Тәрбие сағаты: Күз - береке, күз - мереке

Тақырыбы: Күз – береке, күз – мереке. Мақсаты: Күз берекесі туралы түсінік алу. Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту.  Оқушыны еңбек етуге, ел ырысын құрметтеуге тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалай білуге үйрету. Көрнекілігі: газет, эмблема, үлестірме карточкалар, күз байлығы (жеміс көкөністері). Ұйымдастыру.Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақыру. Берекелі күз келді! Мерекелі күз келді! Күз жемісті алтын күз Кемелденсін ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Күз - береке, күз - мереке.

Мақсаты: Күз берекесі туралы түсінік алу. Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту. Оқушыны еңбек етуге, ел ырысын құрметтеуге тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: газет, эмблема, үлестірме карточкалар, күз байлығы (жеміс көкөністері).

Ұйымдастыру.Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақыру.

Берекелі күз келді!

Мерекелі күз келді!

Күз жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз! - дей отыра, бүгінгі күзге арналған шағын мерекемізді ашық деп жариялаймыз. Ендеше сайысымызды бастайық. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Екі топ - «Ақ бидай», «Сәбіз».

1-кезең - таныстыру

2-кезең - сұрақ-жауап

3-кезең - «Кім шапшаң»

4-кезең - «Салат жасау»

5-кезең - Сән

Буырқанды күзгі дем,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Асықпаңдар, саспаңдар,

Сыналатын кезің бұл.

Күз маусымын бастаңдар,

Ырыс болып келді жыл.

Алғашқы кезең - Таныстыру. (5 ұпай-ең жоғ.)

2-кезең -«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - дегендей, білімдеріңізді сынайтын кез келді. Ұн арасындағы кәмпиттерді қол тигізбей, ауызбен ашып ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

А) күз айлары

Ә) жеміс-жидек

Б) күзге байланысты мақал-мәтел

В) көкөністер

Г) күз туралы қандай өлең білесің?

Д) күзгі еңбек түрлері

3-кезең - «Кім шапшаң?»

Жерге шашылған көкөністерді екі топтан бір баладан шығып (екі көзі байлаулы) себетке тез, көбірек жинау. Қай бала бірінші болады, сол топқа ұпай қосылады.

4-кезең. Ас мәзірі

Қыздар- «Мимоза» салатын, ұлдар - «Оливье» салатының құрамымен таныстыру.

Жұмбақ шешу, мақал-мәтел жарысы.

5-кезең - Сән үлгілерін көрсету.

-Сайыстың қорытындысын шығаруға, әділқазыға сөз берейік. (әділ қазы сөйлейді)

-Балалар, білімді, саналы, дені сау азамат болыңдар, күз мезгіліндей мейірімді болыңдар!


© 2010-2022