Разработка внекласного мероприятие «Ақшиман-Білім» станциясы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақшиман-Білім» станциясы

Өтетін күні: 25 мамыр 2015 жыл

Өтетін уақыты: сағат

Өтетін орны: мектеп актзалы

Музыка орындалады.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, плакаттары, гүлдер, шарлар.

Музыкалық сүйемелдеу: «ҚР Мемлекеттік Гимні», «Школьный вальс», «Ұстазым менің», «Ұстазым» т.б.

Барысы:

І кезең: Мектеп бітіруші 1-11 сынып оқушыларды марапаттау

ІІ кезең: 9, 11 сынып оқушыларын құттықтау

ІІІ кезең: 9, 11 сынып оқушылары

ІҮ кезең: Қорытынды

І КЕЗЕҢ

1 жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ана-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі күні біздің мектеп оқушыларымыз үшін ерекше күн. «Соңғы қонырау» - біреулер үшін бұл күн оқу жылының аяқталып, жазғы демалыстың басталғанын білдіретін күн болса...

1 жүргізуші: Екіншілер үшін бұл күн жаңа өмірге жетелер күндердің бастауы.

2 жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар! «Ақшиман-білім» - «Болашақ» бағытындағы №2015 поездына отырғызу жарияланады, Поезд басшысы Баянгүл Дүйсенқызы. (фон «Поезд дауысы» 9, 11 сынып оқушылары шығады)

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біз «Болашақ» бағытында Жаңа поезды аттандырғалы тұрмыз. Бұл поэздын әр вагонының жолаушылары «Болашақ» бекетіне «Ақшиман-Білім» бекетінен осы жылдар бойы жинаған білімдерін алып, тиімді пайдаланады деген сенімдеміз.

2 жүргізуші: Ақшиман орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз.

1 жүргізуші:

Мектеп сап түзел» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанатты жиынға әкелінсін.

(Әнұраны орындалады)

2 жүргізуші: Перронға Вокзал басшысы, мектеп директорының м.а.: Егинбаева Салтанат Каниқызы шақырылады. (Директор мадақтама, алғыс хаттар береді)

1 жүргізуші: Келесі сөз кезегі жол бағдарлаушыларға беріледі.


ІІ КЕЗЕҢ

1 жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Ақшиман-Білім» станция перронына «1 сынып» поезы келіп тоқтады. Поэзд басшысы Ерік Күмісгүл.

2 жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

(1 сынып оқушыларының 11 сынып оқушыларына арнауы)

1 жүргізуші: Келесі сөз кезегі №2015 поездінің басшысы Баянгүл Дүйсенқызына беріледі.

2 жүргізуші: Ұшырады жетекшің өз қолынан,

Ғылымның көрінші деп сан қырынан

Көріне біл тұғырдан биік шыңнан.

1 жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі жолаушыларды «Болашақ» бекетіне шығарып салушы түлектердің ата-аналарына беріледі.

ІІІ КЕЗЕҢ

1 жүргізуші: Ендігі кезекте сөз кезегі №2015 поездінің жолаушыларына беріледі.

ІҮ КЕЗЕҢ

1 Жүргізуші: Құрметті оқушылар перронымызды босатпас бұрын «Ақшиман-Білім» бекетінің кілтін тапсырыңыздар!

Білім кілтін тапсыру құрметі мектеп бітіруші түлек Бекенова Анельге тапсырылады, аманат қабылдап алу құрметі 8 сынып оқушысы Қазымбетова Айзадаға беріледі.

( Ортаға түлек шығып аманат тапсырады).

Анель: Ақыл керек білім тандап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға

Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,

Білім жарық, нұрын саған шашатын

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен, сеніммен.

Айзада: Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға,

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

1 жүргізуші: №2015 поездінің жолаушыларының «Болашақ» станциясының ережелерімен таныстыру үшін және «Ақшиман-Білім» станциясынан алған жүктерін тексеру үшін Жолсеріктер шақырылады: 2004 жылғы түлек Темешов Азамат және 2010 жылғы түлек Каймолдина Ардана.

Каймолдина Ардана: Мектеп бітіруші түлектерді алдағы жаңа өмірге аттандырмас бұрын салтанатты түрде ант қабылдайық: (оқушылар Журналға оң қолдарын қойып, ант береді)

«Мен, 2015 жылғы түлек оқушының аты-жөні, сіздерге алған білімімді одан әрі жалғастыруға, адал және шыншыл болуға, мектебіміздің атына кір келтірмеуге ант беремін. Егер берген антымды орындамасам, онда

* менің ең әдемі киімім жыртылсын,

* ұялы телефоным істен шықсын,

* әдемі аяқ киімім жыртылып қалсын,

* сүйікті костюміме шырын сусыны төгілсін,

* аяқ астынан ең жақсы көретін сериалым бітіп қалсын.»

Темешов Азамат: Құрметті түлектер, осы анттарыңды әрдайым есте сақтандар!

(Мектеп вальсі)

2 жүргізуші: Түлектер Соңғы мектеп вальсіне шақырылады.

Уақытын сан жол екен бір,

Қуантып жүрген жолда нұр төге біл.

Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,

Алдыңда тосын тұрар үлкен өмір.

1 жүргізуші: №2015 поезінің аттандыруға белгі берілсін. Белгі берушілер 11 сынып оқушысы Бекенова Анель және 1 сынып оқушысы Талгатов Қазбек. (Соңғы қоңырау соғылады)

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті және мемлекеттік емтиханды табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Ал енді №2015 поезді құрметпенен шығарып салайық

(фон "Поезд даусы")

Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған ««Ақшиман-білім» станциясы» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!

2-жүргізуші:Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз.


© 2010-2022