Қазақ ырымдары – тәрбиенің қайнар көзі

Мақсаты: а)Тәрбиелік:Ұлттық мінез-құлықты дәріптеу, патриоттық тәрбие беру, ырымдар арқылы жеке тұлғаны әдептілікке, қарапайымдылыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу; ә) Білімділік: Оқушылар бойында жазушының өмірі мен шығармашылық әлемі жөнінде қысқа да нұсқа мағлұмат бере отырып, әңгіменің көтерген тақырыбы мен айтар идеясын терең де жан – жақты сыр шерту арқылы түсінік беру; б)Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге үйрету, өзіндік пікір қалыптастыруға жетеле...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатынық тақырыбы: Қазақ ырымдары - тәрбиенің қайнар көзі (Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесі желісінде)

Мақсаты:

а)Тәрбиелік:Ұлттық мінез-құлықты дәріптеу, патриоттық тәрбие беру, ырымдар арқылы жеке тұлғаны әдептілікке, қарапайымдылыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

ә) Білімділік: Оқушылар бойында жазушының өмірі мен шығармашылық әлемі жөнінде қысқа да нұсқа мағлұмат бере отырып, әңгіменің көтерген тақырыбы мен айтар идеясын терең де жан - жақты сыр шерту арқылы түсінік беру;

б)Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге үйрету, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу;

Сабақтың көрнекіліктері: тасбақа, автор өмірінен мәлімет, жан - жануарларға қатысты ырымдар, тірек - сызбалар . Техникалық жабдық: интерактивті тақта Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы
Жұмбақ шешеді:
Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та жамалмас. Балалар жұмбақ шешіп көрейік, шешімін кім айтады? Шешуі:тасбақа

ІІІ. а) Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады

ә) Автор өмірінен мағлұмат беріледі.

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды. 1962-1965 жылдары "Қазақ әдебиеті" "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері.1994-1995жылдары ҚР Жоғары Кеңесінің төрағасы. 2009 жылы 70 жылдық мерей тойы аталып өтті. Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Шыңырау», «Күй» повестері бар.Қазір Астанада тұрады.

б) Әңгіме мазмұнымен таныстыру.

в) Сен білесің бе?

Бабалар талай жылғы тәжірибесінің маңызындай етіп ұрпағына «сәуір болмай, тәуір болмайды» деген сілтемесін де қалдырған. Шын мәнінде көктемнің лебі осы кезден бастап еседі. Күн күркірейді, көкке бұлт айналып найзағай ойнайды, жел көтеріледі. Сәуірдің қара жаңбырын күтетін тұс міне осы. Құбыладан соққан қызыл жел осы айда оқтын-оқтын жаңбырмен алмасып отырады. «Жазғытұрғы жел жардай атанды жығады» деген сөз де бар. Сәуірдің үшінші онкүндігінде екілене соққан осы жел «тасбақаның дауылы» деген атақ алыпты. Өйткені қыстай жер астында ұйқыда жатқан тасбақа осы тұста жер бетіне шығады. Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ылғал мол жыл болады деп қуанады

Сонымен бірге қазақ қалқы ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі ырымдап отырған. ( Мысал келтіру) Тасбақа шөппен қоректенеді. Кейбір тасбақа жерге шыққанда аузына шөп тістеп шығады. Сәті түсіп, оны көріп, алған адамның жолы болады. Ойлаған ойы орындалады деп халқымыз ырымдап отырған.

Қосмекенді Өсімдікпен қоректенеді. Ұзақ жасайды

Тасбақа

Үстінде сауыты бар. Құрлықта мекендейді

Емдік қасиеті бар Төрт аяқты

Тасбақалардың денесі сүйекті сауытпен қапталады.Басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауытының жоғарғы жартысы тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен. Төменгі жартысы - бұлда тері тектес сүйектен тұрады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Оның бас сүйегіне тән ерекшелік - екінші реттегі сүйекті таңдайдың жетілуі, тістін болмауы. Тістің қызметін жақ сүйектерін қаптап тұратын мүйізді өсінділер атқарады.Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады. Тасбақалар дымқыл тропикалық және ыстық шөлді жерлерде тіршілік етеді. Қазір тасбақалардын, 183-ке жуық түрі белгілі.

г) Тасбақаның пайдасы, тіршілігі туралы.

Топтық жұмыс

1-топ: тасбақа туралы толық ақпарат береді (көргендері, оқығандары, естігендері)

2-топ: Қарапайым еңбек иесі Қарабаланың келбеті және Қарабаланың есіне халықтың қандай ырымы түсті? 3-топ: жан-жануарлар, аңдар, құстар туралы ырымдарды әңгімелейді.
- Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.
- Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
- Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.
- Ат жер тарпыса жолға шығады.
- Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады. «Тасбақа да - табиғат»
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», ендеше табиғаттың жанашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

ІҮ. «Ой толғаныс» сатысы
Бес жолды өлеңмен аяқтайды.
1. Тасбақа
2. Мықты, киелі
3. тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді
4. тістеп шыққан шөбі бар
5. Жануар

- Қандай әңгімемен таныстық?
- Қандай тәрбиелік ырымдарды білдіңдер?
- Не ұнады?

Ү.Қорытынды

Қазақ ырымдары жеке тұлғаны қарапайымдылыққа, еңбекқорлыққа, тәрбиелейді. «Адамзат өмірінде адам үшін жасалған зәредей жақсы іс ешқашан өлмейді». Ол адам баласы қоғамында бір белгі боп, бір белгісіз толқын боп өмір сүреді. Қандай бір адамның аты белгілі болсын-болмасын, атқарған игі істері ешқашан өшпейді». Жақсылық боп алдыңнан шығады. Өзіне шарапаты тимесе, ұрпағына тиеді. Қазақ тәрбиесінің мазмұны осыған саяды. Асылы өмірге мән беретін, тіршілік тұғыры болатын-қарапайым, елеусіз адамдардың еңбегі.


© 2010-2022