Денсаулық әліппесі сынып сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Денсаулық әліппесі

Мақсаты: -жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін , бағалы байлық екендігін түсіндіру;

Тәрбиелік-денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрьбиелеу;

Дамытушылық-сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар, тірек сызба.

Барысы:

Мұғалім: балалар, бүгінгі күндеріне сәттілік тілеймін!

-байлық дегеніміз не?

Оқушылар байлықтың мағынасын тірек сызба арқылы түсіндіреді.

Байлық: табиғат, саябақ, білім, денсаулық, мал, машина, ақша.

«Денсаулық» атты сызба бойынша жұмыс,

Мұғалім: Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

Денсалық: табиғи күш, тазалық, тамақ, дене шынықтыру.

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сондықтан екі топқа бөлініп отырайық.

1-топ «Шымыр»

2-топ «Денсалық»

Денсалық дегеніміз-жанның, тәннің, рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі, бір-біріне смейірімділігі.

«Денсалық -зор байлық» деген халық мақалы бар. Денсаулық-табиғи заңдылық, ауру-кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсалықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.

Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық!

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшыларымызбен танысып алайық./Әділқазылар алқасымен таныстыру/

Әр бөлім соңынан топтардың жұмыстары бағаланады. Бағалау балдық жүйесі 5 балдық жүйе бойынша.

І бөлім «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың».

«Денсалық» тобының ұраны: «Денсалық-ел байлығы»

ІІ бөлім

Денсаулық тақырыбындағы мақал-мәтелдер айтып жарысу.

  1. Сұрап алған аурудың емі табылмас.

  2. Көзің ауырса-қолыңды тый, ішің ауырса-аузыңды тый.

  3. Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшінші байлық-он саулық.

  1. Тазалық-саулық негізі,

Саулық- байлық негізі.

  1. Жан ауырса-тән азады,

Қайғы басса-жан азады.

  1. Жалқаулық-жаман ауру.


ІІІ бөлім

Карточкамен жұмыс.

1-карточка

«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдал, дәрумендері мол жеміс-жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.

2-карточка

Қандай ұлттық спорттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.

3-карточка

Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін құр.

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

ІҮ бөлім «Жарнама»

(1-топ айранды жарнамалайды)

1-оқушы: Айран сүттен жасалады, оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осфы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

(2-топ құртты жарнамалайды)

2-оқушы: Құрт сиырдың сүтінен жасалады, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қтайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

Ү бөлім. «Салауатты өмір салты»

Мұғалім: балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік, дағдыларынды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.

Сұрақтар

«Шымыр» тобына:

Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай?

1-оқушы: Одан сақтанудың жолдары:

-біреудің аузындағы сағызын шайнамау;

Әр адамның жеке орамалы, сабыны, тіс щеткасы болуы керек;

Үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.

«денсаулық» тобына:

Темекі тартудың адамға зияны қандай?

2-оқушы: Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз.Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.

Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша «Денсаулық әліппесі» деп аталатын тірек сызбамен жұмыс жүргізейік.

Денсаулық әліппесі

Табиғи күш дене шынықтыру тамақ тазалық


  1. Табиғи күш: күн, таза ауа, су.

  2. Дене шынықтыру: спорттық және ұлттық ойындар.

  3. Тамақ: сүт тағамдары, жеміс-жидектер, көкөкністер, шипалы сусындар.

  4. Тазалық: сайыстың қорытындысы шыққан тәрізді, назар аударайық! (Сайыс қорытындысы бойынша марапаттау жүргізіледі.)

Мұғалім: Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, мұнымен қатар айнала қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т.б. жолын меңгердік деп ойлаймын.

Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, қоғамымызға пайдалы, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.








© 2010-2022