:

17.09.2013 ж.

Коучер: Байгалиева Жанар

Коучингтің тақырыбы:

Оқушылардың оқудағы кедергілерін жою

Жалпы мақсаты:

Мұғаліммен бірлесіп оқу барысындағы қиындықтарды жеңу.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

  • өзін-өзі реттеудің не екенін біледі;

  • топтпрдағы жұмысты жүзеге асыру мақсаттарымен танысады;

  • Ақылдың 6 қалпағын қолдануды үйренеді.

Қолданылған құралдар:

Дербес компьютер, ноутбуктер, интерактивті тақта, А3 парақтары, топтардың белгілері, смайликтер, маркерлер, қайшы, желім, қоржын, асықтар, презентация.

Коучинг жоспары:

  1. Видео-тілек тамашалау. Видео 1.

  2. «Қалай оқу керектігін үйрету. Өзін-өзі реттеу» тақырыбында мәлімет беру. Қосымша 1.

  3. Коучинг ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРІН ЖОЮТопқа бөліну. 3 топ. Қатысушылар түрлі-түсті (қызыл, сары, жасыл, көк) конфет қағаздарын таңдап алады. Әр қайсысының артында топтардың атауы жазылған (ЫНТАЛАНДЫРУШЫЛЫҚ, ЭМОЦИЯЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК).

  4. Тапсырма № 1. «Баланың өзін-өзі реттеуіне мұғалім ықпалы» тақырыбына топтық жұмыс. Әр топ ноутбуктан өз тақырыптарына байланысты бейне-клипті қарап шығып, талдап, өнім дайындауы қажет.

ЭМОЦИЯЛЫҚ - Өрт сөндіруші күртешесін кию. Видео 2. ЫНТАЛАНДЫРУШЫЛЫҚ - Балалар ауруханасында. Видео 3.

ӘЛЕУМЕТТІК - Балмұздақ жасау. Видео 4.

  1. Өнімді қорғау кезінде интерактивті тақтадан өзін-өзі реттеудің негіздемесі көрсетіледі. Қосымша 2.

  2. «Топтық жұмыс» туралы қысқаша мәлімет беру. Қосымша 3.

  3. Топқа бөліну. 4 топ. Қатысушылар қоржынның ішінен бір асықтан алады. Асықтың түсіне қарай өз топтарын тауып алады. Асықтың түстері: сары, жасыл, қызыл, көк.

  4. Тапсырма № 2. «Топтық жұмыс оқушы бойына қандай қасиеттер қалыптастырады» тақырыбына өнім дайындау.

  5. Өнімді қорғау.

  6. Әр топтың өнімін бағалау. Салют тәсілі. Қосымша 4.

  7. Сергіту сәті. «Қара жорға» биін орындау. Видео 2.

  8. Ақылдың 6 қалпағы туралы мәлімет беру. Қосымша 5.

  9. Жұптарға бөліну. 6 жұп. Қатысушылар түрлі-түсті төртбұрыш карточкаларды таңдап алады. Олардың екінші жағында қазақ эстрадасы мен өнеріндегі танымал жұптардың суреттері бар. Суреттер бойынша әр қатысушы өз жұбын табуға тиіс (Тоқтар Серіков-Бейбіт Сейдуалиева, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Нұржамал Үсенбаева-Төлеген Мұхамеджанов, Қарақат Әбілдина-Қыдырәлі Болманов, Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Жанболат пен Жазира).

  10. Тапсырма №3. Ақылдың 6 қалпағы тәсілімен «Мұғалім - оқушы қабілетін арттырушы адам» тақырыбына коуч ұсынған қалпақтың түсіне қарай ойларымен бөлісу.

  11. Бағалау. Блоб ағашы.

Рефлексия:

Өткізілген коучингте әріптестеріме ой салатын бірнеше әдіс-тәсілдермен таныстырдым, атап айтсам, өзін-өзі реттеудің маңызы мен негіздемелері. Бейнеклип көру арқылы өзін-өзі реттеудің түрлері бойынша өнім жасап, әр қатысушы өз ойын ортаға салып, ортақ нәтижеге жете білді. Әр коучингте топқа бөлінудің өзі бір сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Әріптестерім де жаңа тәсілдерді күтетіні байқалып тұрады. Көңілдерінен шыққанына қуаныштымын. Ақылдың алты қалпағы оларды жаңа қырынан ашқандай болды. Әріптестерім өз сабақтарында коучингтен алған білімдерін қолданып, оның қандай нәтиже бергенін айтады деген сенімдемін.

Коучинг презентациясының толық нұсқасы.(видео №1)

Коучинг ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРІН ЖОЮ

© 2010-2022